Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет289/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КөРУ
КөРУ


276
дерінде шақшалар әрекет етпейді. 
Олар тек таяқшалар арқылы көреді. 
Ондай адамдар ымырт түскенде та-
уық сияқты ештеңе көрмейді, не өте
нашар көреді. Мұны «тауық соқыр-
лығы» дейді. Мәселен, күндіз ғана 
көретін тауық, кесіртке, жылан, кеп-
тер сияқты жануарлардың көзінде 
таяқшалар болмайды да, түнде ғана 
көретін байғыз, үкі, жарқанат, кірпі 
сияқтылардың көздерінде шақшалар 
болмайды. Әрине, басқа түйсінулер 
сияқты көру түйсінуінде де кемшілік-
тер кездеседі. Сонымен қатар көздің
ауруы және оның кейбір физиология-
лық кемшіліктері қалыпты көру үр-
дісіне әсер етеді.
Мәселен, кейбір адамдар заттардың 
түстерін ажырата алмайды, көбіне 
олар қызыл түс пен жасыл түсті көр-
мейді. Міне, көзінде осындай кем-
шілігі бар адамдарды дальтониктер 
деп атайды. Бұл типтегі адамдар қы-
зыл түс пен жасыл түсті сары түс деп 
қабылдайды. Сонымен қатар көру 
түйсігінің кемшіліктеріне кейбір адам-
дар жақыннан жақсы көреді де, алыс-
тан көрмейді, ал енді біреулері жа-
қыннан нашар көреді де, алыстан жақ-
сы көреді. Жақыннан көрушілікке 
де арнаулы көзілдіріктерді пайдала-
ну қажет. «Түстерге соқырлық» хро-
матикалық түстерді түйсіне және ажы-
рата алмаудан аңғарылады. Кейбір 
адамдарда толықтай хроматикалық 
түстерге соқырлық кездеседі. Барлық 
түстерді ахроматикалық қоңыр түс 
ретінде түйсінеді. Статистикалық мә-
ліметтер бойынша, түстерге соқыр-
лық ер адамдардың 4 пайызында жә-
не әйелдердің 0,5 пайызында кез-
деседі. Соқырлық қызыл және жа-
сыл түстерге жиі кездеседі.
Ал күлгін түстерге соқырлық сирек 
болады. Түстерге соқырлықтың себе-
бі шақшалар жұмыс істемейді, істесе
де жеткіліксіз істейді. Жарыққа, түс-
терге соқырлық, әртүрлі жануарлар-
дың көру органдарын арнаулы зерт-
теулер дәлелдегендей, шақшалар мен 
таяқшалар құралының жеткіліксіз 
жұмыс істеуіне байланысты. Алыста-
ғы және жақындағы заттарды көздің 
торына дұрыс бейнелендіру үшін 
көздің хрусталигі бірде томпайып, 
бірде жалпайып отыруы керек. Зат 
жақындаған сайын ол томпая түседі, 
зат алыстаған сайын ол жалпая тү-
седі. Көздің мұндай әрекетін акко-
мадация (латын сөзі, қазақша «көз 
үйрету» мағынасында) деп атайды.
Екі көз бір көздей болып бірлесіп 
әрекет етеді, заттың суретін көздің са-
ры дағына түсіру үшін олар көріне-
тін заттарға қарай бұрылады, мұны 
конвергенция
 
(латын сөзі, қазақша 
«жақындату» мағынасында) дейді. 
Бір көзбен көруді – монокулярлық 
көру, екі көзбен көруді бинокулярлық 
көру дейді. Бүкіл сырттан келетін 
ақпараттың 90% көру түйсіктері ар-
қылы қабылданады, тек қана 9% есту 
түйсіктері арқылы қабылданатын 
болса, қалған 1% басқа түйсіктері ар-
қылы іске асатындығын психологтар 
дәлелдеген болатын.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, адам-
ның көзі жарты миллионнан астам 
түстердің реңін ажырата біледі. Біз-
дің тілімізде барлығы 300-ге тарта түс-
тердің аттары кездеседі. Олардың 
көмегімен қоршаған дүниеден бояу-
дың барлық байлығын беру мүмкін 
емес. Сезім органдарының, оның ішін-
де көру, есту түйсіктерінің адамның 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет