Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет301/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАБІ
ҚАБІ


288
жоғалтуы, жұмысының нәтижелігі-
нің және сапалылығының төмендеуі.
ҚАБІЛЕТТІЛІК ТУРАЛЫ ТЕO-
 
РИЯЛАР – 
психология ғылымында 
қабілеттілік жайлы әртүрлі теория-
лар қалыптасты. Кеңінен тараған 
теориялардың бірі – қабілеттіліктер-
дің тұқым арқылы берілетіндігі, адам-
ның туа біткен психикалық ерекше-
лігі туралы теория. Идеалистік фи-
лософияның атасы Платон қабілет-
тіліктер туа біткен қасиеттер деп тұ-
жырымдады. Ал XVII ғасырда 
Декарттың еңбектерінде туа біткен
идеялар туралы ілім ретінде қарас-
тырылады. Ғылыми психология қа-
білеттіліктердің туа біткендігін жоқ-
қа шығарады. 1875 жылы ағылшын 
антропологі әрі психологі Ф.Гальтон 
«Таланттың тұқым қуалауы, оның 
заңдары және салдары» атты кіта-
бын жариялады.
Ол еңбегінде тарихқа белгілі адам-
дардың туыстық байланыстарын 
зерттей келіп, дарындылық тұқым 
арқылы берілетіндігін дәлелдемек 
болды. Бірақ Гальтонның тұжырым-
дарында ғылыми негіз болмады. Галь-
тонның материалдары бойынша бір-
ден-бір жасауға болатын қорытын-
ды белгілі, бай және білімді адамдар-
дың отбастары интеллектуалдық ең-
бекпен айналысу үшін қажетті са-
паларды дамытуға қолайлы ортаны 
қалыптастыратындығы туралы айт-
қан ойларын атауға болады. Галь-
тонның зерттеуі бойынша атақты 
композитор Бахтардың отбасында, 
мысалы, музыкалык, талант алғаш 
рет 1550 жылы аңғарылды және 
бес ұрпақтан кейін ұлы композитор 
И.С.Бахта талант ерекше аңғарыл-
ды. Бахтардың отбасынан 60-қа тар-
та музыкант шықты, оның ішінде 20-
сы ұлы музыкант болды.
Осыдан жалпы қорытындылар жа-
сайтын болсақ, көп жағдайда ұлы 
адамдардың тұқымдарын зерттеу 
биологиялық тұқым қуалауды емес,
әлеуметтік жағдайлардың қабілет-
тіліктерді дамытуға қолайлы әсер 
ететіндігін аңғаруға болады. Соны-
мен қатар Бахтардың отбасының үл-
гісі музыкалык нышандардың тұқым 
арқылы берілетіндігі туралы негіздің 
орын алатындығын ескерген жөн. 
Оларда бір ұрпақтан екінші ұрпаққа 
есту анализаторларының құрылы-
мы мен іске асуының белгілі ерек-
шеліктері тұқым арқылы берілуі мүм-
кін. Френология ғылымының пайда 
болуы
 
Франц Иосиф Галль (1758-
1828) есімімен тығыз байланысты.
Адамның немесе жануарлардың пси-
хологиялық ерекшеліктері бас сүйек-
тің сыртқы бітімімен байланысты-
лығы туралы ілім. Оның ілімінің 
негізіне бүкіл адамзаттың қабілетті-
ліктері «ақыл» мен «жүректің» бар-
лық сапалары бас мидың жарты-
шарларында өзінің арнаулы орталық-
тары орналасқан. Бұл сапалардың 
даму дәрежесі мидың сәйкесті бөлік-
терінің көлеміне тікелей байланыс-
ты деп түсіндіреді. Бас мида орна-
ласқан орталықтардың әрқайсысын-
да адамның белгілі бір қабілеті шо-
ғырланған. Осы қабілеттілік күшті 
дамыған жағдайда мидың тиісті ор-
талығы да өте дамыған болады. Осы-
ның өзі бас сүйектің бітімінде көрі-
неді-міс. Бұған негізделген арнау-
лы өлшемдер арқылы френология-
лық карта жасалады. Онда музы-
каға, поэзияға, сурет салуға «қабі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   297   298   299   300   301   302   303   304   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет