253
мәнін кенеттен қайта ұйымдастыруды
немесе құрылымдауды сипаттайды.
ИНСТИНКТ
–
гректің сөзі, қазақ-
шалағанда «соқыр сезім» деген ма-
ғынаны білдіреді. Бұл жануарлар-
дың күрделі туа біткен іс-әрекеті,
оның көмегімен өз қажеттілектерін
қанағат-тандырады. Мәселен, өрмек-
шілер
ерекше шеберлікпен өзінің
өрмегін тоқиды, бірақ та олар алдын
ала бұл өнерге үйренген емес. Бал
арасы орасан зор математикалық
дәлдікпен омартасының құрылысын
салады. Кейбір жануарлардың түрле-
рі, әсіресе, жәндіктер өз ұрпақтарын
көрмейді, бірақ алдын ала жұмыртқа
саларда өз тұқымы үшін ыңғайлы үй
және тамақ дайындайды, ол дүниеге
келген тұқымы жеткілікті дамуы жә-
не өз бетімен жетілуі үшін істеледі.
Мәселен, жазғытұрым жол бойында
немесе жанында қара қоңыздың жұ-
бы тамағын шар түрінде домалатып
бара жатқанын аңғарамыз. Бұл шар –
болашақ дүниеге келетін тұқымы
үшін істеліп жатқан қарекеттер. Шар-
ды белгілі көлемде домалатады. Ана-
лық қара қоңыз шардың ішіне жұмырт-
қа салады, содан кейін оның аузын
жауып, бітегеннен кейін, осы шарды
қауіпсіз жерге домалатып апарып қоя-
ды.
Біршама уақыт өткеннен соң,
шардың ішіндегі жұмыртқадан кіш-
кентай құрттар шығады. Құрт шар-
дың өзімен қоректенеді де өсіп оты-
рады. Шардың ішін кеміріп, кішкен-
тай қоңыз кеңшілікке шығады. Ин-
стинктер қалыптаспайды, әрі күнде-
лікті өмір барысында оларды жат-
тығулар арқылы қалыптастыруға
болмайды, ол
туа біткен қасиет, тұ-
қым арқылы ата-аналарынан бері-
леді. И.П.Павловтың ілімі бойынша,
инстинктер – бұл сол шартсыз реф-
лекстер, оларға қарағанда табиғаты
күрделірек. «Қазіргі кезде, – деп жаз-
ды И.П.Павлов, – толықтай анық-
талды деуге болады, демек, инстинк-
тер дегеніміз – сол рефлекстер, тек
бірнеше жиі күрделі
құрамнан ғана
тұрады».
Инстинктер – бұл әртүрлі шартсыз
рефлекстерден тұратын тізбекті реф-
лекстер, әрбір рефлекстің қозғау-
шы бөлігі кейінгі рефлекстер үшін
тітіркендіргіш болып табылады. Жа-
нуарлар инстинктерінде бізді таң
қалдыратыны олардың органикалық
мақсаттылығы болып есептеледі. Бі-
рақ жануарлар
инстинктерінің мақ-
саттылығы ерекше шектеулі. Жа-
нуарлар инстинктері таптаурынды
түрде іске асады. Мәселен, өрмекші
тоқыған торына түскен шыбынды
бас салып, оны жеп қояды. Бірақ
өрмекші мен шыбынды торда емес,
стаканға бірге салып қойса, онда өр-
мекші шыбыннан қаша бастайды.
Инстинктердің
шығуын алғаш рет
түсіндірген Ч.Дарвин болды. Оның
ілімі бойынша, инстинктер жануар-
лардың ұзақ эволюциялық даму үр-
дісінде, сыртқы ортаға бейімделуде
өмір жағдайларына байланысты
қалыптасады. Инстинктер жануар-
ларды
қоршаған ортаға бейімделуді
және өмірлік қажеттіліктерін қана-
ғаттандыруды қамтамасыз етеді. Ақ-
тиін инстинктіге бағына отырып, өзі-
не ұя жасайды және тамақ жинай-
ды. Құс та әртүрлі күрделі әрекеттер-
ді жасай отырып, ұя салады, сондай
дәлдікпен, бірақ алдын ала оған
үйретілмеген болса да бал арасы омар-
та жасайды, көптеген бақылаулар
Достарыңызбен бөлісу: