Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет237/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖҮЙЕ
ЖҮЙК


228
жүйке жүйесіне жұлын мен ми, ал 
перифериялық жүйке жүйесіне ми 
мен жұлын жүйкелерінен тарайтын әр 
түрлі шеткі жүйкелер жатады.
Жануарлар мен адамдардың психи-
калық әрекетінің материалдық негізі 
болып табылатын мидың және оның 
бөліктерінің құрылысы эксперимент-
ті зерттеулер арқылы ғылымда жан-
жақты, толық дәлелденген. Орталық 
жүйке жүйесінің бөліктерінің орна-
ласуы көп қатарлы үйдің құрылысы-
на ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі 
орналаса біткен. Осы бөліктердің жо-
ғарғысы төменгісінен құрылысы жө-
нінде, атқаратын қызметі жөнінде де 
күрделірек болып келеді.
Орталық жүйке жүйесінің төменгі 
бөлімі – жұлын (жуандығы 1 санти-
метрдей)
 
омыртқа қуысының ішіне
орналасқан, оның ұзындығы ересек
адамдарда орта есеппен 45 см-ге
дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағын-
да сұр зат орналасқан. Мұның көл-
денең кесіндісінің пішіні көбелектің 
бейнесіне ұқсайды. Сұр зат ней-
рондардың
 
ұзын бұтақтарынан тұ-
ратын ақ затпен қоршалған. Жұ-
лыннан жан-жаққа 31 жұп жүйке 
талшықтары тарайды, олардың бір 
тобы – 
ортаға тебетін, 
екінші 
бір тобы – 
шетке тебетін жүйке 
деп аталады. 
Жұлын біздің саналы 
әрекетіміздің орталығы емес, ол 
қарапайым қозғалыстарымыздың 
(аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т.б.) 
жұмысын басқаратын орталық 
болып табылады.
Мәселен, жаңа туған нәресте емуге 
әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол 
сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлын-
ның шартсыз рефлекстері, олар орга-
низмге туысынан тән болады. Орта-
лық жүйке жүйесінің екінші бөлігі –
ми. Оның орташа салмағы ересек 
адамдарда 1400 грамдай. Мұндағы 
сопақша, ортаңғы және аралық ми –
бәрі қосылып ми бағанасын құрай-
ды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқа-
лы жануарлардың өмірінде ерекше 
рөл атқарады.
Сопақша ми – жұлынның тікелей 
жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, 
қан айналысы мен ас қорытудың 
жүйке орталықтары бар. Біздің дем 
алу, түшкіру, шайнау, жұтыну сияқты 
түрлі реакцияларымыз сопақша ми-
дың қызметі. Сопақша мидың сырт
жағында, формасы ағаштың жапы-
рағына ұқсас мишық орналасқан. 
Мишық организмнің қозғалысын
оның бірқалыпты жүріс-тұрысын 
басқарып отырады, ол шартсыз реф-
лекстік сипаттағы қозғалыстардың 
үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұ-
лардан жоғарырақ орналасқан орта 
мида құлақ пен көзден баратын ті-
тіркендіргіштерді, скелет еттерінің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет