Экология және өмір қауіпсіздігі


Көшіру шаралары мынаны қамтиды



Pdf көрінісі
бет90/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Көшіру шаралары мынаны қамтиды: 
-
 
көшіру -
Төтенше жағдайлар аймағымен және осы заманғы зақымдау құралдары 
қолданылуы мүмкін мекендерден адамдардың өмірін және өндірістің жұмыс істеуін 
сақтау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды ұйымшылдықпен әкету.
-
 
қоныстандыру -
бұл соғыс уақыты жағдайында қалаларда жұмысын 
жалғастыратын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін қала сыртындағы 
аймаққа ұйымшылдықпен апару және орналастыру . Қаладағы ұйымдарда тек 
ауысымда жұмыс істеушілер ғана қалады, ал қалған жұмысшылар мен қызметшілер 
қала сыртындағы аймаққа орналастырылады. Жұмыс орнына апарып қайту ең аз 
уақытты ескере отырып ұйымдастырады.
Қауыпсіздік аймақ –
бұл ықтимал қирау, радиоактивті ластану және химиялық 
зақымдану, сондай – ақ шекаралық аудандардан тыс апатты су аймағынан тысқары 
орналасқан көшірілетін халықты орналастыру және оларды қажетті тіршілік көзімен 
қамсыздандыру үшін даярланған аумақ .
Көшіру мен қоныстандырудың негізгі принциптері : 
- көшірілуге тиіс халықтың барлық санатын барынша қамту; 
- көшіру шараларын өндірістік принцип пен тұрғылықты жері бойынша жүргізу; 
- көшіру шараларын жүргізу үшін көліктің барлық түрлерін олардың белгіленген жұмыс 
режимін бұзбай пайдалану, сондай-ақ жеке көлікті пайдалану; 
- орналастыру, қоныстандыру орындырын дер кезінде даярлау; 
- өз қызметін жалғастыратын объектілерді үздіксіз және тұрақты жұмысын 
тұрақтандыру.
Республика аумағында өндірісінде қатты әсер ететін заттарды шығаратын , 
сақтайтын немесе пайдаланатын 500 жуық аса қауіпті объекті бар . Су басу аймағында 
тұратын халық үшін 200- ге жуық су қоймасы қауіп төндіреді . Әртүрлі зілзала түрлері 
экономика мен ауылшаруашылығы объектілеріне елеулі залал келтіруі , адамдардың өмірі 
мен денсаулығына қауып төндіруі мүмкін . Бұл жағдайда ҚР халқы уақытша көшіруге 
дайын болуға тиіс .
Осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану қауіпі төнген кезде өндісте істемейтін 
және қызмет көрсету саласындағы халықты ( зейнеткерлер, жоғару оқу орындарының, 
мамандырылған арнаулы оқу орындарының төменгі курс студенттері, мектеп – 
интернаттардың оқушылары, балалар үйлері, мүгедектер мен қарттар үйлерінде 
орналасқандар, әкімшілік пен олардың отбасы мүшелерімен бірлесе отырып ) көлік 
жұмысының кестесін бұзбастан көшіру шаралар басталғанға дейін ішінара көшіруге 
жатады.
Көшіру мүмкіндігінше қысқа мерзімде жүргізіледі . Халықты қауыпты аймақтардан
тыс жерлерге жеткізу мерзімі оның аяқталуы болып саналады .
Халықты соғыс кезінде орналастыру аудандары күні бұрын белгіленеді, жергілікті 
атқарушы органдармен келісіледі және солардың шешімімен бекітіледі. Осы шешімдер 
негізінде әрбір ұйымға ордер беріледі, оның көшірмесі тиісті қызметтерде сақталады.
Ішінара көшіру кезінде халықты орналастыру аудандарын Республика үкіметі, жергілікті 
атқарушы органдар белгілейді .
Бытыраңқы орналастыру – соғыс кезінде өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған 
ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілерін категорияланған қалалардан, ұйымдасқан 
түрде әкету және қауыпсіз аймаққа орналастыру.


118 
Көшіру тізімдері 3 данадан жасалады біреуі – ұйымда немесе пәтерлерді иеленушілер 
кооперативінде қалады, екіншісі – көшіру шараларды жүргізуге өкім алысымен жиналатын 
көшіру пункте жіберіледі, үшіншісі – бытыраңқы орналастыру мен көшіру басталысымен 
көшіру қабылдау комиссиясына жіберіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет