- летие Советской психологии»
(Киев, 1967); «Вопросы психологии
мышления» (Психолог.наука в СССР,
том 1, 1959) т.б.
Көз АККОМОДАЦИЯСЫ (көздің
жаттығуы) – көз бұршағы дөңестігі-
нің өзгеруі арқылы көздің әр түрлі
қашықтықтағы заттарды анық көру
қабілеті. Мыс: жақындағы затты
көргенде көз бұршағының дөңестігі
артады. Аккомодация кезінде бұр-
шақтың алдыңғы дөңестігі 10-нан 6
мм-ге, ал артқы дөңестігі 6-дан 5,5
мм-ге дейін өзгере алатыны есептел-
ген. Көздің қозғалысы – көру ана-
лизаторының, ондағы ұзақта, жақын-
да қозғалып немесе жылжып бара
жатқан нәрселерді көріп анықтауда
маңызы зор. Көз алты бағытта (2 –
қиғаш, 4 – тура) бұлшық еттердің
жәрдемімен тура сыртқа (42ä), ішке
(45 ä), жоғары (54 ä), төмен (57 ä)
қозғалады. Көздің өткірлігі – көру
бұрышы бір минутқа тең болған жағ-
дайда, көздің екі нүктені жеке-же-
ке көру қабілеті. Көздің ең өткір жері
сары дақ аймағы. Көз өткірлігін арна-
йы сандар немесе сөздер жазылған кес-
тені пайдалану арқылы анықтайды.
КөзҚАРАС – көз тастау, көз тігу. К. –
адамның, әлеуметтік топтың неме-
се тұтас қоғамның айналада болып
жатқан үрдістерге және құбылыс-
тарға қатысын айқындайтын дүние-
танымдық категория. К. дүниетаным-
ды құрайтын элементтердің бірі бо-
лып табылады және оның қалыпта-
суы білім мен тәрбие негізінде, өмір
бойы үздіксіз үрдіс негізінде жүреді.
Көзқарастың калыптасуы үшін фи-
лософиялық, ғылыми, діни білімдер-
дің және қоғамдағы үстем идеоло-
гияның әсері мол.
КөЛГІРЛІК – мінездегі былайғы
адамдарға ұнамайтын мінез сипаты.
К. бір нәрсені біліп тұрып білмеген-
дік, мүләйімсушілік. К. білген нәр-
сені әдейі білмегенсіп сиқырлануды
да білдіретін мінез қатпарларының
жасырын сыры деуге де болады.
«Көлгірленбе енді деді – Досбол
(Ақынжанов)». К. мінез ерекшелігі
ретінде сықақ, кекесін, сайқал, мүлә-
йімсу сияқты көріністерді де атай
береді. Бұл ерекшеліктер К.-тің сан
қилы түрлері арқылы адам мінезінде
жиі кездесетінін білдірумен бірге
адамның даралық психологиясының