ИМПЛИЦИТТІК – 1) тікелей ба-
қылауға келмейтін, түсініксіз нәрсе.
Американдық психолог Д.Уотсон
(1878-1959) бұл терминді ойлау сияқ-
ты саналық процестердің негізінде
жататын бездер мен бұлшық еттер-
дің нәзік реакцияларына қатысты
қолданды; 2) ұғынуынсыз, жасырын,
көрінбейтін, демек, едәуір дәрежеде
индивидтің ұғынуынсыз өтетін про-
цесс. Санадан тыс өтетін когнитив-
ті процестерді сипаттауда қолданылады.
ИМПРИНТИНГ (ағылш.
imprint –
есте сақтау) – жоғары cатыдағы омырт-
қалылардағы үйренудің айрықша
түрі. И. туыла салып дамудың ерте
сатысында өтеді, өте шектелген бел-
гілі бір уақытта ғана болуы мүмкін.
И. процесі өте жылдам (көбіне объек-
тімен бірінші кездескенде-ақ) жаса-
лады. И. нәтижесі, әдетте, қайтым-
сыз процесс. И. жануарларға ұрпақ-
тарын қорғауын қамтамасыз етеді
(балапандардың ата-анасының со-
ңынан еруі, ата-аналарын тануы,
тұрған жерін тануы және т.б.). Со-
нымен, И. тәжірибе алудың түрі.
Туыла берілетін және үйренетін реак-
циялар арасында орын алады. И.
жағдайында қандайда бір сыртқы
стимулдың ықпалымен туыла беріл-
ген қылық формасы әрекетте жал-
ғасады. Сонда туыла берілген мүм-
кіндіктерді стимулдар туғызады деп
тұжырым жасауға болады. И. – туыл-
ған сәттен бастап қандайда бір сти-
мулдың ықпалымен тікелей іске асы-
рылатын немесе генетикалық бағдар-
ламада жетіліп кодталған дайын кү-
йінде берілген қылықтың қандайда
бір формасының арнайы үйретулер-
сіз-ақ, қызметін атқаруы.
ИМПУЛЬСИВТІЛІК – адам мінез-
құлқының ерекшелігі (орнықты ны-
санда мінез қыры); сыртқы ықпал-
дың әсерінен әрекет ету. Адамның
ұғынбай әрекет етуі. Ол тез, жылдам
қимылдайды. Бірақ оған тез өкіне
қоймайды. Импульсивті адамды ба-
тыл адамнан ажырата білу керек.
Батыл адам тез, жылдам әрекет етеді,
бірақ әрекетін ойланып істейді. И.
жоғарғы эмоциялық қозу әсерінен
болады. И. күйіп-пісуден, қатты шар-
шаудан, жан күйзелісіне және кей-
бір жүйке ауруларына байланысты
байқалады. Импульс – 1) қандай да
бір нәрсеге итеріс, қандай да бір әре-
кетті жасауға итермелеуші ынта,
қандай да бір әрекетті тудыратын
себеп; 2) жүйке импульсі. Ойланбай
жылдам жасалатын әрекеттер мен
қылықтардан көрініс беретін, икем-
діліктерге байланысты адамның кей-
бір қасиеттерінің сипаты. Адамның
болып жатқан жағдайларға жеткілік-
ті ойланбастан, өте жылдам, шексіз
эмоционалды реакцияға бейімділі-
гі. И. адам мінезінің қасиеті ретін-
де жиі көрініс береді.