Экология және өмір қауіпсіздігі


Газқағарларды күтіп қарау және оларды сақтау



Pdf көрінісі
бет81/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Газқағарларды күтіп қарау және оларды сақтау 
Газқағарды күтіп қарау: қатты соққылардан сақтау, күтіп қарау, қолданып болған 
соң барлық бөлшектерін құрғақ етіп сүрту, ылғал жерде сақтамау және жоғары 
температуралы заттардан алшақ ұстау. 
Газқағар уландырғыш заттармен зарарланса химиялық қарсы пакеттегі 
сұйықтықпен, радиобелсенді заттармен зарарланған жағдайда сулы шүберекпен сүртіледі, 
дезинфекциялық арнайы ерітінділерімен өңделеді. 
Өндірістік газқағарлар 
Шаруашылықта ауада кездесетін зиянды заттардан жеке тұлғаны қорғау кезіндегі, 
өнеркәсіптің түрлі саласындағы, ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың көру және 
тыныс алу ағзаларын қорғайтын өндірістік сүзгіш газқағардың бірнеше түрі кездеседі. 
Өндірістік газқағарлар азаматтық газқағарлардың бет бөлшектерімен қамтылады. 
Улы заттардың құрамына қарай арнайы мамандандырылған газқағар қораптары өзінде бір 
немесе бірнеше сіңіргіштер, кейде бір сіңіргіш және аэрозольді сүзгіш ұстайды. 
Қораптарды сыртқы көрінісіндегі түрлі бояулары мен әріптік таңбаларына қарай 
ажыратады. Қораптар маркасы арқылы танылады. Олар пайдаланылғанда аэрозольдерге 
қарсы сүзгішпен (АҚС) бірге (немесе онсыз) шлем-маскаға қосылады. 
 
Респираторлар 
Респиратордың бірнеше түрі бар. Олар тыныс алу ағзаларын радиобелсенді және 
топырақ шаңынан сақтандыру үшін қолданылады. Азаматтық қорғаныс жүйесінде ересек 
адамдар үшін Р-2, ШБ-1 респираторлары кеңінен тараған. 


101 
Р-2 респираторы өздігінен сүзгіш жартылай маска тәрізді. Маска сақтандырғыш 
экраны бар, екі тыныс алу және бір тыныс шығару клапанымен жабдықталған. Жартылай 
масканың сырт бөлігі жасыл түсті полиуретандық пенопластан, ал ішкі бөлігі ауа өткізетін 
полиэтилендік жұқа қабықшадан тұрады, онда екі тыныс алу клапаны орналасқан. 
Полиэтилен мен полиуретан арасында полимерлік талшықтардан сүзгіш орналасқан. 
Респиратордың тыныс мүшелеріне масканы қысып тұратын мұрын қысқышы бар. 
Респиратордың әрекет принципі бойынша шаңдар масканың сүзгіш – полимерлік 
қабатынан тазаланып өтеді. Тазартылған ауа тыныс алу клапаны арқылы жартылай 
масканың ішкі кеңістігіне тарайды. 
Тыныс шығарылғандағы ауа тыныс шығару клапаны арқылы сыртқа шығады. Р-2 
респираторы беттің биіктігі өлшену арқылы үш мөлшерлі болады: 1 – 99-109 мм; 2 – 109-
119 мм; 3 – 109 мм-ден жоғары. Азаматтық қорғаныстың сұрауы бойнша қосымша 
кішкентай жастағы балалар үшін нольдік мөлшердегі респираторлар дайындалады. 
Қолға берілгенге дейін респираторлар заводтық орауда ауызы бекітілген 
полиэтилендік пакетте сақталады. Қолданған респираторды полиэтилен пакетке салып, 
аузын пластмасса сақинамен бекітеді. Осы күйде респиратор газқағар қапшықта, 
газқағардың бет бөлігі астында сақталады. 
Р-2 респираторын қолданбастан бұрын оны тексеру керек. Жартылай масканы бетке 
кигенде мұрын мен иек оның ішіне сыйып, бір белбеуі бастың жоғары бөлігінде, екіншісі 
бастың төменгі жағында орналасады. Егер маска үлкен болса, оның белбеуін қысқартып, 
мұрынды қысқышпен қысып қояды. Респираторды кию «Респираторды ки!» - деген 
бұйрықпен немесе өздігімен жасалады. Респираторды кию барысында жартылай масканы 
бетке қатты қысып қоюға, қысқышты қатты басуға болмайды. Респираторды қолданып 
болған соң оны дезактивациялау – жартылай масканың сыртқы бөлігінен шаңды щеткамен 


102 
немесе қолмен сілкіп кетіру керек. Ішкі бөлігін тампонмен сүртіп, кептірген соң полиэтилен 
пакетке салып, аузын сақинамен бекітіп, газқағар сөмкесіне салып қою керек. Р-2 және У-
2К – силикаттық, металлургиялық тау кеніндегі, көмір, радиобелсенді және т.б. шаңдардан, 
бактериологиялық құрамдардардан, дусттан, ұнтақ тәрізді тыңайтқыштан сақтайды. 
ШБ-1 респираторы («Лепесток») Чернобыльде АЭС-да болған апатты жою кезінде 
жақсы қолданылған. Бұл бір рет қолданбалы мөлшерсіз респиратор. Сүзгіш элементтің 
орнына Петрянов матасы қолданылған, ауа барлық бетімен тазартылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет