240
лықтың кемшілігі –
зейіннің көлемі
өте тар және икемсіз келетіндігінен.
зЕЛАНД НИКОЛАЙ ЛЬВОВИЧ
(1833-1902)
– Петербургтың Әске-
ри-медицина академиясын бітір-
геннен кейін, 1859 жылдан бастап
Қазақстанның түрлі аймағында қыз-
метте болады. 1882-1888 жылдары
Орынбордағы әскери госпиталда ор-
динатор, Түркістан
өлкесінде сол
кездері шығып тұрған «Степной
Край» (Дала өлкесі) газетінде әртүр-
лі мақалалары (санитария, гигиена
т.б.) тақырыптарда мақалалары жа-
рияланып тұрған. Жетісуда облыс-
тық дәрігер, ал 1888-1896 жылда-
ры – Түркістан өлкелік әскери-ме-
дицина инспекторының көмекшісі.
Н.Л.Зеланд –
медицина, антрополо-
гия саласындағы еңбектердің авто-
ры. «Қырғыздар» (Қазақтар) атты
очеркінде (Омбы, 1885) адамның
табиғи қасиеттерінің антропология-
лық, темпераменттік ерекшелікте-
рінің
ақыл-ой дамуына тигізетін
ықпалын көрсетеді, қазақ халқының
мінез-құлқын зерттеп, көшпенділер-
ді сангвиник темпераментіне жатқы-
зады. Аталмыш еңбек қазақ халқы-
ның психологиялық ерекшеліктері
туралы орыс тіліндегі тұңғыш зерт-
теу болып табылады. Төменде Н.Л.Зе-
ландтың қазақ мінезі туралы жазған
еңбегінен шағын үзінді келтіріп отыр-
мыз. ...Ресей мен Батыс Европада
күллі қырғыз халқын осылайша атай-
тыны белгілі, солай бола тұрса да
бұл орайда қырғыз – қайсақ пен жа-
байы
тау қырғызының айырмасы
бар. Сонымен бірге қырғыз атауы
тура мағынасында тек соңғыларына
қатысты; барлық басқа қырғыздар
өздерін қазақпыз деп атайды...
Жаңа туған сәбиді шомылдырып,
жаялыққа орап құндақтайды, бесікке
бөлейді. Бесіктің тұрқы сопақша,
төрт аяқты келеді. Бүйір шабақтары
арасындағы
кеңістік тақтайшалар-
мен қиюластырылып жіпке керіледі,
оған киіз төселеді, түбекке арнап
ойық жасалады. Нәрестені бесікке
жатқызған соң, құймышағын түбекке
келтіре, бесік баумен байлап, үстін
көрпешемен жабады. Көшіп-қону
кезінде оңтайлы болу үшін
бесіктің
арқалығы мен табанына құрсау са-
лынады да, сәбидің кеудесі мен аяғы
қатты байланып, ол қимылдамай
жатады, тіпті емізу үшін де бесіктен
алынбайды... Жаңа туған балаға бе-
сінші күні азан шақырылып, ат қойы-
лады, бұл жол-жора кезінде босанған
әйел жұбайының қошеметіне бөле-
неді, дастарқан жайылып, табақ тар-
тылады,
бұл кәдуілгі христиандық
шоқындыру ырымы іспеттес дәстүр.
Сәби үш жасқа дейін, кейде тіпті
тіпті бұдан да ұзақ кезеңде емшек
баласы аталады. Оны 5 жасқа толған-
да сүндетке отырғызады. ... Қазақ
балажан келеді. Баланы олар жы-
лышырай танытып,
еркелетіп өсіре-
ді. Бала жазда көбінесе жалаңаш
жүреді, жастайынан ат жалын тар-
тып мініп, оның құлағымен ойнап
өседі. ...Қазақ – қызу қанды жан. Оның
рухына жайсаңдық, ізгілік тән, ол
ылғи да жайдары жүреді, жалпы сер-
гек әрі еліктегіш келеді, алайда «жүй-
кесі» көнбісті,
ашушаңдыққа бара
бермейді. Оның қызу қанды болуы-
ның себебі бәлкім, көшпелілердің
өмір салтынан да болса керек. Қозға-
Достарыңызбен бөлісу: