Современная наука: новые подходы и актуальные исследования



Pdf көрінісі
бет54/107
Дата21.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#169625
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107
Байланысты:
тасболатова 249-256 страницы, 2022

 
Әрбір сөз шеберіне өзіне ғана тән теңеулер 
жүйесі мен оларды мәтінде өзіне ғана тән қолдану ерекшеліктері 
бар. Теңеулер, эпитеттер – жазушы поэтикасының өзіне тән 
элементтерінің бірі. Олар экспрессивті мәнге ие. Қандай да бір 
дүниетанымнан туындай отырып, ассоциативті теңеулер мен 
тұрақты эпитеттерде қашанда автор тұлғасының қолтаңбасы 
болады. Өйткені суреттеу автор позициясы тұрғысынан жүзеге 
асады. 
Көркем 
шығармада 
бейнелеу 
құралы 
ретінде 
қолданылатын теңеулер модальдыққа ие, яғни суреттелетін 
дүниеге 
автордың 
қатынасын, 
позициясын 
танытады. 
Суретшінің картинасында немесе суретте ойдан басқа көңіл-
күйдің берілетіні сияқты, кез келген тілдік образда да, соның 


153 
ішінде теңеулерде де ой нысанының сезімдері, көңіл-күйлері, 
«экспрессивті бағалау контекстегі экспрессиямен байланысты» 
беріледі [4, с. 13]. 
Жазушы 
композициялық 
баяндау 
формаларының 
көмегімен интуитивтік, иррационалды сана тәрізді күрделі 
күйлерді де бейнелеуге тырысады. Шалға өңі, я түсі екені 
белгісіз халде ғашығының Бойжеткеннің жиырма жыл бұрын өз 
махаббаттарынан туғанын, өздерінің қызы екенін хабарлап 
кетуі, Шалдың өз перзентін түйсік арқылы сезуі оны екіұшты 
күйге түсіреді. Қиял мен шындық арасындағы суретшінің өлімі 
де шығарманың жұмбақ сипатын қалыңдатқан. Т.Ахметжан 
символикалық нышандар арқылы өз шығармаларындағы 
нақтылы болмыс пен фантастикалық сарынды үйлестіре біледі.
 
Мысалы, «Нобель сыйлығы» повесінде періштенің жерге түсіп, 
адамдардың ар-ұятын, адамгершілік табиғатын сынақтан өткізуі, 
кейіннен адамдардың ағат тірлігінен қайтадан көкке қайта 
алмауы сияқты фантастикалық сарын мен қазіргі қоғамдағы 
ақшаға, саудаға негізделген қарым-қатынастар шындығы қатар 
өрілген. 
Жазушы бүгінгі сауда заңына бағынған қоғамның рухани, 
адамгершілік көкейкесті мәселелерін жалпы адамзаттық 
деңгейге көтереді. Автордың айтатын ойының ауқымы 
глобальды, жаһандағы проблемалық мәселелерді көтереді. Т. 
Ахметжан адамзатты ежелден толғандырып келе жатқан, қазіргі 
уақытта да аса алаңдатып отырған мәселелерді түбегейлі 
шешуге тырысады. 
«Сұлу мен суретшінің» алтын тіні, арқауы суреткердің 
тағдырына құрылған, кешегі кеңес дәуірінде де, бүгінгі 
тәуелсіздік заманында да ақиқат пен әділдік деген адамның 
адамы ғана жүре алатын жолды таңдаған суреткер деген 
ағайынның айдарынан жел есе қойған жоқ. Ал суреткерге Алла 
тазалық сыйлап, жүрегіне иман береді, сондықтан да 
суреткерлер қоғамнан теперіш көріп жүретін бір тайпа ел. Оның 
қолынан жағаласып алдау, арбау, тиыннан тиын құрау келмейді, 
керісінше суреткер қу мен сұмға ылғи оппозицияда жүреді. 
«Сұлу мен суретші» осындай суреткердің өмірін сомдаған 
шығарма. 
М. Әуезов атындағы академиялық драма театрында 


154 
талантты 
режиссер 
Нұрқанат 
Жақыпбай 
сахналаған 
Талаптанның «Сұлу мен суретшісі» театрдың үлкен бір табысты 
қойылымы болды. 
Талаптан Ахметжан қазақ руханиятындағы өзіндік 
қарапайым, әрі тым сыпайы болмысты әсем әлемін жасап 
үлгерген жан еді. Қатаңдық пен қаталдықты емес, әр жүректегі 
аяр сезімнің отын үрлейтін нәзік лириканы жазды. Оқырман ол 
әлемге қалай еніп кеткенін, көңіл құсының қайтіп шартарапқа 
құйқылжып қалықтағанын білмей қалатын-ды. Ішіне енбесең, 
сыртынан бажайлағанға ондай бақытты сәт бұйырмас. «Аяз 
сүйген көңілімнің әйнегі, көрінбейді көмкерілген қыраудан» 
деген сөзі арнап айтпаса да, осыны аңғартар. 
Қаламгер ортасынан ойып тұрып орын алып, оқырман 
тілегіне сай озық туындыларын ұсынуда да қарманып қалмады. 
Заманының сезімтал суретшісі бола білді. Қауырсын қаламының 
екпіні іштегі тоқырау мен толымсыздықтың шектеуінен емес, 
бес күн жалғандағы болымсыздықтың өткелінен кілт тосылды. 
Жазушылар қауымы жазғанынан жазары көп болатын деді. 
Сонысымен биік, сонысымен асқақ еді...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет