260
КӘСІБИ ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКС
–
практикалық психолог, соның ішінде
психолог кеңесшінің адамдармен жұ-
мыс істеу кезіндегі мүлтіксіз сақтай-
тын
негізгі заңдар, жағдайлар және
ережелер жиынтығы. К.э.к. психолог-
тардың кәсіби бірлестіктерінде қа-
былданып және сол бірлестік шеңбе-
рінде іске асырылады.
КЕЛЕМЕЖДЕУ
–
адамның мінез-
құлқы мен ұнамсыз, оғаш, жағымсыз
қылықтарын мазақ етіп, күлкіге, сай-
қымазаққа айналдыру. К. – күлу, ма-
зақ ету түріндегі адамның бойында-
ғы оғаш қасиеттері мен ретсіз іс-қи-
мылын мінеп, сынау. К. – адамға күш-
ті ықпал етіп, оның жағымсыз қы-
лықтарын сын көзімен қарап түзетуі-
не ықпал етіп отыратын әсерлі күш.
К. – сықақ пен әзілқойлықты да біл-
діретін әсерлі әрекет. К. –
арқылы
адамға әсер ету зілсіз түрде жүзеге
асып, оның ар-ұятын оятатын күш,
саналы түрде өз қылығы мен мінезін
өзгертуге ықпал ететін шара. Адамның
мінез-құлығын орынсыз К. өзара өш-
пенділік пен жаулыққа соқтыруы мүм-
кін. Мұндай жағдайда халық дана-
лығы: «Дос жылатып айтады, дұш-
пан күлдіріп айтады»
дейтін қағи-
даны басшылыққа алған жөн. Оның
байыбына барып, мағынасын терең
түсінген жөн.
КЕМСІНУ
– көңілге тоқ санамай,
адамның бойындағы мінез-құлқы мен
ісіндегі,
тіршілігі мен ақыл-ойын-
дағы олқылықтарын аңғарып, кем-
шіліктеріне көңілі толмайтын сезім
күйін білдіретін жайт. К-дің бір ерек-
шелігі – кемсіту. Кемсіту – қорлау,
өзгелерді
менсінбей, оларды төмен-
дету. Мұндай қылық адамның тәкап-
парлығын, өркөкіректігін білдіретін
жағымсыз сипат. Езілген, қаналған,
тапшылық
көрген адамдардың іс-
әрекеті мен мінез-құлқындағы кем-
шіліктерін кемсіту күпірлік, әрі ада-
ми қасиетке ауыспайтын асқақтық-
ты білдіретін
жағымсыз да жеккө-
рінішті қылықтар. Сондай-ақ жарым-
жан, мүгедек, кемтар адамдарды кем-
сіту адамгершілікке жатпайтын то-
ғышарлық мінез. Мүсәпір, бишара-
ларды
кемсіту жалпы адами көзқа-
расқа қайшы пікір болып саналады.
Адам мінезіндегі өзгелерді кемсіту
психологиялық тұрғыдан алып қа-
рағанда гуманистік көзқарастарға ке-
рі қатынасты білдіретін сипат.
Достарыңызбен бөлісу: