Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет245/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

зЕЙІ
зЕЙІ


236
дамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы 
жолы болып табылады.
5) Зейінді болуды өзіңе үнемі ескер-
тіп отыру керек. Бір сөзбен айтқан-
да, ырықты зейін деп іс-әрекетті жос-
парлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен еш-
қашан қалмай ілесіп отырады. Ырық-
ты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін 
ырықтыға қарай жиі алмасады. Шын-
дығында, адамның үнемі ырықты 
зейін жағдайында болуы мүмкін де 
емес. Оқушы алғашқыда жай қы-
зыққан нәрсесіне тікелей зейінін 
аударады, ал содан кейін сабақтың 
мақсатына қарай тікелей қызық емес 
басқа материалдарға да зейін қояды. 
Алғашқы уақытта қызықсыз болып 
көрінген сабақ кейін балаға түсінік-
ті бола бастайды. Бұл кезде оның 
ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырық-
ты зейінінің пайда бола бастағаны.
Зейіннің үйреншікті деп аталатын 
түрі де бар. Үйреншікті зейін -адамға 
табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш 
жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мә-
селен, бала оқуға төселсе, бұл оның 
тұрақты әдетіне айналса, оның зейі-
ні де үйреншікті бола бастайды. Қан-
дай нәрсеге болса да үйреніп, жатты-
ғып алған соң, адамның іс-әрекеті 
дағдысына айналады. Үйреншікті 
зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. 
Өйткені үйреншікті зейін ырықты 
зейіннен дамып қалыптасады. Зейін-
нің қай түрі болмасын іс-әрекеттен 
нәтиже шығаруға бағытталады. Егер 
адам жұмысқа өздігінен беріліп істе-
се ырықсыз зейіні көрінеді. Бірақ 
ұзақ жұмысты тікелей қызығып істей 
беру де оңай емес. Мұндай жағдайда 
ырықты зейінге орын беріледі. Ыл-
ғи ырықты зейінмен жұмыс істеу 
де адамды қажытып шаршатады. 
Сондықтан адам жұмысты зейіннің 
осы екі түрін қатынастыра отырып, 
үйреншікті зейінмен істеуді әдетке 
айналдыруы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет