Тыныс алу ағзаларын қарапайым түрде қорғау әдістері
Тұрғындардың
өздерімен
дайындалады.
Радиобелсенді
заттар
мен
бактериологиялық құралдардан тыныс алу ағзаларын баршаны қорғауда ұсынылады.
Уландырғыш заттардан қорғау кезінде респираторлар сияқты олар да жарамсыз болады.
Тыныс алу ағзаларын қарапайым түрде сақтау кезінде шаң-тозаңға қарсы матадан тігілген
маскалар мен мақта-дәкеден тігілген таңғыштар қолданылады. Әрбір адам бұларды тұрған
жерінде немесе жұмыс істейтін жерінде дайындап қоюы тиіс.
Тыныс алу ағзаларын сақтандыру үшін қарапайым құралдарды дайындау мен қолдану
Қолда газқағарлар болмаған жағдайда тыныс алу ағзаларын радиобелсенді шаң-
тозаңнан қорғайтын мата-маскаларды және мақта мен дәкеден тігілген таңғыштарды
қолдануға болады. Оларды тұрғындар өздері үй жағдайында дайындап алады.
Шаң-тозаңға қарсы мата маска екі негізгі бөлімнен – корпус пен бекіткіштен тұрады.
Корпус бөлігінде шыны немесе мөлдір пленка қойылған көретін екі саңылау бар. Масканың
корпусы 4 рет қабатталған матадан тігіледі. Жоғарғы және төменгі қабаттары ақ түсті шыт
матадан немесе бояуы оңбайтын бөзден алынады. Ішкі қабаты – тығыз шыт немесе жүн
матадан: бумазей, фланель, сукно және тағы басқа қатты материалдардан дайындалады.
Бекіткіш бөлігі үшін бір қабатты шыт мата жарайды. Масканың бетке тығыз тұруы
резіңкенің көмегімен атқарылады: жоғары тігістегі резіңке мен төменгі баулар, сондай-ақ
масканың жоғарғы бөлігінің бұрыштарына резіңке тігілген.
Маскалар 7 түрлі мөлшерде тігіледі. Оның мөлшері беттің биіктігіне байланысты:
Беттің биіктігі (мм)
Масканың мөлшері:
80-ге дейін
1
81-90
2
91-100
3
103
101-110
4
111-120
5
121-130
6
131 және одан жоғары
7
Дайын болған масканы толық тексеріп, өлшеп көреді.
Оқытушы масканы дайындауды және қолдануды айтып, көрсетеді. Масканың
корпус бөлігі мен бекіткішін пішу үшін дайындалып жатқан масканың мөлшеріне сай
матаның бөлшектері алынады. Мысалы 5-мөлшерлі маска үшін: корпус қабаты үшін –
23х28 см, бекіткішке – 28х56 см. Осы ПТМ-1 масканың корпусы мен бекіткішін лекал
арқылы пішеді, шетінен 1 см артық алынады. Лекал матаның бетіне корпустың көретін
саңылауы негізгі жіптің бағытына сәйкес келетіндей етіп қойылады. Алдымен корпустың
көретін саңылауы дайындалады. Ол үшін, масканы, масканың жоғарғы сол жақ қабатының
теріс жағын корпустың ішкі қабаттарының бірінің сол жақ бөлігіне беттестіріп қояды. Пішу
кезінде белгіленген көру тесігін бір тігіспен жүргізіп, тігістен 0,5 см қалдырып кеседі.
Жоғарғы қабатын кесілген ойықтан өткізеді де, 0,2 см қалдырып екі қабатын қосып тігеді.
Сол жақтағы төменгі және басқа ішкі қабатындағы көру ойықтары мен масканың
корпусының оң жақ екі бөлшегі де осы жолмен тігіледі. Егер корпустың үш қабаты болса,
онда көру ойығының төменгі қабаты матаның екі ішкі қабатымен бірге тігіледі.
Осыдан кейін корпустың оң және сол жағын біріктіріп тігеді. Бұл үшін екі бөлігін
де, мысалы, маска корпусының сыртқы бөлігінің жоғарғы жағын ішке бүктейді де шетінен
0,8 см аралықта төмен тігеді.
Тігісті қайталап жақсылап тігу үшін алдымен үш тігісті – екі жағының (оң және сол)
жоғарғы қабаты мен бір ішкі қабатын тігіп шығу ұсынылады. Сол жақтың ішкі қабатының
ұшы бір шетке майыстырылып қояды. Екі жағын біріктіріп болған соң корпусты оң
қаратады. Алдын-ала ішкі сол жақ қабаттың бір шетін ішкі оң жабатымен беттестіріп, төрт
қабатын бірден бірінші тігістен 0,1-0,2 см қашықтықта тігіп шығады.
Маска корпусының оң және сол жағының төменгі бөлігі де дәл осылай тігіледі. Кейін
маска корпусының ішкі және сыртқы бөліктері біріктіріледі. Бұл бөліктер бір-біріне теріс
жағымен қойылып, астыңғы және жанынан 1 см қалдырып, көру ойықтары тігіледі. Кейін
пайда болған қалтаға шыны (плексиглас пластина, целлулоид немесе басқа да мөлдір
материал) салып, көру ойығының жоғарғы жағы 1 см қашықтықта тігіледі.
Масканың сыртының шеттері мата бауымен көмкеріледі. Мата бауды масканың
төменгі қабатына бет жағымен 0,6-0,8 см шеттен қалдырып тігіп шығады. Канттың (шет
тігісі) кеңдігі масканың алдыңғы жағынан 1 см-ге тең болу керек.
Масканы біріктіріп тігу – вытачкалары мен шлицаны, төменгі және жоғарғы шетін
біріктіру. Масканың вытачкасы берік болу үшін екі тігіспен тігіледі: алдымен беткі
қабатының, оң жағын арасын 0,4-0,5 см, кейін оны теріс айналдырып, оны жөндеп
бекітілген шетінен 0,6-0,8 см аралықта.
Шлицаны тігу үшін алдын-ала пішілген матаның ұзынша бөлігін масканың бекіту
қабатына оң жағымен үстіне қояды да, ортасы мен төменгі жағын қосып кесілген тұсынан
0,5 см аралықта үш жағынан тігіс жүргізеді. Одан кейін шлицаны тігістің ортасынан кеседі,
обтачкасын теріс қаратып 0,1-0,2 см қашықтықта тігіспен бастырып шығады. Обтачканың
жанындағы және жоғарғы шетін қайырып 0,5 см арада бір тігіспен тігеді.
104
Маска бекітудің жоғарғы және төменгі шеті теріс жағынан 2 см ішке қарай тігіледі.
Төменгі шетін тігіп болған соң, бауды немесе белбеуді оның жанына қосып тігеді. Тігілген
жоғарғы бөлігінен резіңке өткізіп, оның жанына тігеді.
Масканың корпусын бекітудің екі жанынан екі тігіспен тігіп, қосады. Кейін маска
корпусының жоғарғы бұрышына көлденеңінен резіңке масканы киетін адамның басының
мөлшеріне сай тігілуі керек.
Масканы тігін машинасымен немесе қолмен тігуге болады. Машина тігісінің жиілігі
1 см-де 4-5 тігіс, ал қол тігісінде 3-4 тігіс болу керек. Тігіс түзу (бірдей) және тігіс тасталмай,
тесік болмау керек. Сөгіліп кетпеу үшін әр тігістің соңы бекітіледі.
Дайын болған масканы жөндеп, артық жіптерін кесіп, тексереді де өлшеп көреді.
Дұрыс тігілген масканың шеті маңдайға жабысып тұруы керек және самайға, жаққа ені 3-
см-ден кем болмай жабысып тұрады. Масканы сақтау үшін қапшық тігіледі.
ПТМ-1 маскасын келесі үлгіде киеді. Бас киімді шешеді, көлденең резіңке мен
масканың бекітілуі сыртқа қаратылады, бекіткіштің төменгі бөлігін екі қолмен ұстағанда,
бас бармақ сыртқа қаралып тұрады. Маска корпусының төменгі бөлігін иекке қойып, екі
алақанмен самайға тартып басқа киеді. Маска бетте еркін тұратындай етіп басқа көлденең
резіңкені тартып, бастағы бекіткішті туралап шүйке тұсындағы белбеуді байлап қояды.
Масканың көру ойықтары жақсы көру үшін көзбен тұспа-тұс тұруы керек. Онан соң бас
киім киіледі. Ойықтардағы шыны терлемес үшін масканы киер алдында оның (шыны) ішкі
бетін арнайы «қаламмен» немесе сабынмен сүртеді. Масканы қыста қолданғанда ол
суланады, артынша ылғалдың көп бөлінуінен корпустың алдыңғы бөлігіне мұз қатуы
мүмкін. Мұздың қатуын болдырмас үшін оны жиі-жиі қолмен жылытып тұрған жөн.
Қауіп сейілген кезде масканы команда бойынша немесе өздігінен шешеді. Шешілген
масканы теріс қаратып қалтаға (дорба) немесе соны сақтауға арнайы тігілген қапшыққа,
пакетке салып қояды. Мүмкіндігінше масканы дезактивтендіру (тазалап немесе
радиобелсенді шаңды қағып тастау) керек те, кейін ыстық суға сабындап жуып, бірнеше рет
суды ауыстырып шаю қажет.
Кептірілген масканы қайта қолдануға болады.
Уақыт тығыздығына байланысты оқушылар оны дайындап үлгермейді. Сондықтан
оқытушы дайын масканы, пішілген масканың үлгісін, плакат немесе диафильм
пайдаланады. Кейін ол (оқытушы) масканың пішілген дайын үлгілерін беріп, үйде тігіп
келуіне тапсырма береді.
Мақта-дәке таңғыштар. Оқытушы таңғышты қалай дайындау керектігін түсіндіріп
көрсетеді. Ұзындығы 100 см, ені 50 см үлдірек алынады; 30х20 см ортаңғы бөлігіне
қалыңдығын 2 см-дей етіп, тегістелген мақта салынады. Мақтаны жабатындай етіп дәкені
қайырады; мақтадан бос жерін дәкенің ортасы екі жақтан 30-35 см ұзындығынан қиылады.
Мақта болмаған жағдайда дәкеден таңғыш дайындауға болады. Ол үшін мақтаның
орнына 5-6 қабат үлдірек салынады.
Таңғышты төменгі жағы иекті жабатындай етіп, ал жоғарғы жағы көзден төмен
мұрын мен ауызды жабатындай етіп байлау керек. Кесілген ұштары былай байланады:
төменгі жағы – бастың төбесіне, жоғары жағы – желке тұсына. Бет пен таңғыш арасындағы
ашық саңылауды мақтамен жабуға болады. Таңғыш қолданғанда көзді сақтандыру үшін
шаң-тозаңға қарсы түрлі құрылымдағы көзілдірік пайдаланылады. Көзілдірікті өздігінен
дайындауға болады. Ол үшін шыны немесе жұқа пленканың кесіндісіне поролоннан
105
(0,2х0,2 см) жасалған жолақ жабыстырылады. Зарарланған таңғышты шешкен соң құрту
керек.
Шаңға қарсы матадан тігілген маскалар балалар үшін де ересектердікі сияқты
тігіледі. Балаларға арналған маскалар үш түрлі мөлшерде болады.
Беттің биіктігі, мм
Масканың мөлшері
80-ге дейін
1
81-90
2
91-100
3
100 мм-ден асық бет биіктігіне маска ересектер үшін қолданылады. Маска 3-тен
жоғары жастағы балаларға арналады.
Балалар үшін таңғыш ұзындығы мен ені 80х40 см дәкеден, мақта 20х15 см дәкеге 1-
2 см қалыңдықта салынады. Қорғау құралдарының жеткіліксіз екендігін айтып, балаларды
сол әдістерді пайдаланып, онда ұзақ уақыт тұратынға дайындау керек. Әсіресе бұл мектеп
жасына дейінгі балаларға тиісті.
Противогаз қолда болған жағдайда ата-аналар баласына оны қолдануды үйрету
керек. Бұл жағдайда баланың психологиялық, физиологиялық және жасына тән
ерекшеліктерін еске алған жөн. Аса үлкен қиындықтар әсіресе бала противогазды бірінші
рет киген кезде байқалады; кішкентай жастағы бала ата-анасын немесе өзін противогаз
кигенін көріп жылап, әуре қылуы мүмкін. Мұндай кезде шыдамдылық таныта білген жөн;
баланы үйрету кезінде «космонавт»сияқты ойындарды басшылыққа алуға болады. Үйрету
сабағы бала абыржи бастаған кезден тоқтатылуы керек. Үйрету барысында балаға қатты
сөйлеп, противогазды күштеп кигізуге болмайды.
Мектеп жасындағы балаларды үйрету оңай соғады. Екінші кластағы балаға
противогаз киюді, оны шешуді үйретеді. Ал бесінші класс оқитын балалар көп нәрсені
білетін, көрген. Олар қорғаныс тәсілдерін белгілі дәрежеде меңгерген. Бұл үйретулер
мектепте, балалар лагерлерінде және әскери спорттық ойындарға сүйеніп үйретіледі,
өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |