235
зЕЙІННІҢ ТҮРЛЕРІ –
адамдардың
зейіні ырықты, ырықсыз және үй-
реншікті болып үшке бөлінеді. Сырт-
қы дүниенің
кез келген объектілері
кейде ырықсыз-ақ біздің назарымыз-
ды өзіне тартады. Мәселен, көше-
мен кетіп бара жатқан адамның бояу-
лы афишаға көзі түссе, оған мой-
нын бұрады не милиционердің ыс-
қырығына жалт қарайды т.б. Адам
өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын
алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас
балаларда жиі кездеседі. Өйткені
балалық дәуірде адамның күрделі
іс-әрекетте (оқу, еңбек т.б.)
белгілі
жүйеге келе қоймайды да осының
нәтижесінде оның психикасы өте
нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш
келеді. Әрине, бұдан бала есейген
соң,
оның ырықсыз зейіні маңызын
жояды деген қорытынды тумау қажет.
Адам өмірінің барлық кезеңдерінде
ырықсыз зейін тиісінше орын алып
отырады. Қызығу – ырықсыз зе-
йіннің бұлағы. Өйткені қызықты
іске көңіліміз тез ауады. Мәселен,
қызықты кітап оқуға ырықсыз зейін
жеткілікті. Ал қызықсыз кітапты оқу –
ырықты зейінді керек етеді. Ырықты
зейінде қызығу орын алуы тиіс. Бірақ
ырықты
зейін де жанама, дәнекерлі
қызығуды керек етеді. Мұнда адам
істен шығатын нәтижеге қызығады,
оны орындау үшін күш жұмсайды.
Өйтпесе іс өнбейді, күткен
нәтиже
шықпайды.
Ырықсыз зейін физиологиялық тұр-
ғыдан барлау (ориентировочный)
рефлекісінің жемісі болып табыла-
ды. Зейіннің бұл түрі жануарлар
мен адамдардың сыртқы ортамен
байланысында үлкен рөл атқарады.
Ырықсыз зейін кез келген тітіркен-
діргіш арқылы пайда бола бермейді.
Ырықсыз
зейіннің көрінуіне төмен-
дегі жағдайлар себеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді
аштырмайтын жарық, қанық бояулы
заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын
иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың
жаңалығы мен қозғалысы (мәселен,
адамның үстіндегі киімінің өзгеруі,
дыбыстың, жарықтың артуы не ке-
муі т.б.).
ә) адамның сыртқы дүниедегі объек-
тілерге қатынас жасауының дәреже-
сі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің
хош болуы) ырықсыз зейіннің тууы-
на жақсы әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті
саналы түрде белгілі ерік күшін жұм-
сау арқылы орындалуынан көрінеді.
Ырықты
зейінде белгілі бір мақсат
көздеп, объектіге ерекше зер салып
отыру көзделеді, ол жұмыстың басы-
нан аяғына дейін ерік-жігерді сарқа
жұмсауды талап етеді. Ырықты зе-
йін мынандай ерекшеліктермен си-
патталады;
1) Қандай
болмасын бір әрекеттің
талабына сай зейініңді бағындыра
алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу
қажет.
2) Үйреншікті жұмыс жағдайын жа-
сап алып, алаңдататын нәрселерден
бойды аулақтатқан жөн.
3) Орындалатын істің мәнісін, маңы-
зын түсіну үшін білімге шын ықы-
ласпен берілген дұрыс.
4) Түрлі
қолайсыз жағдайларда да
жұмыс істеуге машықтану. Мәселен,
көңілді алаң қылатын бөгде тітір-
кендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-
гүрсілдерде де) әсеріне берілмей
жұмыс істей беру. Бұл зейінді шы-
нықтырудың,
оны мықты және шы-
Достарыңызбен бөлісу: