Современная наука: новые подходы и актуальные исследования



Pdf көрінісі
бет52/107
Дата21.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#169625
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   107
Байланысты:
тасболатова 249-256 страницы, 2022

 
Шалдың 
арманшыл да таза, бірақ әлеуметтік ортадан көп таяқ жеп
теперіш көрген сыршыл сезіміне Қожайынның атақ пен ақшаны 
барлығынан жоғары қоятын, жалғанды жалпағынан басып, 
адамгершілік заңдарынан да аттап кете алатын есебі қарсы 
қойылған. Екі кейіпкердің әлемі, екі дүниетаным параллель 
өрбиді. Қожайынның әлемі бүгінгі болып жатқан оқиғалармен 
өзектес болса, Шалдың оқиғасы өткен күндерді қозғайды. 
Екі кейіпкердің әлемін суреттеудің өзіне сай лексикалық, 
стилистикалық бейнелеу құралдары бар.
 
Қожайынға қатысты 


149 
желіде қысқалық, нақтылық басым, бейнелілік аз. Шал 
«әлемінің», ой толғауының композициялық құрылымы, баяндау 
тәсілі кейіпкер өмірінің сезім қозғалысының интонациясын, 
динамикасын танытарлық сөйлем соңындағы леп белгілер... көп 
нүктелер, үзік-үзік ойдың желісі арқылы беріледі. Шал реалды 
болмыстан алшақ, оның өз әлемі бар. Ол қиялдың жетегімен өз 
«әлеміне» саяхат жасайды. Суретші сұлумен кездесетін сарайға 
кіргенде «ертегі әлеміне енгендей». Шалға қатысты желінің тілі 
де әсерлі, оқыс. Әсіресе, Т. Ахметжанның сөздік қорында 
мистикалық «сиқырлы» сөзі маңызды қызмет атқарады. Шын 
мәнінде, жазушы концепциясында өнер мен сұлулық ғажайып, 
сиқырлы күшке ие. 
Шығармада Шалға контраст бейне – Қожайын.
 
Шал 
қандай адал да таза, достық пен махаббатқа берік, сезімтал, 
материалдық байлықтан гөрі рухани бастауды жоғары қоятын, 
өмірге икемсіз адам болса, қожайын – соншалықты арам, залым, 
таза сезімдерден гөрі атақ пен даңқты, материалдық байлықты 
сүйетін, махаббатта тұрақтылығы жоқ тұрлаусыз адам. Шал да, 
оның ғашығы да көбінесе қалыптағы адамдардан өзгеше
ерекше, үлгілі кейіпкерлер қатарында екенін көреміз. Зерттеуші 
Ш. Елеукенов бүгінгі әдеби процесте махаббат тақырыбына 
жазылған романтикалық әуені басым шығармалардың бар 
екенін, оның ішінде «Сұлу мен суретшіні» «ішкі тартысы 
символистік зор мәнді әрекетпен аяқталатын» шығарма 
қатарында атай отырып, Шалдың романтикалық мінез 
ерекшелігі турасында былай дейді: «Талаптан туындысы адам 
жаны мен тәнінің екі ұдайылығын еске салады. Ұлы Абай 
айтқан «мен» және «менікі» арасындағы мәңгі қайшыластық 
заманына қарай не асқынады, не бәсеңсиді. Шал – 
романтиканың адамы. Қожайын секілді «боқтың қабы» емес.
 
Рухани адам. Ал тиынтебенді тәңірі еткен нарық заманында 
ондай идеал адамның қалыпты өмір сүруіне жол қайсы... 
дегізеді» [1, с. 189]. 
Шығармада мистикалық «сиқырлы күй», әуен маңызды 
орын алады. Осы таңғажайып, мұңды күй Шалдың құлағынан 
«Жұмбақ келіншекті» салып жатқан кездері де сыңсып кетпей 
қояды. «Мынау тап сол күй... таныс әуен... Жүрек суырар сазды 
күй... Міне, көктен қырандай сорғалаған алапат күш жанын зіл 


150 
батпан салмақпен жаншыды-ай. Өткір тырнақтың улы бізі 
қабырғасына қадалған сайын тынысы тарылып, жүрегі қапасқа 
түскендей тыпыршыды-ай. Ең соңғы дем, ақтық дем... қазір 
қапасқа жарық сәуле түспесе бәрі біткені... Қиналыс... аласұру... 
жанұшыра жарыққа талпыну... Үзілді-ау, әттең, үзілді-ау... жо-
жоқ, тар қапасқа нәзік бір сәуле түсті... бастыққан балапан көңіл 
қайтадан қанат қаға бастады; алып бүркіттің өткір тұяғы жазыла 
берді; ақ нұр бойға қуат дарытты; бебеулеген мұңды әуен 
салқын сабырға көшті де, екі күш таразы басында алма-кезек 
алмасып жеңіліс таба алмай тоқтады; біраз уақытқа дейін 
тербеліп тұрып аяқ астынан бөгетті бытшыт қылған селдің 
жойқын қуатындай тылсым күш қолтықтан демеп әкеткенде 
қыстыққан сырлы әуен қалықтап көкке бір-ақ шықты... 
Еркіндік... шексіздік... мәңгілік... мың құбылған кербез әуен 
қанатын сусылдата қаққан аққудай күнді айналып қалықтап 
барады... Күй әуенімен қоса шалдың да жаны күнді айналып 
қалықтап бара жатқандай...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет