107
бактериологиялық құралдардан сақтайды, улы сұйық тамшы заттардан жаздыкүні шамамен
10 минутқа дейін қорғай алады.
Қорғанысты қыстық киімдер де атқарады: драп матадан тігілген пальто, ватник т.б.
Драптан тігілген пальто басқа киімдермен киілгенде қыста 1 сағаттай, жазда 20 минутқа
дейін улы заттардың теріге түсуінен сақтаса, ватник қысқы мерзімде 2
сағатқа дейін
қорғайды. Сондай-ақ теріден немесе терінің орнына қолданылатын басқа да материалдан
жасалған етіктер немесе резіңке галош киген жөн. Резіңке бұйымдардың улы сұйық тамшы
заттардан 3-6 сағатқа дейін қорғау қабілеті бар. Резіңке емес аяқ киімдерді сыртынан қағаз,
онан соң кез келген матамен орап алған дұрыс.
Қолды қорғау мақсатында резіңке және былғары қолғаптар қолданылады. Трикотаж,
шыт және жүн матадан тігілген қолғаптар улы заттардан қорғай алмайды.
Қарапайым киімдердің әдетте герметикалық қасиеті болмайды. Киімнің ең төмен
герметикалық жерлері: көкірек төңірегіндегі қиық, жаға, куртканың төменгі жері, қолғап
пен жеңнің біріктірілген жері, аяқ киім мен шалбардың балағы қосылған жері. Сондықтан
мұндай киімдерді қолданғанда қоршаған ортамен байланыстан оқшаулап тұруы үшін оның
герметикалығын арттыру керек.
Киімнің барлық түймелері бекітіліп, жағаны көтеріп шарф немесе орамалмен
байлап, жеңнің ұшын білек жағынан орап қою, шалбардың балағы етіктің (боты) сыртынан
шығып тұруы керек те, оны төменгі жағынан байлап қойған дұрыс. Зарарланған аймаққа
әйелдер
келе қалса, міндетті түрде шалбар киюі керек. Киімнің герметикалық қасиетін
арттыру үшін арнайы клапандар қолдануға болады. Олар куртка мен костюмнің алдындағы
қиықты жерлеріне қолданады. Кеуде клапаны тығыз матадан тігіліп, жоғарғы жағынан
қиық жасалып, жоғарғы ұштарына бау тігіледі. Кеуде клапанына 4,5 см
биіктіктегі жаға
тігуге болады. Мұндай кезде оның герметикалық қасиеті арта түседі. Шалбар мен
куртканың жеңінің қиығын жауып тұратын клин болады. Оның жанындағы ұзындығы 3-4
см-ден кем болмауы керек, ал жоғарғы жағынан екі клапан тігілген шалбар оңай киілуі
керек.
Қарапайым киімдер булар мен уландырғыш заттардың аэрозольдерінен сақтау үшін
арнайы К-4 пастасымен сіңіріледі.
Сіңіруге тек мата материалдар жатады. Бір жиынтықтағы
киім мен оның арнайы
кеуде клапанын, күлпара, қолғапты, шұлықты сіңірту үшін 2,5 литр ерітінді жеткілікті.
Сіңіргіш ерітіндіні синтетикалық жуғыш заттардың (ОП-7, ОП-10, «Новость»,
«Астра», «Дон» т.б.) көмегімен немесе өсімдік (күнбағыс, мақта т.б.) майының негізінде,
сондай-ақ минералды майлар (картерлік, трансформаторлық, машиналық, олифа) негізінде
дайындауға болады.
Ерітіндіні дайындау үшін (бірінші түрі): 500 грамм синтетикалық жуғыш заттың 40-
50
0
С-ға дейін ысытылған 2,5 литр судағы қоспасын алады. Қоспаны 2-3
минут біртекті,
сарғыш түсті қоспа дайын болғанша қозғап тұру керек.
Екінші құрамды ерітіндіні дайындау үшін 250-300 грамм кір жуғыш сабынның
үгіндісін 60-70
0
С дейін қыздырылған 2 литр суда ерітеді де, сабын толық еріген кезде
ерітіндіге 0,5 литр минералдық немесе өсімдік майын қосады. Қоспаны 5 минут шамасында
біркелкі эмульсия пайда болғанша араластырады.
Сіңіру үшін дайындалған
киім жиынтығын шелек, бак немесе шлапшынға салып,
үстінен ерітіндіні құяды. Киім ерітіндімен сіңіріліп болған соң оны теріс айналдырып
ерітіндіге қайта салып қояды. Киімнің суланбаған бөлігі қалмауы керек. Кейін киімді жеңіл
108
сығып, ашық ауада кептіреді. Жиынтықтың ұсақ бөлшектерін де ерітіндіге салады. Осы
үлгіде дайындалған киімді денеге іш киімнің үстінен киеді.
Мақта пальто, ватник, т.б. осы сияқты киімдер ерітіндімен сіңірілмейді. Олар
сіңірілген киімдердің үстінен қорғағыш қызметін атқарып тұрады. Егер оның астынан
сіңірілген
киім киілмесе, қалың киімді сумен ылғалдандырады. Киілген киімнің үстінен
плащ не жамылғыш киілгені жөн.
Белгілі бір уақытқа дейін қорғаныс құралдары адамның денесін улы заттардың буы
мен аэрозольдерінен сақтайды. Зарарланған аймақтан шыққан соң киімді тез арада,
қауіпсіздік шараларын қолданып, шешіп алып бір сағаттан кешіктірмей зарарсыздандыру
қажет. Зарарсыздандырылған, жақсылап жуылған, ерітіндімен
тағы да сіңірілген киімді
қайта қолдануға болады.
Дайындалған қарапайым қорғау құралдары матадан және теріден тігілген заттар
тәрізді сақталады. Арнайы ерітіндімен сіңірілген киім үтіктелмейді. Қорғаныс
құралдарының сақталу орнын отбасы мүшелерінің барлығы білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: