Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет286/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КөПЕЕВ МӘШҺҮР-ЖҮСІП 
(1857-1931). 
XX ғасырдың алғашқы 
ширегінде педагогика, психология 
саласында өздерінің соны да сын-
дарлы пікірлерімен көрінген қазақ 
ғұламаларының ішінде М.Ж.Көпеев 
ерекше орын алады.
Дін оқуынан мейлінше сусындап, 
кейіннен белгілі фольклоршы-пуб-
лицист атанған шежіреші ақын М.Ж.
Көпеев Қазан төңкерісіне дейінгі ке-
зеңде-ақ әр түрлі тақырыпта бiрнеше 
кітап жазып шығарған. Оның әлі де 
баспа бетін көрмеген қолжазбалары 
қаншама! Бұларда тәлім-тәрбие, пе-
дагогика, психология мәселелері, атап
айтқанда, сезім мүшелері, ми мен
жүрек, қиял, ойлау, бала мен үлкен-
дердің қарым-қатынасы, әйелдерге 
білім беру т.б. қатысты ой-пікірлер 
көптеп кездеседі.
Мәселен, «Аспан, жер және адам 
жаратылысы туралы» еңбегінде ол 
былай дейді: «Дене бір қараңғы үй. 
Жан сол үйдегі жарық қылып тұр-
ған бір сәуле. Әркімнің жаны бір 
қалыпта, бір түрде болмайды. Сондай 
болғаны үшін айтылады: «Арық пен 
семіздің басы бір ме, жақсы мен жа-
манның жаны бір ме?»- дейді... Алайда 
КөПЕ
КөПЕ


273
жан бар, дене бар. Екеуі бірінен-
бірі жасырын емес, бірақ жан деген 
мәселені ешкім көрген емес.
Адамның денесі өзіне де, басқаға да 
көріністе тұр. Жан өзі көрінбейді, бі-
рақ белгісі көрінеді, жанның барлы-
ғы соңынан танылады. Барлық белгі-
сі – адамда бір нәрсені ойына салып 
ойлау бар, сезу бар. Ойланып сезген 
нәрсесін орындап, орнына келтіру
бар. Жылынады, тынығады, бір нәр-
сені жақсы көреді, бір нәрсені жек 
көреді. Міне, осындайлар – жанның 
барлық белгісі... Денедегі жанға се-
рік болуға жарайтұғын нәрсе – қан».
М.-Ж.Көпеев айналадағы дүниені 
танып білу үшін көз бен құлақтың 
зор маңыз алатынына тоқталады. Көз
мимен жалғасып жатады. Ол миға 
сыртқы дүниедегі әртүрлі нәрселер-
ден ақпарат әкелуші дәнекер рөлін 
атқарады. Танымның келесі бір түрі 
адамның бір көрген нәрсесін қайта 
жаңғырту қабілеті. Көпеевтің тілі-
мен айтсақ, бұл сырттан келген нәр-
сенің бәрін жазып отыратын хатшы 
іспеттес аппарат. Танымның үшінші 
түрі – аппараттың дұрыс-бұрысты-
ғын тексеріп, бақылаушы мидың әре-
кеті. Мұның төртінші түрі – кісінің 
көрген-білгеніне қоса көрмегенін де 
тануға жәрдем беретін ішкі таным-
ның, яғни қиялдың мазмұнымен үй-
лесіп келеді.
Қиял неғұрлым ұшқыр да, аумақты 
болса – таным соғұрлым тереңдей 
түспек. Қиялда елестетудің де мәні 
зор. 
...Адам танымы бес бастаудан 
нәр алатын асау өзен іспеттес. Оның 
бірі – көру, екіншісі – есту, үшіншісі – 
түйсіну, төртіншісі – иіс сезу, бе- 
сіншісі – дәм... 
Сезім органдарына 
тек тап-таза бейнелер ғана келіп түс-
пейді, сонымен бірге бұған ескі-құс-
қысы аралас, тіпті лас нәрселер де
келеді. Ойлау оларды сұрыптай оты-
ра жарамдыларын ғана қабылдап, 
жарамсызын шығарып тастайды... 
Тіл – ой маржаны, ойсыз тіл жоқ... 
Арман – сөздің қаймағы, нәр тұзы. 
Қиял – өмірдің гүлі, әдеміліктің мә-
йегі. Қиялсыз адам – дәрменсіз. Қиял 
мен арман үміт пен тілек ақылды 
дамытып, дүниетанымды кеңейтіп, 
ойды тебірентіп толқытады.
Осындай қиял ғана мінез-құлықты 
түзетіп, кісіні адамгершілікке, иман-
дылыққа тәрбиелейді... Егер біреу 
бақытсыздыққа душар болса, екін-
шісі оған көңіл айтып, қайғысын бө-
ліседі. Ал қуаныш пен шаттыққа 
кенелген кісі дәл қайғыға ортақтас-
қандай болмайды. Өзгенің қайғы-
қасіретіне шын мәнісінде ортақтаса 
білу үшін тәрбие барысында біртін-
деп қалыптасқан адамгершілік қа-
жет... Ғұлама ақын ерік-жігер туралы 
айта келіп, еркі күшті адам алдына 
қойған мақсаты жолында ештеңеден 
қайтпай, талабынан бас тартпай, үміт 
үзбей, ұсақ-түйекпен айналыспай, 
жоқшылыққа мойымай әрекет етеді. 
Жігерлі жан тыныш өмір сүре алмай-
ды, оның тыныс-тіршілігі ылғи да 
талас-тартыс пен күреске толы, өйт-
кені кісінің бар арманы мақсатқа же-
ту жолына бағытталады. Көп жағ-
дайда оның мақсат мүддесі, талап-ті-
легі өзгелердің қалауымен үш есе 
бермейді, оның алдына кесе-көлде-
нең тұрып, қалаған жолына кедергі 
келтіреді. 
Мәшһүр-Жүсіптің пікірінше, бейғам-
дық та әр түрлі. Бейғамдықтың бір
түрі – айналада болып жатқан нәр-
селерге мүлде көңіл аудармай, одан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет