Экология және өмір қауіпсіздігі


Газқағарларды пайдалану ережелері



Pdf көрінісі
бет80/100
Дата22.02.2023
өлшемі1,98 Mb.
#169709
түріЛекция
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   100
Байланысты:
экология өмір қауіпсіздігі

Газқағарларды пайдалану ережелері 
Газқағардар «Химиялық қауіп», «радиациялық қауіп», «Газдар» деген дабылдар 
бойынша киіледі, немесе адамдардың өздері радиациялық зарарлану, улағыш заттардың, 
бактериялық құралдардың пайда болған белгілерін байқағанда газқағарларды пайдаланады. 
Оны кигенде демді іште ұстап, көзді жұмып тұрып газқағарды қалтасынан шығарады да 
шлем-масканың төменгі жағынан екі қолмен ұстап иекке тақайды. Иекке тақап тұрып оны 
басына тартып кигізеді – резинаның жиырылған жерлері болмауы керек, ал көзілдірік дәл 
көз алдына жайғасады. Осыдан кейін демді барынша шығарып, көзді ашып, бас киімді киіп 
алады, тынысты қалпына келтіреді. Газқағарды киіп болып демді барынша шығарғанда 
шлем-масканың ішіне кіріп қалған зиянды заттар шығып кетеді. 
Зақымданған газқағарды ауа уланған жағдайда қолдану 
Шлем-маска азғана жыртылған жағдайда ол жерін саусақпен қатты қысып немесе 
алақанмен жыртылған жерін бетке басып тұрған жөн. 
Шлем-маска жарамсызданған кезде, шынылары сынып немесе тыныс алу клапаны 
істен шыққан жағдайда демді ұстап, көзді жұмған күйде шлем-масканы шешіп алу керек; 
шлем-маскадан қосқыш түтікті бұрап алып және мұрынды қысып, ауызға винттік гайканы 
алып, көзді ашпай тыныс алу керек (ауа противогаз қорабы арқылы өтеді). Қосқыш түтік 
жарамсыз болған жағдайда іште ұстап тұрып, көзді жұмып түтікті бұрап алу қажет. Оның 
орнына шлем-масканың клапандық қорабына газқағар қорабын жалғап, оны қолмен ұстап 
тұрып демді сыртқа шығарады және көзді ашып тынысты қалыпқа келтіреді. 


100 
Газқағар қорабы тесілген жағдайда, оны лаймен, нанның ұнтағымен, сабын, 
лейкопластырь немесе жабыстырмалы жолақпен жауып қою керек. 
Жарамсыз газқағарды жарамдысымен алмастыру үшін былай істеу керек: 
-
жарамды газқағарды тез киіп алуға дайындау; 
-
демді іште ұстап, көзді жұмып жарамсыз газқағардың шлем-маскасын шешіп 
алу; 
-
жарамды газқағар шлем-маскасын киіп, демді шығарып, көзді ашып, тынысты 
қалыпқа келтіру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет