Экология және өмір қауіпсіздігі


-лекция  Т ақырыбы: Халықты қорғау, халықты және мүлікті көшіру. Халықты қорғаудың



Pdf көрінісі
бет86/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

14-лекция 
Т ақырыбы: Халықты қорғау, халықты және мүлікті көшіру. Халықты қорғаудың 
негізгі принциптері мен әдістері. 
 
Қорғаныс (немесе паналау) ғимараттары халықты ЖҚЖҚ-дың зақымдайтын 
факторларынан қорғайтын ең тиімді тәсіл болып табылады. Олар алдын ала арнайы 
салынған ғимараттар және қорғау қасиеттеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Отбасына арналған баспана 
 
Ауылдық жерде және ірі қалалардың шет жақтарында тұратын адамдар жеке 
салынған үйлерінің маңына немесе астына әдетте жертөле салып қояды. Жертөлелер 
тұрмыстық шаруашылыққа өте қажетті және ыңғайлы құрылыс, оны үй иелері қысқы 
мерзімде (жазда да) түрлі азық-түлік өнімдерін сақтауға пайдаланады. Ақыр жертөле 
салынатын болғандықтан оны бірден жаппай зақымдаушы қарулардың зиянды әсерлерінен 
қорғауға бейімдеуі дұрыс сияқты. Сонда бейбіт уақытта жертөлелер тұрмыстық 
шаруашылыққа жарап, соғыс кезінде қорғау баспанасына тез арада айналдыруға икемді 
келеді. 
Жертөле үйден бөлек салынатын болса ол біршама алысырақ, су баспайтын, салқын 
сулар құйылмайтын құрғақ жерден тұрғызылуы керек. Ең дұрысы, оны адам тұруға 
ыңғайлап екі бөлмелі қылып (бірі – үлкенірегі негізгі бөлме болып саналады, екіншісі – 
дәліз ретінде, ауыз үй болуға тиісті), ішін таза етіп, бір отбасының мүшелері сиятындай 
істеудің артықшылығы жоқ.. Жер төле салынатын жерде ор қазылады, оның тереңдігін 
есептегенде төленің төбесі жердің бетінен шамада бір метрдей төмен түсуі керек. 
Құрылыстың қабырғалары бетоннан, қалыңырақ болып құйылса тіпті жақсы, ал 


112 
кеміргіштер, әсіресе атжалман (егеуқұйрықтар), азық-түлік өнімдеріне жетпеуі үшін кей 
кезде еден де цементтелінеді. Мұндай жағдайда еден мен қабырғалары біртұтас құйылғаны 
жөн. Сонда жан-жағынан су (жер асты сулары) өтпейді. Бөлмелердің төбесі темірбетон 
плиталармен жабылып, оның үстін су өткізбейтін қара қағазбен қаптайды не қара 
шайырмен (битум) жалатады. Әрине бұл жұмыстар әр отбасының қолынан келе бермейді, 
ондай жағдайда басқа да, жеңіл құрылыс материалдарын пайдалану керек. 
Жоғарыда айтылғандай төбесі мен жер беті арасын топрақпен толтырып және одан 
да асырып төмпешік қылып үйеді. Төмпешіктен ағып түскен жаңбыр суы шеттерінен 
жасалған арықтар арқылы басқа жаққа ағып кетеді. Жертөлеге түсетін баспалдақ жолы 
қақпақпен жабылады, бұдан басқа төменде тағы екі есік орналастырылады. Қақпақ та, 
есіктер де қорғағышты-тығыз, саңылаусыз жабылуға тиісті. Егер есіктер ағаштан 
жасалынған болса, олардың төмен жағы қаңылтырмен қапталады. Бұл кеміргіштер мүжіп 
өте алмайтынның амалы. Төленің ішіндегі ауаның ауысуына зор көңіл бөлінеді, өйткені 
адамдар отырған кезде демалудан ауа тез арада тарылып қалады. Сондықтан, төлені табиғи 
жолмен желдету үшін бөлмеден далаға шығатын екі мұржа қарастырылады. Біріншісі 
сырттан ауа келетіні – жер бетінен 1,5 метрдей биіктікке көтеріледі, ал төле жағы еденге 
дейін түседі; бұл мұржаның табанына ауамен бірге өткен шаң-тозаң шөгеді, сондықтан 
бөлмеге ауа келетін ауызы еденнен біршама (0,5 м) биіктеу болғаны дұрыс. Мұржаның 
ішінде шаң ұстайтын бірнеше қабатталған дәке сүзгі бекітіледі. Мұржаның екіншісі – 
сыртқа ауа айдайтыны – жер бетінен 2-3 метрдей биіктікке шығып тұрады, төменгі ауызы 
төленің төбесінен 20-25 см төмен орналасады. Өстіп қойылған екі мұржа арқылы төле ауасы 
өзінен - өзі ауысып тұрады: биік мұржамен ауа төленің ішінен жоғарыға шығуға тырысады 
да, ал пәс мұржаның еденге жақын аузынан сырттан келген ауа оның орнын басады. 
Мұржалардың жоғарғы ауыздарының үстінен қалпақшалар орнатылады (тікелей жаңбыр 
суы құйылмауы үшін), одан пәсірек алмалы-салмалы темір тор қойылыды және төленің 
ішінен жауып-ашылатын ысырмалар керек. Аса қауіпті жағдайда, мысалы ауа ауысуы 
улағыш газдарды келтіретін уақытта, ысырмалар 2-3 сағатқа итеріліп қойылады да ауа 
ағынын тоқтатады. Төленің ауыз тамында сырттан келген адам киімін, жеке қорғаныс 
құралдарын, аяқ-киімін шешіп, беті-қолын жуып-шайып ішке кіреді. 
Жер-төленің негізгі бөлмесінде бірнеше деңгейде орналасқан ыдыс-аяқ, тағам 
өнімдерінің қоры, су сақтайтын сиымдылықтар және тағы да басқа заттар тұратын сөрелер 
құрастырылады, адамдар жататын нарлар, отыратын орындықтар, үстел қойылса да болады, 
медициналық қобдишасын ұмытпау керек. Қысқаша айтқанда төле отбасы 3-4 тәулік бойы 
қиналмай тұрып шығуға бейімделген болуы керек. Азаматтық Қорғаныс штабының және 
басқа органдардың хабарын алуға, сыртта болып жатқан жағдайлар туралы білу үшін 
жертөленің ішінде радиоқабылдағыш болғаны жөн. Сондықтан алдын-ала сыртта антенна 
тұрғызып, одан төленің ішіне кабель тартып қою керек. Радиоқабылдағыш, жарық беретін 
шамдар батарей арқылы істесе, сыртқы электр жүйесіне тәуелсіз болады. 
Осы бейнеленген жертөле құрылысы басқа күрделі қорғаныс ғимараттарының 
кішкентай үлгісі болып табылады, олардың бәрі осы принциппен салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет