Экология және өмір қауіпсіздігі


Жеке тұлғаны қорғаудың медициналық құралдары



Pdf көрінісі
бет85/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Жеке тұлғаны қорғаудың медициналық құралдары 
Жеке тұлғаны қорғаудың медициналық құралдарына мыналар жатады: жеке 
тұлғаның дәрі қобдишасы, жеке тұлғаның химиялық заттарға қарсы пакеті, жеке таңғыш 
пакет. 
Жеке тұлғаның дәрі қобдишасы (АИ-2) күйік, жарақат алғанда немесе уландырғыш, 
радиобелсенді заттардан, бактериологиялық құралдардан алдын-ала сақтандыру немесе 
әлсіздік кезінде өздігінен көмек үшін қажет. Қобдишаның дәрі-дәрмектер жиынтығы 
киімнің қалтасында алып жүруге өте ыңғайлы пластмассадан жасалған қорапта орналасқан 
(мөлшері мүлдем үлкен емес 100х90х20 мм, салмағы 130 г дейін). Күн суық кезінде қорапты 
ішкі киімнің қалтасына салады, себебі суықтың әсерінен қораптағы сұйық дәрі қатып қалуы 
мүмкін. Қобдишаның даруларын басқа да алдын-ала сақтандыру шараларымен бірге 
қолдану керек. Жансыздандыратын (аурусыздандыру) құрамдар шприц-тюбикте болады. 
Оны зақым алған адамның шок кезінде немесе шоктың алдын алу, одан сақтандыру 
мақсатында қолданады (1 ұяшық). Фосфор органикалық заттардан улану кезінде 
қолданылатын құрамдар 2-ші ұяшықта орналасқан. Оның біреуін химиялық қауіп кезінде 
(противогаз киюмен бірге), екіншісін улану белгілері күшее түскенде қолданады. 
Бактерияға қарсы №2 құрал 3-ші ұяшықта орналасады. Оны сәулелену салдарынан асқазан-
ішектердің қабынған кезінде бірінші тәулікте 7 таблеткадан, кейінгі 2 тәуліктерде 4 
таблеткадан ішеді. 


109 
№1 радиоқорғаныс құралы (4-ші ұяшық) сәулелену қауіпі жағдайында бір рет 
қабылданған кезде 6 таблеткасын, жаңадан сәулелену қауіпі туса 4-5 сағат өткен соң 6 
таблеткадан қабылдайды. №1 бактерияға қарсы құралы (5-ұяшық) бактериологиялық 
құралдарды қолданғанда және жарақаттанған кезде, күйік алғанда жұқпалы ауруларға 
қарсы, алдымен 5 таблеткадан, кейін 6 сағат өткен соң 5 таблеткадан қабылдайды. 6-
ұяшықта №2 радиоқорғағыш құрамдар орналасады. Оны радиобелсенді тұнба түскеннен 
кейін күніне 1 таблеткадан 10 күн ішеді. Құсыққа қарсы (7-ші ұяшық) құрамдар бір 
таблеткадан сәулелену керісінен реакция алған кезде және бастан соққы алғанда жүрек 
айныған кезде қабылдайды. 
Шприц-тюбик тері астына немесе бұлшық етке емдік құрамдар ендіру мақсатында 
қолданылады. Оның құрылысы: зарарсыздандырылған инъекциялық ине, инені қорғап 
тұратын қалпақша, корпустың басындағы канюля, дәрілікпен толтырылған герметикалық 
жұқа қабатты пластмасса корпус. Шприц-тюбикті қолдану үшін сол қолға канюляны алып, 
оң қолмен шприц-тюбикті сағат тілінің бағытымен соңына дейін бұрайды (осы кезде ине 
мембрана арқылы препаратқа енеді). Иненің қалпақшасын жаймен бұрап алады. Тюбикті 
жоғары көтеріп ұстап корпустың ішінде ауа қалмағанына көзді жеткізіп алған соң теріге 
салады. Тюбикті саусақпен қатты қысып, оның ішіндегі сұйықты салып, саусақты босатпай 
инені суырып алады. 
Пеналдардың түстері мен пішіндері керегін тез тауып қолдануға (сондай-ақ, түнде 
де, қараңғы жерде де) және бір қол саусақтарымен ашып-жабуға өте оңай да ыңғайлы. 
Жеке тұлғаның химиялық қарсы пакеті киім мен терінің ашық жеріне түскен 
уландырғыш заттардың сұйық тамшыларын тазалау үшін қолданылады. Оның құрамында 
дегазацияға арналған, ерітіндісі бар125-135 мл көлеміндегі жалпақ шыны ыдыс және 4 
мақта-дәкеден жасалған тампон кіреді. Шыны ыдыс пен тампондар герметикаланған 
полиэтилен пакетке салынады. Оны қолданған кезде тампонды газсыздандыру 
ерітінділерімен сулап, тері мен киімді сүртіп шығады (зарарланған жерін). 
Бұл ерітінділердің сулы екендігін есте сақтаған жөн. Ол көзге тиген жағдайда ауыр 
зардапқа әкеп соқтырады. Сондықтан көздің айналасындағы теріні ерітіндімен сүртіп 
болған соң, оны жуып жіберіп құрғақ тампонмен сүртеді. 


110 
Жеке таңғыш пакет жарақаттанған кезде және күйген жағдайда көмек көрсету үшін 
ұсынылады. Ол бинттен, мақта-дәкеден жасалған екі кішкене бөлшектерден, чехол және 
түйрегіштен тұрады. Мақтаның бір бөлігі бинтке бекітілген болса, екінші бөлігі бинттің 
бойымен қозғала береді. Қажет болған жағдайда пакетті алып, одан бинт пен 
зарарсыздандырылған жастықшаларын алып, қолмен оның беткі бөлігін ұстамай 
қолданады. Бір жақты түрдегі жарақат алғанда мақтаны бір-біріне немесе бірін екіншісінің 
жанына, ал өтпе жарақат кезінде жастықшалар жараның екі қарама-қарсы жағынан ішкі 
бетімен қойылады. Бинтпен орап болған соң, бинттің ұшын түйрегішпен қыстырып қояды. 
Пакеттің сыртындағы полиэтилен қабықша кеуде сарайының жарақаттануы кезінде 
герметизациялау үшін қолданылуы мүмкін. Кеуде сарайының қабынуының белгілеріне 
жарадан қанаралас көбікті сұйық шығуымен бірге еріннің көгеруі жатады. 
Әр отбасына арналған дәрі қобдишасы 
Әр үйде дәрі қобдишасының бар болғаны жөн. Түрлі жазатайым жарақат алғанда 
(жеңіл болсын, ауыр болсын) табан астында керек құрал табыла қойғаны әрине жақсы. Ал 
төтенше жағдай бола қалғанда дәрі-дәрмектердің және басқа да медициналық құралдардың 
керегі сөзсіз. Үйдегі дәрі қобдишаны дайын түрінде эвакуация кезінде өзімен бірге алып 
кету керек. Қобдишаның құрамына тоқталсақ мұнда әркім өзінің ауруына керек дәріні 
ұстайды, мысалы жүрегі нашар адамдар жүрекке көмек беретін валидол, корвалол, 
валокардин сияқты дәрілерді. Сонымен бірге кейбір құралдар әр қобдишада болуға тиіс 
және олардың қолдану мерзімі ескеріледі. 
Мысалы үшін мынау құрамды ұсынамыз: 
1.
Аурусыздандыру, қабынуға қарсы, дене қызуын басатын ретінде – амидопирин, 
анальгин, пентальгин, баралгин; 
2.
Суықтап қалғанда, тұмау тигенде – аспирин, парацетамол; 
3.
Адсорбент ретінде – активтендірілген көмір – асқазан арқылы уланып қалғанда 
пайдаланылады; 
Бесалол – іш-қарын ауруларын аурусыздандыратын құрал ретінде. 
4.
Калий перманганаты (марганцовка) – ерітінді түрінде жараларды шаюға, ауыз 
бен тамақты шаюға, уланғанда асқазанды тазалау үшін қолдан құсқызу кезінде; 
5.
Иод (5%-тік спирттік ерітіндісі) - антисептик; 
6.
Мүсәтір спирті (нашатырь) – естен танғанда, көміртек тотығынан тұншыққанда 
иіскетеді; 
7.
Натрий гидрокарбонаты (ас содасы) – асқазан қыжылдағанда (изжога) тамақты 
шаяды; 
8.
Синтомицин майы (эмульсиясы) – күйіктер мен үсіктерге ұшырағанда; бұл 
жағдайларға арналған басқа да жаңа, қолдануға өте қолайлы құралдарды дәріханаларда 
табуға болады; 


111 
9.
Іш өткізетін құралдар; 
10.
Одеколон – тез арада қолдарды зарарсыздандыру, дезинфекциялау үшін; 
11.
Температураны өлшейтін құрал - термометр; 
12.
Көзге тамшы құятын пипетка; 
13.
Таңғыш материалдар: дәке бинттері, орамалдар, гигроскопиялық мақта (ылғал 
жұтқыш) – бұл материалдардың бәрі екі түрлі болады – кәдімгі және зарарсыздандырылған; 
14.
Лейкопластырь бактерицидтік – майда кесіктерге, соққылардан пайда болған 
жараларға; 
15.
Лейкопластырь зарарсыздандырылмаған – жараның үстіне ұсақ таңғышты ұстап 
тұру үшін; 
16.
Қанның қатты ағысын тоқтатуға арналған резіңке жгут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет