Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет275/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КЕСЕПАТТЫЛЫҚ 
адам міне-
зіндегі кесірлі, зиянкес, қаскүнем 
әрекеттері арқылы ерекшеленетін си-
паттар. К. қырсық, пәле ретінде де
мінездің жағымсыз, жексұрын ерек-
шеліктерімен де көрініс береді. К-ты 
Абай былай анықтайды: «Қазақтың 
малын сыпырып, Көп пәлеге шаты-
лып, Кесепатқа жолықты, Өзінен шық-
қан жақсылар, Түзей алмай зорық-
ты». Мінез-құлқы мен іс-әрекетіндегі 
К. бар адамды әлеуметтік өмірде мі-
неп, сынап өзгелерді олардан қорға-
ған. К. көрсеткен адамды жөнге салу 
үшін оны дұрыс жолға салып қайта 
тәрбиелеу шараларын қолданған. Адам 
баласы мен қоғамға жауыздық әре-
кет жасағандарды кесепатты деп са-
наған. К. мінездегі зиянкестік, жексұ-
рындық сипат болғандықтан, ондай қы-
лықты жойып, қайта тәрбиелеу ісі-
не қоғамдық өмірде ерекше көңіл 
аударылады.
КЕСТЕ
(Ж.Пиаже теориясында-
ғы) – ағзаның сыртқы орта жағдай-
ларына бейімделу әдістеріндегі опе-
рациялар мен әрекеттердің қарапа-
йым және қайталану реті. Өмірдің түр-
лі жағдай-ларында адамның ойла-
нуы мен қылығын ұйымдастыруды 
басқаратын ішкі интеллектуалды пси-
хологиялық құрылым. Практикалық 
және эксперименталды психология-
да алынған материалдардың статис-
тикалық өңдеулерінде қолданылып 
зерттеу нәтижелерін тиімді жария-
лауға дәнекер болады.
КЕШІРІМДІЛІК 
адамның оқыс 
істері мен әлеуметтік өмірде, қоғамға 
зиянды іс-әрекет жасап, залалды іс-
терінің мән-жайын түсіндіріп, оған 
гуманистік тұрғыдан қамқорлық көр-
сетіп кеңшілік көрсету. Белгілі қоғам-
дағы мемлекеттік жоғары билік орын-
дары әлеуметтік өмірдегі зиянды 
әрекеттермен, қылмысты істермен 
айналысқан адамдарға лайықты жа-
за қолданумен бірге, оны қайта тәр-
биелеп жөнге салуға болады деп тап-
са, оған кешірім жасалады. Ал күн-
делікті тұрмыс-тіршілікте қателесіп, 
іс-әрекеттерінде жіберген жағымсыз 
қылықтарына да К. жасалып оған 
дұрыс жол-жосық көрсетіледі. Айы-
бын мойнына алып, қатесін дұрыс 
сезініп, оған өкініш білдіретін адам-
ға да К. жасалады. Кешірім сұрау –
әрбір адамның өзі жіберген қатесін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   271   272   273   274   275   276   277   278   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет