245
ИГЕРУ
– индивидтің қоғамдық-та-
рихи тәжірибе алуының негізгі жо-
лы. И. процесінде адам заттардың
әлеуметтік мәндерін және олармен
іс-әрекет
жасау әдістерін, мінез-құ-
лықтың адамгершілік негіздерін жә-
не басқа адамдармен қарым-қатынас
нысандарын меңгереді. Адамдық мі-
нез-құлықтың барлық мазмұндық
компоненттері – ынталандырушы-
түрткілік және операциялық компо-
ненттер игерілуге тиіс. Адами мате-
риалдық және рухани мәдениет зат-
тарының мән-мағынасын және олар-
мен іс-әрекет
жасаудың амалдарын
игеру оқыту процесінің негізгі ішкі
мазмұны болып табылады. Өнегелі-
ліктің өзегі – мінез-құлықтың адам-
гершілік нормаларын игеру. И-де
заттың, пәннің жаңа мағынасын анық-
тау жөніндегі іс-қимылды меңгеру
көзделеді, мұның өзі осы іс-қимыл-
ды жүзеге
асыру жағдайларын бас-
тапқы объективтендіруді (үлгі, құрал-
дар, орындау жоспары және т.б. тү-
рінде) талап етеді.
Бұл жағдайлар анық емес түрде де
берілуі мүмкін (мыс., басқа адамдар-
дың мінез-құлқына қамтылуы мүмкін).
И-дің пәрменділігі – оның сапасы,
беріктігі мен жылдамдығы – қалып-
тасуға тиісті іс-қимылдың бағдар-
лаушылық негізінің толық болуына,
игерілетін мазмұнда қамтитын мате-
риал типтерінің заттық, логикалық жә-
не психологиялық әралуандылығы-
на, іс-қимылдың
қалыптасу процес-
терін басқарылу шамасына тәуелді.
Осы жағдайлардың жүзеге асырылуы
жаңа мағынаның игерілуімен (ұғым-
ның қалыптасуымен) қатар, осы ма-
ғынаны қолдану жөніндегі толыққан-
ды іс-қимылдың құралуына жеткі-
зеді. И-дің нәтижелерінің жаңа – іс-
қимылдардың, ұғымдар мен мінез-
қүлық нысандарының – бұдан арғы
тағдыры көбінесе игеруші субъект
үшін өзекті маңызы бар қарекет түр-
лерінің құрылымындағы орнына бай-
ланысты.
ИГІЛІК
– 1) ізгі іс-әрекет пен жақ-
сы жұмыстың мәнді нәтижесі. Игі
әрекет жанұя үшін, ел үшін жасалады
да, оның нәтижесі – И. деп аталады.
Қазақ халқының Отандық игілігі –
егемендік,
тәуелсіздік; 2) әдеп пен
философияда белгілі бір жағымды
мағынасы бардың бәрі. Ежелгі за-
манның әдептік ілімдерінде әртүрлі
ұғындырылды: рақат көру немесе
құмарлықты тежеу,
парасатты жа-
ратылыстың төменгісінен үстемдігі
мағынасындағы ізгілік және т.б. Пла-
тонда И. болмыс иерархиясындағы
жоғарғы басқышпен ұқсастырылды.
Аристотель И-ті денелік (денсау-
лық, күш және т.б.), сыртқы (байлық,
ар, даңқ және т.б.) және жандүние-
лік (ақыл алғырлығы, мінез қайы-
рымдылығы және т.б.) деп саралады.
Орта ғасырлардағы схоластикада ең
жоғары
И-тер барлық И-тердің бас-
тауы және адами тілек-армандардың
түпкі мақсаты Құдай атымен бай-
ланыстырылды. Жаңа замандағы еу-
ропалық философияда нені болсын И.
деп бағамдауда (адам неге ұмтылса,
оған не қажет болса сол) субъекттің
рөлі баса көрсетілді. И-тің енді бір
тұрғыдан ұғындырылуында оны ути-
литарлық пен пайдалылыққа саю
болды. XIX ғасырдың ортасынан былай
«игілік» ұғымын «құндылық» ұғымы
біртіндеп ығыстырып шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: