Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ИНТЕГРАЦИЯ  – 1.шетел психо- логтары мен отандас психологтар- дың ұштасатын теорияларының ке- ИНТЕ



Pdf көрінісі
бет265/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ИНТЕГРАЦИЯ 
– 1.шетел психо-
логтары мен отандас психологтар-
дың ұштасатын теорияларының ке-
ИНТЕ
ИНТЕ


255
шені; 2.таным әрекеттерінің бір-бірі-
мен құрамдас бірліктер ретінде кешен-
ді орындалуы; 3.жеке психикалық
үрдіс қасиеттерінің немесе операция-
ларының бөлек зерттелу нәтижесінде 
сол үрдіс немесе қасиет туралы тұ-
тастық қорытынды; 4.интеграция (мем-
лекетаралық экономикалық одақтар-
дың құрылуы); 5.мат. интеграл шы-
ғару, интеграл табу.
ИНТЕЛЛЕКТ 
(парасат, зият), (лат.
intellectus 
– ақыл, парасат, ес) – ин-
дивидтің ақыл-ой қабілеттерінің 
біршама орнықты құрылымы. Алға-
шында бұл термин адам психикасы-
ның орынды ойлау функцияларын 
белгілесе, қазіргі кезде оған барлық 
танымдық процестер кіреді. И. адам-
ның болмысты тануының негізгі ны-
саны. И. ақпаратты мақсатты бағыт-
ты қайта өндеуге, реттеуге, оқуға 
қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің 
танымдық іс-әрекеті. И. функцияла-
ры: а) оқуға деген қабілеттілік; б) қор-
шаған болмыстың заңдылықтарын 
белсенді меңгеруге қабілеттілік. 
Бірқатар психологиялық тұжырым-
дамаларда И. ақын-ой операция-
ларының жүйесімен теңдестіріледі. 
Теориялық және практикалық И. 
жеке адамның эмоциялық-ерік 
ерекшеліктерімен байланысты. И. 
түрлері: абстрактылы зияты, ересек-
тер зияты, нақты И., кристалданған
И., күнделікті И., жануарлардың 
зияты, жасанды И-тің көрсеткіші 
анықталған коэффициент деңгейіне 
байланысты.
ИНТЕЛЛЕКТІК СЕзІМДЕР
. Мұн-
дай сезімдер адамның танымдық
(тану) үрдістерімен, ақыл-ой әреке-
тімен тығыз байланысты туындайды. 
Интеллектік сезімнің түрлеріне: таң-
сықтау, білуге құмарлық, күдіктену, 
сенімділік, интуиция, ықтималдық, 
жаңашылдық, болжау т.б. сезімдер 
жатады. Сезімнің мұндай түрлері оқу
үрдісінде, ғылыми-зерттеу ізденіс-
терінде, адамға зор ләззат беретін жа-
ңалықтар ойлап табуда пайда бола-
ды. Мұғалімнің басты міндетінің бі-
рі – оқушыларда интелектік сезім-
дерді тудыру арқылы санасын қа-
лыптастыру болып табылады. Ол үшін 
көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір бі-
лім алу мақсатына жете алмайтыны-
мызды оқушыларға түсіндіру керек. 
«Оқу инемен құдық қазғандай», ол 
оңайлықпен қолға түспейді.
Оған жан-тәніңмен берілмесең, тия-
нақты еңбек етіп, қатты зейін қойма-
саң болмайды. Оны үнемі толықты-
рып отыру да қажет. «Адамның кө-
ңілі шын мейірленсе, – дейді Абай, –
білім-ғылымның өзі де адамға мейір-
леніп, тезірек қолға түседі». Жүрдім-
бардым үйренетін адамдарға ғылым 
тұрақтамайды. Өйткені ғылым өзіне
түгелдей берілуді қажет етеді. Интел-
лектік сезімдер адамның сана-сезі-
мінен орын алса, шындықты аша тү-
суге құмары арта түседі, мұндайда
ол асыл мұрат үшін күреске белді 
бекем байлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет