Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет266/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ИНТЕЛЛЕКТ ТЕСТІЛЕРІ 
– ин-
дивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтау-
ға арналған психологиялық диагнос-
тика әдістемелері. И.т.нің көпшілі-
гінде сыналушыға арнаулы бланкте 
тестінің міндеттері солардан құрас-
тырылған терминдер мен ұғымдар 
арасындағы нұсқауда көрсетілген ло-
гикалық топтастыру, ұқсастыру, қо-
рыту және т.б. қатынастарды анық-
тап белгілеу ұсынылады. Сыналушы 
ИНТЕ
ИНТЕ


256
өзінің шешімдерін жазбаша түрде, 
не бланкіде бар бірнеше варианттың 
біреуіне белгі қояды. Есептер кейде
суреттерден, геометриялық фигура-
лардан және т.б. тұрады. Тестілер
есептеріндегі дұрыс орындалғанда-
рының санына қарап сыналушының 
ойдағыдай өткені анықталады, зият-
тылық коэффициенті шығарылады. 
Алайда тестілеу нәтижелерінің сына-
лушының ақыл-ой әлеуетін анықтау-
дан гөрі оның бұған дейінгі тәжі-
рибесінің, оқытылғандығының ерек-
шеліктерін анықтауға ғана себеп бо-
латын жағдайлар мен қиыншылықтар 
бар. Сондықтан бұл нәтижелерді 
«тестілік» немесе «психометриялық» 
зият деп есептеуге де негіз бар. Шын 
мәнінде «тестілік» зият индивидтің 
ақыл-ойы дамуының деңгейін көрсе-
теді, ал мұның критерийі нақты зият 
тестілерінің авторлары ұсынған ұғым-
дар мен терминдердің және олардың 
арасындағы логикалық қатынастар-
дың жинағы болып шығады. Әр
түрлі мәдениеттердің өкілдері болып
табылатын индивидтер үшін бұл жи-
нақтың критерий бола алмайтыны 
түсінікті. И.т-нің әртүрлі үлгілері 
теориялық зерттеулерде және дефек-
тология практикасында қолданыла-
ды, тестілеу нәтижелері үшін өңдеу-
дің ерекше әдістері талдап белгі-
ленген.
ИНТЕЛЛЕКТ КОЭФФИЦИЕНТІ 
(ағылш. 
intellectual quotient
)
 – 
ақыл-
ой жасы деп аталатынның (АЖ) осы 
тұлғаның шын хронологиялық жа-
сына (ШЖ) қатынасы; іQ символы-
мен белгіленетін бұл қатынас мына 
формула бойынша анықталады: АЖ : 
ШЖ х 100% = іQ. Ақыл-ой жасы жас 
шкалаларының бірі арқылы тестілеу 
нәтижелерімен анықталады 
(қ. Зият 
тестілері). 
Әртүрлі жас шкалалары-
на енгізілген тестілердің көпшілігін-
де логикалық, логикалық-перцептив-
тік және арифметикалық амалдар-
дың меңгерілуі, жалпы хабардарлық, 
практикалық жағдаяттардағы бағ-
дарлану, ырықты ес (жад) және т.б. 
қамтылып орындалатын міндеттер 
белгіленеді. Жас шкалаларын құрас-
тырғанда психолог тәжірибе мен түй-
сікті басшылыққа алып, міндет-тап-
сырмаларды іріктейді. Олар өздері 
қамтыған материал бойынша (тер-
миндер, ұғымдар, графикалық бейне-
лер және т.б.) ынталандырылатын 
ақыл-ой әрекеттері бойынша осы 
әлеуметтік қауымдастықтағы шкала 
қамтитын жастарға ұғынықты болу-
ға тиіс. Мұның өзі, әдетте, жастық 
өкілдік іріктемелерде эксперимент 
арқылы тексеріледі. И.к. былайша 
алынады. Бастапқыда сыналушыға 
оның өз жасынан бір жас кіші жас-
қа сәйкесетін тапсырмалар ұсыны-
лады; жас шкаласы бойынша «төмен» 
бағытта одан қатарынан бес дұрыс 
жауап алу керек. Бұдан әрі шкала 
бойынша «жоғары» қарай қатарынан 
дұрыс емес жауап алынғанға дейін 
тапсырмалар ұсынылуы тиіс. Тесті-
леу осымен шектеледі. Бұдан соң 
«балалық жас» тестілерінің санына 
барлық дұрыс жауаптарының саны 
қосылады. Ерекше кесте бойынша 
алынған қосынды қандай ақыл-ой жа-
сына сәйкес келетінін табады. Осы-
дан кейін формула бойынша И.к. 
есептеліп шығарылады. И.к. ұғын-
дыруда бұл коэффициент барлық әлеу-
меттік құрамдастықтар үшін ортақ 
ешқандай ақыл-ойды немесе зиятты 
анықтамайтынын есте ұстау керек, 
сол сияқты ол қайсыбір табиғи неме-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет