Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет269/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ИПОХ
ИІСТ


259
ЙОГА – 
(санскр. 
yoga
– қосылу, ой-
ларды шоғырландыру, аңдау) – адам-
ның тұлғалық кемелденуінің ежелгі 
үнділік діни-философиялық жүйесі; 
зейінді барынша шоғырландыру есе-
бінен психиканы өзгертуге бағыттал-
ған психо-физикалық жаттығу жүйе-
сімен байланысты. Йоганың ең ежел-
гі нысандары бастапқыда ведда ді-
нінің шеңберінде дайындалып, оның 
жоралары абыздардан зейінді белгілі 
бір бейнелерге үдете шоғырландыру-
ды талап етті.
Тиісті әдістердің белгіленуі арқылы 
«сегізмүшелік Й» классикалық жү-
йесі жасалады. Бұл орайда шәкірттің 
жаттығуы 8 кезеңнен өтеді:
1) қылықтарды бақылау (күштеуші-
лікке бармау, шыншыл болу, ұрлық-
қа жоламау, сұғанақ болмау, нәпсіге 
ермеу);
2) өзін-өзі тежеу (тазалық, қанағат-
шылдық, аскеттік жаттығулар, қасиет-
ті мәтіндерді дауыстап қайталау, құ-
дайға жалбарыну);
3) денені дұрыс ұстау (84 «аспаннан» 
тұратын жүйе);
4) тыныс алуды бақылау (пранаяма) –
тыныс алу ырғағын біртіндеп баяу-
лату әдістерінің жиынтығы; йоганың 
түсініктерінде барлық психикалық про-
цестердің, ең алдымен, ойлаудың ыр-
ғағы осы тыныс алумен байланысты;
5) сезімдерді тежеу – шоғырлану, шо-
му мақсатында сыртқы сезімдердің 
қызметін тоқтату;
6) зейінді сыртқы бір (шағын) объек-
тіге шоғырландыру;
7) медитация – зейінді шоғырлан-
дырудың ең биік дәрежесі, объектіге 
«сіңу» күйі;
8) транстық медитация (самадхи) –
зейіннің шомуы арқылы Мен-ді се-
зінуден қалу.
Транстық күйдің екі типі саралана-
ды: 1-ші жағдайда объектіні сол кү-
йінде түйсіну әлі қалмайды, 2-ші жағ-
дайда субъекттің белсенділігі өзіне-
өзі тұйықталып, объект туралы түсі-
нік атаулы ғайып болады. Психофи-
зиологиялық жаттығудың бұл атал-
ған түрі раджа-й деп аталады.
Мұнымен қатар азды-көпті ықшам-
далған жолдар сипатталады:
ұстазбен (не құдаймен) эмоциялық 
байланысты қалыптастыру – бхакти-й;
жоралық іс-қимылдар жасау – карма-й 
және т.б.Йога жүйесі бойынша жат-
тығу адамның психикасында терең өз-
герістер жасауға тиіс.Бұған йогтар-
дың ішкі ағзалардың қызметін рет-
теу, ыстық пен суықтың ең шеткі ша-
маларына оңай төзу, тамақсыз және 
ауасыз ұзақ уақыт шыдау және т.б.
қабілеттері жатады.Сонымен қатар 
йога мәтіндеріне жүйені тұтас түсі-
нуді қиындататын бірқатар мифоло-
гияландырылған түсініктер енген.
Йоганың жағымды жағы психикалық 
функцияларды жаттықтырудың ға-
сырлар бойғы тәжірибесі сараланып 
пайдаланғандығында, алайда бұл адам
психикасының табиғаты туралы мис-
тикалық және иррационалдық түсінік-
термен қабаттастырылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет