Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет285/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

КөНБ
КөҢІ


272
келей салдары емес, адам үшін оның 
жалпы өмірлік жоспарлары, мүдделе-
рі мен күтулерінен туындап жататын, 
олардың маңызына қатысты алғанда-
ғы эмоциялық реакциясы болып та-
былады. Қалыптасқан көңіл күй, өз 
кезегінде, болып жатқан оқиғаларға 
қатысты тікелей эмоциялық реакция-
ға әсер етіп, осыған орай адамның 
ойларының қабылдауының және мі-
нез-құлқының бағытын өзгерте ала-
ды. Белгілі бір көңіл күйді тудыра-
тын себептердің ұғынылу дәреже-
сіне байланысты ол бөлінбеген жал-
пы эмоциялық ая ретінде (көтерің-
кі немесе пәс) немесе анық сәйкес-
тендірілген күй (зерігу, мұң, сағы-
ныш, қорқыныш немесе керісінше 
қызығу, қуаныш, асу, лепіру және 
т.б.) ретінде өтеді. Өзінің көңіл күйін 
бақылай алу, оны саналы түрде жөн-
ге келтіре білу әдістерін табу және 
меңгеру тәрбиенің және өзін-өзі тәр-
биелеудің маңызды міндеттері болып 
табылады. Көңіл күйінің себепсіз ауыт-
қып тұруы, индивидтің үрейшілдік, 
орнықсыздық, эмоциялық секілді қа-
сиеттерімен астасып, патологиялық 
негіздері болуы мүмкін;
2) адамның мінез-құлқында байқала-
тын жалпы эмоциялық жағдай. Көңі-
ліне қарап адамдарды: шат, жайдары, 
жылы жүзді, түсі суық, ызалы және
т.б. деп ажыратуға болады. Көтеріңкі
көңіл күй адамға қуат беріп, бойын
сергітеді, ал уайым-қайғы жабырқа-
тып жібереді. Кейде адамның көңіл 
күйі жалпы өмірге деген қатынасын 
сипаттайды. Көңіл күй сыртқы ор-
тадан туындайды. Мыс., адамның 
қызметі жақсы, ұжымы ынтымақты, 
отбасы жарасымды болса, көңіл күйі
де көтеріңкі болады. Адамның ден-
саулық жағдайы, жүйке жүйесіндегі 
ерекшеліктер де көңілге әсер етеді. 
Тіршілік үшін маңызды да, мәнді 
нәрсе көңілге ерекше із қалдырады. 
Егер көптен айналысып жүрген іс 
оңға басса, не орындалса, онда кісі 
шат-шадыман күйге түседі. Керісін-
ше, кісі сәтсіздікке ұшырап, көздеген 
мақсатына жете алмаса, қиналып ма-
засызданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет