Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет278/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КЛИЕНТТІҢ КЕРІ БАЙЛАНЫ-
 
СЫ 
– психологиялық кеңестен ке-
йінгі, кеңес барысында алынған 
ұсыныстарды клиенттің орындау үр-
дісінде, психолог-кеңесшінің клиент-
пен қарым-қатынасы. Мұндай қа-
тынастар психолог-кеңесшіні өзінің
ұсыныстарының клиентке ықпалы
туралы мағлұматпен қамтамасыз-
дандырады. Сонымен бірге клиент 
өз мәселесін шешуіне байланысты 
қылықтарын түзетуге де мүмкіндік 
туғызады. Клиентті бағаламау –
психолог-кеңесшінің клиенттің тұл-
ғалығына немесе қылығына «жақсы» 
немесе «нашар» деген баға беруден 
бас тартуы; психолог-кеңесшінің 
клиентті сол күйінде тұлға ретінде 
қабылдауға ыңғайы. Клиентке сенім –
психолог-кеңесшінің клиентке бар-
лық жағдайда сенуге дайындығы 
мен қабілеті; психолог-кенесшінің 
клиенттің өз мәселесін өз бетімен 
шеше алуына сенімі. Клиентпен кез-
десу – клиент мәселесін толық ше-
шуге психолог-кеңесшіге қажетті (ап-
та, айлар немесе жылдар) белгілі бір 
уақыт ішіндегі психолог-кеңесшінің 
клиентпен кездесулерінің жалпы 
саны. Клиентпен бейресми жағдай –
психолог-кеңесші мен клиенттің бір-
бірімен қатынасы мен бір-бірін қа-
былдаулары барлық жағынан тең 
құқылы адамдар ретінде, бір-бірімен 
ресми түрде емес бұрыннан жеткі-
лікті дәрежеде жеке таныс адамдар 
КЛИЕ
КЛИЕ


267
сияқты өтетін жағдай. Клиентті қол-
дау – психолог-кеңесші тарапынан 
клиентті эмоционалдық, сөздік қол-
даулар. Мұндай қолдаулар ниет біл-
діру, есіркеу, жан ашу, уайымына 
ортақтасу, мақұлдау, ұнату, көңіл ай-
ту, тілектес болу, мадақтау т.с.с. ар-
қылы білдіріледі. Интерперсонал-
дық сапалар – клиентпен жекелік 
қатынасында көрініс беретін психо-
лог-кеңесші мінезінің психология-
лық қасиеттерінің жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет