Экология және өмір қауіпсіздігі


Көп адамдарға арналған қорғаныс ғимараттары



Pdf көрінісі
бет87/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

 
Көп адамдарға арналған қорғаныс ғимараттары 
Үлкен қорғаныс ғимараттары ірі қалаларда тұрғызылады, сыйымдылығы жағынан 
олар шағын (150-300 адам), орташа (300-600 адам) және дәу (600-ден көп адам) паналау 
ғимараттары болып бөлінеді. Қала тұрғындарының әрқайсысы өзінің тұрған жеріне, жұмыс 


113 
немесе оқу орнына жақын орналасқан паналау ғимаратын білуге тиісті. Барлық талаптарға 
сай салынған қорғаныс баспаналары адамдарды ядролық қарудың зақымдаушы 
факторларынан, улы заттар мен бактериологиялық құралдардан, өрт аймақтарындағы 
жоғары температурадан, түтіннен, қираған үйлердің басып қалуынан қорғап, бірнеше 
тәулік бойы қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ете алады. 
Барынша дұрыс тұрғызылған қорғаныс ғимараттарында негізгі және қосалқы 
бөлмелер қарастырылады. Негізгі бөлмелерге жасырынушыларға арналған залы, басқару 
бөлмесі, медицина палатасы жатады, ал қосалқы бөлмелерді сүзгі-желдеткіш және тәуелсіз 
электр энергиясын шығаратын дизель қондырғылары тұратын орындар, санитарлық-
тұрмыстық буындар, азық-түлік қоймасы, оттегі баллондары, су құйылған кеспектер, 
авариялық аспаптар орналасқан тамдар құрайды. 
Паналаушылар орналасуға тиісті зал екі немесе үш деңгейлі нарлармен, 
орындықтармен және жатуға арналған сөрелермен жабдықталады, ал отыратын орындар 
мөлшерлері 0,45х0,45 метр, жататын сөрелер – 0,55х1,8 метр көлемінде жасалады; басқару 
нүктесінде әр жұмысшыға аудан нормасы 2 м
2
кем болмай есептеледі. Жататын орын саны 
нарлар екі деңгейлік болғанда ғимараттың барлық сыйымдылығының 20%-ін, ал үш 
деңгейлік болса – 30%-тін құрайды. Ғимараттың сыйымдылығы әр адамға шаққанда көлемі 
кемінде 1,5 текше метрден, ал еденінен есептегенде 0,5 шаршы метрден келетіндей болуы 
керек. 
Панаханада жеткілікті құрал-сайман жабдықтар, жиһаз, әр-түрлі аспаптар, өңдеу 
құрылыс материалдары, өртке қарсы және медицина мүліктері, т.б. орналастырылады. 
Ауа ауыстыру жүйесі бірнеше тәртіп бойынша істейді: шаң сүзгілер арқылы ауа 
өткізу тәртібі (1 тәртіп), сүзгі желдеткіштер арқылы ауаны улағыш заттардан, 
радиобелсенді заттардан, бактериологиялық құралдардан тазарту тәртібі (2 тәртіп). Ауаның 
құрамында көмірқышқыл газы мен көміртегі тотығы көп болған жағдайда, ауа келісі 
тоқтатылады да іштегі оттегі баллондары пайдаланылады; бұл жағдайда ауа қысымы 
атмосфера қысымынан біршама биіктеу болуға тиісті. 
Ауа ауыстыру жүйесіне ядролық жарылыстың артық қысымын әлсірететін 
құрылғылар және дефлекторлар кіру керек. Кіретін ауаның көлемі сағатына 1-ші тәртіп 
бойынша адам басына шаққанда 8 м
3
-тен 13 м
3
– дейін, 2-ші тәртіп бойынша – 2 м
3
. Паналау 
ғимараттарында көмір-қышқыл газының мөлшері 3%-тен, ылғалдылығы 90%-тен және 
температурасы 31 градустан аспауға тиіс. Ауа желдеткіштері қол күшімен немесе электр 
күшімен айналады. Баспанаға жарық келтіру үшін батарей және аккумулятор шамдары 
қарастырылады, басқа жұмыстарға дизель қондырғысы орнатылады – ауа ауыстыру 
жүйесін істеуге, сарқын суларды сыртқа шығаруға, байланыс аспаптарын токпен 
қоректендіруге, артезиан құдықтарынан су көтеруге. 
Ғимараттың кемінде екі қарама-қарсы жақтарға орналасқан бір-біріне 90
0
бағытталған есіктері болады. Шығатын жолдар негізгі бөлмелерден бөлек, өзара ауа 
өткізбейтін, тығыз жабылатын есіктермен жабдықталған шлюзді камералар (тамбур, дәліз) 
түрінде жасалады. Кірер ауыздың сыртына қорғағышты ауа өткізбейтін берік есік 
орнатылады. Мұнан басқа, негізгі шығатын есіктерді үйінді басып қалған жағдайда 
паналаушыларды шығаруға арналған авариялық есік те болады. Ол – айналасы ашық, үйінді 
баспайтын жер асты жолы. Барлық есіктерді, желдеткіш құбырларды тығыз жауып, 
ғимараттың ішінен қысым арқылы ауа жібергенде, қысым мөлшері атмосфера қысымынан 


114 
біршама (су бағанасымен шамамен 5 миллиметрдей) артық болса, ғимараттың 
герметикалық қасиеті керек деңгейде деп санауға болады. 
Қорғаныс ғимаратының өз құжаттары болуға тиіс: төл-құжат, жобасы, сыртқы және 
ішкі жүйелердің жобалары, ғимаратты күтіп ұстау тәртібінің нұсқаулары, жарақтандыру 
табелі, жай-күйін тексеру қорытындыларын жазып отыратын журналы және т.б. Бейбіт 
уақытта пайдаланған кезде ғимараттың бөлмелері мен жабдықтарының сақталуы, тығыз 
бекітілуі, тиісті санитарлық жағдайда ұсталуы, белгілі мерзімге даяр болуы қамтамасыз 
етілуге тиіс. Жау қауіпі тікелей төнген кезде ғимаратты даярлауға кіріседі: бөлмелерді 
бөгде заттардан босатады, барлық есіктердің, желдету арналарындағы жапқыштарының, 
бөлгіштердің ақаусыздығын, құрылғылардың жұмыс істеуін бақылап өтеді, санитарлық 
тазалыққа келтіреді, қорғаныс құралдарымен, барлау аспаптарымен және т.б. керекті 
заттармен жабдықталуын тексереді. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру үшін, 
жасырынушыларға қызмет көрсету үшін АҚ бастығының жарлығы бойынша арнаулы 
жасақтар құрылады. Паналаушылар ғимарат тәртібінің талаптарын орындауға тиіс; олар 
жеке қорғаныс құралдарын, азық-түлігін ала келуі керек. Тез тұтанғыш және улы заттарды, 
үй жануарларын әкелуге, шулауға, темекі тартуға, балауыз және басқа да ашық жалын 
шығаратын шырағдандар жағуға тыйым салынады. Егер қорғаныс ғимаратында авария 
орын алса (су басу, жүйесі бүлініп, өрт шығып, зиянды газдар шоғырланған жағдайда) 
жасырынушыларды, жеке қорғаныс құралдарын кигіздіріп, далаға шығарады. Бұл шешім 
объекті АҚ бастығының немесе қызмет көрсету тобы бастығының бұйрығымен жүзеге 
асырылады. 
Алдын-ала салынған қорғаныс ғимараттары жеткіліксіз жағдайда, ал жау қауіпі 
тікелей төніп тұрғанда тез тұрғызылатын паналау ғимараттары соғылады. Олардың 
тұрғызылуы да алдын-ала көзделген болуы керек. Құрылыс үшін түрлі жер асты өткелдерін, 
шахталар мен тау-кен орындарын, метрополитенді және т.б. қаладағы жер асты 
құрылыстарын керек нәрсемен жабдықтап пайдаланады. Жұмыстарды тез бітіру үшін 
өндірістік әдіспен шығарылған материалдар, жабдықтар іске қосылады, ауа желдеткіш 
және тазартқыш қондырғыларын жеңіл, қарапайым немесе табиғи түрде ұйымдастырады. 
Мысалы, ағынды ауаны радиоактивті тозаңнан, улағыш немесе бактериалық заттардан 
тазартатын құм немесе шлак сүзгілер, ал тозаңды тазалау үшін мата сүзгілер қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет