Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет276/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КЕСЕ
КЕШІ


265
мойындауы. «Қатемді кейін аңға-
рып, командирден кешірім сұрадым –
деді ол (Мұқанов)». Кешірім сұрау –
ақылдылық пен кісілік қасиет. Ал К. –
гуманистік көзқарас. Адамның өзі 
жіберген қатесі мен оғаш істерін ой-
санасымен сезініп мойындауы оның 
мінезіндегі ерлігі мен батылдығын 
білдіретін ерік-жігер қасиетін біл-
діреді. К. қоғамдағы азаматтардың 
болашағына саналы түрде сенім ар-
тып, олардың қайта тәрбиеленуіне 
мүмкіндік беріп, болашағына сенім 
артудың көрінісі.
КИНЕСТЕзИЯ 
– грек сөзі, қаз. 
қозғалыс түйсігі 
деген мағынаны 
білдіреді. К-лық түйсіктер дененің 
жеке мүшелерінің бір күйдегі қал-
пын, қозғалысын білдіреді. К-лық 
түйсіктерді кейде қозғалыс түйсігі
деп те атайды. Оның рецепторла-
ры – ет, тарамыс, сіңірлердегі жүйке-
лердің ұштары. Адамның қозғалыс-
қа түсетін мүшелерінің барлығы да 
осы түйсікке сүйенеді.
КЛИЕНТ ПСИХОЛОГИЯСЫ 
– 
қандай да бір мәселені шешу үшін 
кәсіби психологтан кеңес алуға кел-
ген адам. К.-ті вербалды қолдау –
психологиялық кеңес жүргізіп жат-
қан уақытта, клиентті психолог-ке-
ңесшімен бірлесіп белсенді жұмыс 
істеуіне ықпал ететін сөйлеу әдісі;
клиенттегі психологиялық күйзеліс-
терді, әсіресе оны ашық әңгімеге 
тартқанда психолог-кеңесшінің түр-
лі сөздер мен сөйлемдерді қолда-
нуы. К. әрекетінің базистік мотива-
циясы – клиенттің алдына қойған
мақсаттарына жету үшін, психология-
лық кеңес кезінде алынған ақылды
іс жүзіне асыру үшін мотивация-
лауға және стимул беруге болатын 
клиенттің қызығушылықтары мен 
қажеттіліктері. К-ке көмек – клиент 
өздігінше кеңес кезіндегі алған ұсы-
ныстарды орындауды бастағанда 
психолог-кеңесшінің беретін көмегі. 
К-ке оперативті көмек – кеңестен 
жылдам нәтижелі жетістікке үміттен-
діретін психолог-кеңесшінің клиентке 
көрсететін кезектегі шұғыл көмегі.
К. қылығының альтернативті әдісте-
рі – клиенттің мәселесін іс жүзінде 
шешуге байланысты, оның түрлі, си-
рек, қарама-қайшы келетін қылығы. 
К-тің максимализмі – клиенттің өзін
өнегелі адам етуге, барлық кемшілік-
терінен арылуға, өте аз күш пен уа-
қыт жұмсап, өзі үшін жағымды 
нәтижелерге жетуге ұмтылыстары 
мен тілектері. К-тің – Мен бейнесі –
клиенттің өзі туралы, өзінің психо-
логиялық ерекшеліктері туралы тү-
сінігі (елесі). К-тің мнемикалық мә-
селесінің даралық ерекшелігі – нақ-
ты клиентпен жұмыс істеуде оның 
есімен (жадысымен) байланысты ар-
найы және жекелік ерекшеліктердің 
күрделілігі. К. мәселесін уақытша 
шешу – клиентті толғандырған мә-
селенің өзектілігін тек аз уақытқа ға-
на шешу, бірақ ол мәселені толық 
шешпейді және оның келешекте қай-
таланбауына немесе туындамауы-
на кепілдік берілмейді.
К-тің мәселесін шешуге конструк-
тивті қатынас – психолог-кеңесшінің 
клиентті мәселелі уайымнан құтқару
ғана емес, сондай-ақ клиенттің энер-
гиясын сақтап немесе ұлғайтып, 
оларды мәселені шешуге (конструк-
тивті ағымға) бағыттауға әрекеті. К-
тің өзіне сенімсіздігі – клиенттің өз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет