121
шайынды сулармен ластануда. Топырақ пен ауылшаруашылығы жерлерін улы химикаттар
улауда, сонымен қатар тұрғын үйлерді, өнеркәсіптер мен транспорт магистральдарын салу
үрдісінде құртылады. Бірте-бірте
ормандардың ауданы қысқарып, өзендер таяздануда.
Адамның өмір сүру ортасы бара-бара үлкен ауқымда шумен, электромагниттік өріс және
радиоактивті сәулелермен ластануда; қышқыл жаңбырлар жаууда, озон қабаты бүлінуде,
оттегінің қоры азаюда.
Табиғи ортаның ластануы нәтижесінде адамдардың
денсаулығы нашарлауда,
өсімдік пен жануарлар әлемі құруда, материалдар, ғимараттар мен құрлыстардың қирауы
шапшаңдауда. Экологиялық дағдарыстың нақты қауіпі туып отыр. Экологиялық дағдарыс
– қоғам мен табиғат әрекеттесуінің динамикалық тепе-теңдігінің бұзылуы.
Бұл табиғи
ортаның өзіне тән қасиеттері зат және энергия алмасу функцияларын орындау, өмір сүру
қауіпсіздігі және өмірдің даму жағдайларын ұстап тұру қабілетсіздігін көрсетеді.
Табиғи
ортаның ластану процесін тежеу үшін товар шығаруда және қызмет
көрсетуде техникалық
жүйелерді пайдалауда жаңа, қалдықсыз техноолгияны құру және енгізу керек. Мұнымен
қатар экологиялық дағдарыстың бізге қауіпті жағдайларында қоршаған ортаның түр
өзгерушілік және залалдану әсерінен адамды қорғау мәселесі тұр.
Экологиялық қауіпті заттар.
Көп адамдар қауіпті заттарға ең алдымен адам денсаулығына тікелей зиян келтіретін
заттарды жатқызады. Ал шындығына келгенде мұндай заттардың үлесі тым көп емес.
Көптеген зиянды заттардың, бұйымдар мен препараттардың мәселесі – оның тап осы кезде
келтіретін зиянын сезінбеу. Оның зияны ұзақ уақыт бойы болар
- болмас деңгейде әсер
етеді. Бұл заттардың ықпалын болдырмауға бола ма? – деген сұрақ туады.
Бұл мәселені
түбірімен шешу үшін жаңа, экологиялық технологияларды енгізу қажет.
Бірақ бұл
болашақтың ісі.
Достарыңызбен бөлісу: