Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет242/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ЖІКШ
зАЛЫ


233
белгісі, оңбағандық, бұзық, сұм ойлы 
адам. Қарапейілділік те З-тың бір 
сипаты. Қарапейілділік – ниетсіздік
пен ықылассыздық. Адамға жаманшы-
лық пен қысастық келтіруді ойлай-
тын қаскөйлік. Пейілі тар адамды да 
халық З-тың бір көрінісі деп сана-
ған. «Әуеден қыс болғанда жауады
қар, Сараң жан дым бермейді пейілі
тар (Айман-Шолпан)». З. адамның мі-
нез-құлқындағы жексұрын әрі зиян-
ды сипаттар болғандықтан оларды 
сынап-мінеп қана қоймай, өзге адам-
дар ондайлардан бойын аулақ ұстай-
тын болған.
зАҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ
. З.п. құ-
қыққа қатысты мәселелерді реттеу
және оларды тәжірибе жүзінде қол-
данудың психологиялық мәселеле-
рін зерттейді. Бұл сала сот психоло-
гиясы, қылмыс психологиясы, еңбек-
пен түзету психологиясы (пенитен-
циарлы) деп аталатын тармақтардан 
тұрады. Сот психологиясы сот, айып-
талушылар, куәлар, сот тергеуін жүр-
гізу, олардан жауап алу тәрізді т.б.
жайттардың психологиялық астар-
ларын қарастырады. Қылмыс психо-
логиясы қылмыскердің жеке басы 
мен оның зиянды әрекеттерінің сы-
рын ашады. Еңбекпен түзету психо-
логиясы тұтқындағы адамдарды сен-
діру не күштеп істету арқылы қай-
та тәрбиелеудің жолдарын іздестіреді.
зАТТЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ 
– адамдар-
дың жасаған материалдық және рух-
тық заттардың ерекшеліктеріне қа-
тысты іс-әрекет. Сол заттарды дұрыс 
пайдаланудың жолдарын және адам-
дардың қабілеттерін дамытуға ба-
ғытталған. З.і-ә. – адамның шынайы 
рухтық және материалдық мәдениет 
заттарын іс жүзінде қолдану әрекеті. 
З.і-ә. бір түрі, заттық ойын – адамзат-
тың материалдық, рухтық мәдениеті-
нің заттарымен баланың ойыны. Он-
дай ойында бала заттарды өзінің ор-
нымен пайдаланады.
зӘУзАТ – 
адамның өз кіндігінен 
өсіп-өрбіген ұрпағы. Қазақ ұғымын-
да ол жеті буынға дейінгі ұрпақтар-
дың жиынтығын білдіреді. Сонда 
нақты адамның зәузатына оның 
баласы, немересі, шөбересі, шөпше-
гі, туажаты, жұрағаты жатады. Зәу-
заттың психологиясы оған енетін же-
ке адамдардың бір-біріне туыстық 
байланыстарының бар екенін се-
зуімен ерекшеленеді. З. құрамына ене-
тіндерді туыстық сана басым бола-
ды. Сондықтан олардың арасында үй-
ленуге рұқсат етілмейді, бір-бірін 
туыс деп қорғауға, қамқорлыққа алу-
ға дайын тұрады.
зЕЙІН 
– адам санасының қандай да 
бір өзіне қажетті немесе қызықтыр-
ған затқа, құбылысқа немесе іс-әре-
кетке бағытталуы және шоғырла-
нуы. Сананың бағытталуы деп объек-
тіні таңдап алуды айтамыз, ал сана-
ның бір нәрсеге шоғырлануы деген-
де, бұл объектіге қатысы жоқтың бә-
ріне назар аудармауды айтады; З. 
адам санасының айналадағы объек-
тілердің, болып жатқан құбылыстар 
мен үрдістердің ішінен керектісін 
бөліп алып, соларға тұрақталуы. Шы-
ғармашылық жұмыста белгілі бір 
объектіге зейін қоя білудің маңызы 
зор. Зейін қоя білу – мағлұматшыл-
дық қасиеттің негізі болып табылады.
Білім беру үрдісінде зейіннің алатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   238   239   240   241   242   243   244   245   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет