268
объект туралы бір мезгілде қарама-
қайшы екі психологиялық «білімдер»
(пікірлер, ұғымдар) болатындай жағ-
даятта пайда болатын жағымсыз ын-
таландырушы күй. Диссонанс күйі
субъективтік тұрғыдан қолайсыздық
болып
ұғынылады; одан диссонанс-
тық білімдер элементтерінің бірін
өзгерту, не жаңа элемент енгізу ар-
қылы арылуға тырысады. Бертін ке-
ле Л.Фестингер диссонансты таңдау-
ды
жете ақтамаудың салдары деп
анықтады.
Өз қылығын ақтауды күшейтуге ты-
рысып, адам не өз мінез-құлқын өз-
гертеді, қылық соған байланысты объек-
тіге көзқарасын өзгертеді, не қылық-
тың өзі және басқалар үшін маңы-
зын кемітеді. 70-жылдары бірқатар
зерттеушілер ақпараттық терминдер-
дегі «диссонанстық эффектілерді»
қайта қарап, каузальдық жүйелердің
функция атқаруының жеке бір жағ-
дайы деп көрсетті. Бүкіл когнитивис-
тік бағдарға тән когнитивтік диссо-
нанс теориясының басты кемшілігі –
зерттеулердің
субъектіге, оның сана
әлеміне шоғырлануы, субъект қам-
тылған және оның қоршаған болмыс-
пен байланысына негіз болатын зат-
тық іс-әрекетін жете бағаламаушылық.
КОГНИТИВТІК ПСИХОЛОГИЯ
–
қазіргі
психологиядағы таным әре-
кеттерін зерттейтін жетекші бағыт-
тарының бірі. Әуел баста когнитив-
тік психологияның басты міндеті –
сенсорлық ақпараттың стимулдың
рецепторлық бетке түскен
сәтінен
жауап алынғанға дейінгі өзгерулерін
зерттеу болды. К.п. бихевиоризм мен
психоанализді интеллектуалистік
немесе менталистік позициялардан
сынайтын барлық бағыттарды қам-
тиды. К.п. – білімдер негізінде адам-
ның қылықтарын түсіндіретін жә-
не сол білімдердің үрдістері мен қа-
лыптасу динамикасын зерттейтін пси-
хологиядағы
зерттеу бағыттарының
бірі. Өзі және дүние туралы білім-
дері жөнінде дамыған танымдық үр-
дістер мен санаға байланысты адам
психологиясының бір бөлімі.
Достарыңызбен бөлісу: