231
қарағанда, басым түседі –
бұл әлсіз
Ж.ж.т.-не тән. Бірінен екіншісінен
ауысқандағы қозу мен тежелудің күш-
ті процестерінің тепе-теңдігі – тек
күшті, тепе-тең Ж.ж.т. сәйкес келеді.
Қозудан тежелуге және тежелуден
қозуға баяу өту (екі процесс те күшті
болған жағдайында) күшті инертті
Ж.ж.т. көрсетеді.
ЖҮЙНЕКИ
АХМЕТ
– Жүйнек қыс-
тағынан шыққан Ахмет Жүйнекидің
«Хибатул хакайык» («Ақиқат сыйы»)
атты еңбегі барлық түркі тілдес ха-
лықтарға ортақ дүние болып табыла-
тын осы шығарма бұрынғы дастан-
дармен
салыстырғанда өзінің бұқа-
ралық, яғни кедей-кепшіктің мұң-
мұқтажын көрсетумен ерекшеленеді.
Іштен соқыр боп туған ақын тіршілік-
тегі өмірдің әсемдігін жырлайды,
адамгершілікпен, имандылықты, ізгі
істерді, қарапайым адамдардың ұнам-
ды іс-әрекеті мен жарасымды мінез-
құлқын дәріптеп, білім алу жалпы,
адамзат үшін, әсіресе бұхара халық
үшін зор игілік болуы тиіс дейді. 500-
дей
өлең жолынан тұратын дастан-
ның бірінші бөлімінде білімнің пай-
дасы мен надандықтың зияны тура-
лы ақыл-кеңестер беріледі.
Автор білімді адамды таза алтынға,
наданды жалған құнсыз ақшаға, білім-
ді ер жігітке теңесе, екінші бөлімде
тілдің маңызы, сөйлеу мәдениетін
дамыту жөнінде кеңестер береді,
ал үшінші бөлімде дүниенің бір
қалыпта тұрмай, өзгеріп тұратын-
дығын сөз етеді. Дастан жомарттық-
ты,
қарапайымдылықты, сыпайы-
лықты, өршілдікті дәріптеп, менмен
дік пен надандықты, сараңдық пен
шығайбайлықты, дөрекілікті шенеп-
мінеп, айыптайды. Автор сол заман-
дағы адамдардың осы іспеттес, ұнам-
ды, ұнамсыз моральдық-этикалық
ерекшеліктерін көрсетіп қана қой-
май, сонымен бірге мінез-құлықтың
жақсы
қасиеттерін қалайша тәрбие-
леу, сондай-ақ оның теріс қасиетте-
рін жою жөнінде бірсыпыра пай-
далы кеңестер береді («Егер өкіметке
қолың жетсе, мақтанба», «Бастық
болсаң, жайсаң бол, кәріге де жасқа
да құрмет көрсет», «Айтар лебізіңді
алдымен ойлап ал», т.б.). Осындай
көркемдік дәрежесі биік, ұлағатты
лебіздер, бейнелі салыстырулар мен
теңеулер,
нақылдар мен мақалдар,
мәтелдер күні бүгінге дейін өздері-
нің тәлім-тәрбиелік мәнін жоймай
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: