280
тардың тұлғалық ерекшеліктерінің
қалыптасу жолын, әсіресе баланың
әлеуметтенуін (социолизация) зерт-
теу арқылы ұлттық мінез ерекшелік-
терін көрсетті. Оның «Мәдениет эво-
люциясындағы сабақтастық» (1964)
атты
еңбегінде мәдениет факторы-
ның, адамның психологиялық ерек-
шеліктеріне елеулі әсер ететіндігі ай-
тылған.
КҮДІКШІЛДІК
– адамның қандай
да
болсын бір іске, оқиғаға, сенім-
сіздікпен қарап шүбәлануы. Әр нәр-
сеге шек қойып күдіктене қарап, қа-
уіп-қатер жоқ па екен деп күмәнда-
нуы. «Нанасың не айтса да амалың
жоқ, Түсінде бір кәдік жоқ «алдар»
деген Абай. К.
іс-әрекет пен адам-
ның сөйлеген сөзінің шындығы мен
жалғандығына ой жүгіртіп сезікте-
нуін, шүбәлануын да білдіреді. «Петр
Қожақтың «жаңа хабарына» сеніңкі-
ремеді, «шын айта ма, жоқ па» деген
күдікті кескінде тоқталып қарады»
(Ә.Нұрпейісов). К. адам болар істің,
айтылған сөздің, түрлі хабарлардың
шындығы мен ақиқатын көзімен кө-
ріп, қолымен ұстамайынша сенімсіз-
дік білдіріп күмәндана береді. «Уа-
йым, қайғы, мұң, күдік, Мәңгі кетті
көңілден» (Қ.Аманжолов).
Ғылыми-
зерттеу істерімен белгілі мәселенің
дұрыс шешімін тауып шындыққа ай-
налуы адам бойындағы күдікті сергі-
тіп, ісін онан әрі жалғастыра беруін-
де сенімін, бойындағы күш-қуатын
арттырады, оптимистік көзқарасын
нығайтады. Орынсыз сезіктеніп К.
болу адамның мінез-құлқындағы се-
німсіздігін
білдіретін ұнамсыз қы-
лық, әрі еркі мен жігерсіздігін біл-
діретін жағымсыз сипат.
КҮЙ
– жалпылама түрінде күй кез
келген жүйе, оның ортаның коор-
динаттық объектілеріне қатысты жағ-
дайын бейнелейтін сипаттама. Адам-
ның күйін
сырттай топшылауға бо-
лады. Тіршіліктің белгілі бір сәтін-
дегі организмнің жайлылық пен
жайсыздықтың, қолайлылықпен не-
месе қолайсыздықтың адам санасын-
да тіркелуі. Адамның күйі қоршаған
орта
мен жағдаятқа бейімделудің
реттеушілік функциясы болып та-
былады.
Достарыңызбен бөлісу: