247
қы әрекет. Бұлшық ет қозғалысының
сол қозғалысты орындауға өтуі (не-
месе қозғалысты
қамтамасыз ететін
жүйке серпіндерінің пайда болуы).
И. қимыл мүшелерінен түсетін кері
байланыс сигналдарымен басқа-
рылады.
И. ырықсыз, ұғынылмаған әрекет, се-
бебі әлсіз көрінетін кеңістік сипатын-
да болады. И. ойдың қозғалысқа
ықпалы, кез келген қимыл-қозғалыс ту-
ралы ой дененің қозғалысқа бейімдел-
ген мүшелерін (қолын, көзін, басын,
немесе денесін) көзге онша көріне
бермейтін
материалды қозғалысқа
жетелейтінін түсіндіреді. Ондай қоз-
ғалыстар көбінесе, ырықсыз және
адамның өздік санасынан жасырын
атқарылады.
ИКЕМДІЛІК
(синонимдері – еп-
тілік, еп,
іскерлік, шеберлік, істей
білу, білік). Дағдыдан икемділікті
айыра білу қажет. Алынған білім не-
гізінде бір нәрсені істей білуге икем-
ділік болады, бірақ бұл істі орындау
дағдысын
әлі меңгермеген болуы
мүмкін. Мыс., бірінші сынып оқушы-
сы екінші тоқсанда жаза біледі, бірақ
жазу дағдысын меңгеріп болды деуге
болмайды, өйткені өте баяу жазады,
әрқашан дұрыс та таза бола бермей-
ді. Бірақ оқушы одан әрі қарай бұл
дағдыны меңгеріп, ақырында тез
жазып кетеді. Бұл арада дағды үйрен-
ген икемділік
негізінде пайда бола-
ды, ал ол білімге (қандай да бір әріп-
терді, жазуды жаза білуге) негіздел-
ген. Кейбірде, адам дағдылануы не-
гізінде икемділігін жетілдіре түседі.
Мыс., оқу дағдысы бар оқушы, әлі
мәнерлеп оқи алмайды.
Педагогтың
басшылығымен ол осы шеберлікті
үйренеді. Бірақ оқушы егер оқу дағ-
дысын жақсы меңгермеген болса,
әрине, бұл өнерді де үйрене алмас
еді. Бұл арада И. бұрыннан бар дағ-
ды негізінде қалыптасады. Сонымен,
И. – адамның әрекет процесінде ал-
ған білімін немесе дағдысына негіз-
делген қандай да бір әрекетті орын-
даудың біршама жетілдірілген тәсілі.
И. – әрекетті орындауға даярлық.
И. әртүрлі дәрежеде болуы мүмкін:
бір жағдайларда
олар дағдының қа-
лыптасуына жәрдемдессе, екінші бір
жағдайларда – іс-әрекеттің одан әрі
дамуы болып табылады. И. пайда
болу үшін көп жаттықпаса да бола-
ды. И. үшін не
талап етілетінін,
әрекеттің орындалу тәсілін білудің
маңызы бар. И. – адамның әрекет үр-
дісінде алған білімін немесе дағды-
сына негізделген қандай да бір әре-
кетті
орындаудың біршама жетіл-
дірілген тәсілі.
ИКОНИКАЛЫҚ ЕС
. Қабылдан-
ған материалдарды адам миында өте
қысқа мерзімде ғана сақталуы. И.е.
ережесі бойынша қабылдау үрдісінің
уақытында ғана қызмет етеді. И.е.
– мағлұматты табиғи сезім ағзалары-
ның көмегімен нақты қабылдап тұр-
ған сәтте есте сақтауға бағдарланған
жады.
Достарыңызбен бөлісу: