244
далармен қатар бұл дүниелік жәйт-
тер, яғни оқып, білім алу, иманды ізгі
қасиетті болып ақыл-парасатқа жеті-
лу, сөз бен істе шыдамды, төзімді бо-
лу,
жақсы мен жаманды айыра алу,
достық пен махаббатты қастерлеу,
азға қанағат тұту, кемтар, ғаріп адам-
дарға қамқор, әділетті болу, адал жол-
мен жүріп-тұру секілді жалпы адам-
гершілік нормалары дәріптеледі («Ма-
хаббатқа берілгендер өз мақсатын
табады», «Достарына төбеңмен қыз-
мет қылғын», «Қызықпай мал-мүлік-
ке дүние тепкін», т.б.)
ғұлама атал-
ған қасиеттердің психологиялық ас-
тарларына үңіледі. Надандық, сараң-
дық, залымдық, дүниеқұмарлық («Ей,
достар, наданменен көңіл қоспа», «Жал-
ған сөйлеп имансыз болма, Дүние
үшін иман мен дінін сатар», т.б.) се-
кілді жаман қасиеттерді шенеп, міней-
ді. Соңғы
айтылғандардың қай-қай-
сысы да психологиялық жағынан кү-
ні бүгінге дейін өзінің ғылыми мә-
нін жоймай келеді.
ИБА
– адамның мінезінің әдеп сақ-
тап, ізет етуін, ұялу сезімін білдіре-
тін ұнамды әрі жағымды қасиетін
білдіретін ерекшелігі.
Ибалы мінез
көрсететін адамды халық үнемі сый-
лап, құрмет тұтады. Өзгелерге үлгі-
өнеге етіп көрсеткен. «Алғашқы кезде
Роза менен иба қылып жүрді (Иман-
жанов). Ибалы мінез көрінісі кім-кім-
нің де болса да ақыл-ойы мен әдепті-
лігін, білімділігі мен парасаттылы-
ғын, тәрбиелігі мен өнегелілігін, көр-
сететін қылығы болып табылады.
Көпшілік арасында әдеп сақтап, ар-
ұятын
сақтайтын жастарды халқы-
мыз құрмет тұтып, оның әрбір іс-әре-
кетін, жүріс-тұрысындағы қимыл-
қозғалысын, сөйлеген сөзін, адамдар-
мен қарым-қатынас жасауын үлгі
тұтып, өзгелерге тағылым етіп отыр-
ған. Ізеттілік, әдептілік пен сыпайы-
лық кімнің болса да жеке басын, ада-
ми қасиетін асырып ондайларды өс-
келең ұрпаққа үлгі берерлік тұлға
деп санаған. «Күліп
кісі бетіне қа-
рап көрмеген, ибалы, атақты асыл
Қамарымыз жоқ жерден жалаға ұшы-
рағанына
қайғыра-қайғыра құр шы-
бын жаны бар еді (Торайғыров)».
«Ғайшаның апасы бір-біріне айта ал-
май, ибалық қылып отырған сөзі бол-
са, сөйлесін деп, екеуін оңаша тас-
тап, ауыз үйге шығып тұрды (С.Кө-
беев)». Ибалық көрсету, мінез-құлық-
тың ұнамсыз
қасиетіне қарама-қар-
сы сипат болып табылады да, адам-
ның өз басына тән қылығын неғұр-
лым сыйласымды өнегелік пен әдеп-
тілік көрсету қажеттілігін дамытуға
баса мән береді.
Достарыңызбен бөлісу: