264
шақтың
тез өткеніндей, келер шақ-
тың өте ұзақ тәрізденіп көрінуі
–
субъективтік жағдайлардың нәтиже-
сі. Егер адамның уақыты мағыналы,
қызықты істермен толы болса, ол уа-
қыттың
қалай өткенін байқамай да
қалады.
Адамның көңілі қаншалық шат бол-
са, уақытта соншалықты тез өткен-
дей болып қабылданады. Мәселен,
қызық ойын үстінде уақыт тез өтеді.
Ал, керісінше, адамның уақыты мән-
сіз өтсе, ол кезең бітпейтіндей бо-
лып көрінеді. Мәселен, поезды кү-
тіп отырған
адамға уақыт өтпейтін-
дей көрінеді. Уақыттың қабылдануы
оның қандай мазмұнда болуымен
де шарттасып жатады. Егер ұсақ-
түйек
әрекетпен өткен уақыт ұзақ
болып көрінсе, пайдалы әрекетке то-
лы уақыт тез өтеді. Көбінесе уақыт-
ты субъективтік болжау дұрыс бол-
май шығатындықтан, оны объектив-
тік өлшемдермен (минут, сағат, тәу-
лік, апта т.б.) өлшеген дұрыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: