Экология және өмір қауіпсіздігі


Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру тәртібі және қағидалары



Pdf көрінісі
бет98/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру тәртібі және қағидалары 
АҚ мемлекеттің барлық территориясында жергілікті және өндірістік қағидасымен 
ұйымдастырылады. Яғни кешенді және жеке қарастыру іс-шараларын өткізуде АҚ-тың 
объекті басқару органдарының функциялары және күштері территориялық және 
ведомстволық болып бөлінеді. Осы орайда, негізгі дәрежеден шыға отырып, Мемлекет 
үкіметі анықтайтын тәртіппен, АҚ бойынша қалаларды топтарға, ұйымдарды санаттарға 
жатқызу жүзеге асырылады. 
АҚ іс-шараларын ұйымдастыру және жүзеге асыру жауапкершілігін меншікті үлгідегі 
барлық ұйымдардың және орталық, жергілікті мемлекеттік атқарушы органдардың 
басшылары көтереді. Бұл органдар мен ұйымдар жыл сайын АҚ іс-шараларын жүзеге асыру 
және оларды орындағаны туралы есеп беру керек. АҚ дайындығы мен іс-шараларды 
өткізудің мерзімі және көлемі мен тәртібі, сонымен қатар есеп беру ұсынысы Мемлекет 
үкіметімен белгіленеді. 
АҚ дайындығы жаңартылған қарулардың дамуын есепке алып берілген территорияда 
ТЖ-лардың неғұрлым ықтималдығын ескере отырып салалары мен ұйымдарында алдын-
ала жүргізіледі. 
АҚ идеясының және іс-шараларының негізінде гуманизм қағидасы жатыр, өйткені олар 
қорғауға, құтқаруға және ең ауыр жағдайларда халыққа көмек көрсетуге бағытталған. 
Азаматтық қорғаныстың іс-шаралары 
Мемлекет тарапынан халықты, территорияны және шаруашылық объектілерін қорғау 
саласында АҚ іс-шаралары мына кездерде көзделеді: 
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан; жер сілкінісінен; 
- үлкен су қоймаларының және теңіз деңгейінің өзгеру салдарынан
- пайдалы кен орындарын өңдеумен байланысты төтенше жағдайлардан;
- жаңартылған қауіпті қару-жарақтардан зақымданудан қорғау. 
Осымен 
қатар инжерлі-техникалық іс-шаралардың және тұрғындар мен 
мамандардың АҚ-қа дайындығы көзделеді. Аталған іс-шаралардың әр пунктіне ағымды 


128 
және перспективті жоспарлар өңделу керек. Мысал ретінде келесі жағдайларды алсақ 
болады: 
- сель, су тасқыны, жер көшкінін және тағы басқа қауіпті экзогенді жағдайларды 
ескеріп, осы ауқымда құрылысты жоспарлау; 
- мүмкін болатын ТЖ-лардың жалпылаша жай-күйін бақылау жүйесін ұйымдастыру 
(мониторинг), ғылыми зерттеулер және жағдайды жорамалдау
- азық-түлік, дэрі-дәрмек, тіршілікті қамтамасыз ететін жабдықтар қорларын құру; 
- ғимараттардың және құрылыстардың апатқа қарсы тұру төзімділігін қамтамасыз ету; 
- іздестіру және құтқару апаттан кейін қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру 
және зардап шеккендерге жедел медициналы жедел медициналы; 
- жер қойнауын пайдалануда барлық сатыдағы экология талаптарын сақтау; 
- барлық құрылыс жұмыстарының есеп-жоба құжаттарын АҚ-тың басқару 
органдарымен мақұлдасу; 
- АҚ-қа арнайы қызметкерлер мен бастыларды дайындау, мектеп жасына дейінгі 
мекемелерден бастап, тұрғын аймақтарын арнайы оқу бағдарламасы бойынша оқыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет