279
қатаң континенттік шырайы (жазы-
ның ыстықтығы, қысының суықты-
ғы) өзін мекендеген халыққа мейір-
бандық сыйлаған. Табиғаттың қатал-
дығын өз көзімен көріп, басынан кеші-
ріп жүрген
адам өзгеге мұндай қа-
талдықты тілей қоймайды. Көшпелі-
лер сұлу табиғат аясында малын ай-
дап, бір орыннан екінші орынға жыл-
жып отырды. Сол жолда айбынды тау-
лар, айдынды көлдер, құрақты өзен-
дер, көз жетпес жазықтар бірінен соң
бірі алмасып өтіп жатты. Халықты
аясына алып әлдилеген сұлу табиғат
оның көкірегіне әсем ән мен тәтті
күйді ұялатпай қоймайды. Сондық-
тан көшпелі халықтар өнершіл келе-
ді және олардың фольклоры бай бо-
лады. Табиғатпен үнемі
етене бай-
ланыста болу, төл өсіру, хайуанаттар-
мен жақындық адамды мейірімді-
лікке баулиды. Қоғамдық дүниета-
нымның түзілуіне халықтың рухани
өмірінде болып жататын процестер
тікелей әсер етіп отырады. Халық ауыз
әдебиетінде үлгі ретінде сомдалған
идеалдар – батырдың мәрттігі мен
аңқаулығы,
отаншылдықтың жоға-
ры тұруы, ар мен намысты қастер-
леу, әлсізді жәбірлемеу, сұлудың тә-
каппарлығы, жетімнің ақылдылығы,
тазшаның тапқырлығы, қисынды сөз-
ге тоқтау ұстанымдарының жиналып
келіп, көшпенділер ұстанатын құнды-
лықтарды айқындайтын нышандар
болып табылады. Көшпенділер үшін
ар тазалығы – ең қастерлі,
қымбат
бағаланатын, жоғары ұсталатын мұ-
раттың бірі. Сертте тұру, арды асқақ-
тату, сөзге тоқтау көшпелілердің қо-
ғамдық қатынастарындағы айқындау-
шы категория деңгейіне дейін көте-
рілген.
КРЕАТИВТІЛІК
– тұлғаның ай-
рықша идеяларды шығару, ойлаудың
дәстүрлі схемаларынан кете алу,
проблемалық жағдаяттарды шеше
алу қабілеті К. интеллектуалдық қа-
білеттердің
ішінде ерекше тип ре-
тінде бөлініп шықты. Гуманистік
психологияның көрнекті өкілдерінің
бірі Абрахам Маслоу К. пен өзін-өзі
танытудың арақатынасын зерттеуде
креативтілік тұлғаның жетістігін
емес, ол тұлғаның өзін сипаттайды
деген. Бұл пікірден жетістіктер өзін-
өзі танытатын тұлғаға қатысты екін-
ші ретті
болып табылатыны көріне-
ді. Өзін-өзі танытатын тұлғаға тән
батылдық, еркіндік, спонтандылық,
тұтастылық, өзін-өзі қабылдау, ай-
қын ақыл-ой,
сана сияқты мінездік
қасиеттер К.-тің генерализациясына
әкеледі. Генерализацияланған К. де-
геніміз – тұлға өмір сүретін барлық
аумақтарда көрініс табатын, тұлға-
ның креативтік бағдарлары мен креа-
тивтік өзіндік қызмет етуі. А.Маслоу
К-ті тек творчестволық қасиет емес,
ал нағыз адамгершіліктік қасиет деп
атаған.
Достарыңызбен бөлісу: