Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет294/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КҮЙГЕЛЕКТІК 
– адамның көңіл 
күйінің ерекшелігін білдіретін шам-
дану, ашулану, қызуқандылық. К. –
адамның жан дүниесіндегі сезімді, 
эмоцияны білдіріп, оның сыртқа шы-
ғуынан байқалатын жайт. Бойын ашу-
ыза кернеген адам қызарып, бозара-
ды. Танауы желбіреп, сөйлеген сөзі 
үзік-үзік болып естіледі. Шамданып 
ашушаңдығын сыртқа шығарады. 
К-тің айқын көрінісі стрестік жағ-
дай. Бұл күйіп-пісушілік. Қиын жағ-
дайға душар болғанда асып-тасып аб-
дырайды. Нендей әрекет жасап, қиын-
қыстау жайттан шығудың айла-тәсі-
лін шарқ ұрып іздестіреді. Басқа төн-
ген қауіп пен апаттан құтылудың жо-
лын іздеп «жанын шүберекке түй-
гендей» күй кешеді.
Мұндай жағдай әуе кеңістігінде ұшып
жүрген ғарышкерлердің, ұшқыш-
тардың, Терістік Мұз мұхитымен Ан-
тарктикадағы зерттеушілер өмірінде 
жиі кездеседі. Қиын-қыстау жағ-
дайларға душар болған адамның көз
алдында апатқа ұшырап өлім қаупі 
тұрса да, ол өз бойындағы күш-қуа-
тын, ерік-жігерін, білімі мен тәжі-
КҮДІ
КҮЙГ


281
рибесін жинақтап, қатерлі жағдайда 
жеңуге жұмылдырады. Психология-
да К.(стрестік) жағдайды жеңіп, 
қиыншылыққа төзіп, онан әр қилы 
айла-амалдар жасап, қалыпты күйге 
түсу дистресс деп аталады. К. сезім 
күйіне берілгіш адам денсаулығын
да бұзып, жүйкелік ауруға жиі ұшы-
рап, ақыл-есінде қалыпты жағдайдан 
ауытқушылық пайда болады. Төзім-
ділік пен тапқырлық, әрбір істің құ-
пия түйінін шеше білуге дағдылану 
адамды К. пен дағдарысты жайттар-
дан арыла білудің тиімді амал-тәсі-
лі болып табылады.
КҮЙІНУ 
– адамның бойын қайғы-
қасірет жаулап алып уайымдауы. Ыза-
ланып, назаланады. Ауыр қайғыны 
бастан кешіруде оның бойын ауыр 
сезім билеп, қайғы-қасірет кешеді. 
«Есей өзінің би білмегенін үлкен ке-
міс көріп күйінді (Ә.Нұрпейісов)». 
«Күйініш күйдіргендей жердің жү-
зін, қиналып тоқтата алмай әркім 
өзін, Ілініп қаралы күн қара тулар, 
Әкетті бойды билеп ауыр сезім (Халық 
өлеңі)». К. адамның ақыл-ойын се-
зім билеп қайғы-қасіретті басынан 
кешіруде стрестік күйге ұшырайды. 
Бұл орайда адам күйіп-пісіп, іс-әре-
кетінде ретсіз қимыл-қозғалыстар жа-
сап, жан дүниесінде зорлану, қина-
лу сияқты жағдайларға ұшырайды. 
Ақылды сезім билеп, қайғырушылық 
пен өкініштілік күйлерді басынан 
кешіреді. Уайым-қайғыға беріліп, 
адам бойын үмітсіздік билейді. Адам 
мұндай ауыр жағдайды жеңу үшін 
бойындағы күш-қуатын, ерік-жігерін 
шыңдап ауыр жағдайдан сергудің 
жолын іздестіруі қажет. Табандылық 
пен ұстамдылық көрсетіп, өзінің 
сезімімен еркін билеуге барынша ма-
шықтануы пайдалы болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет