Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


Қ А Д Ы Р Ғ А Л И Қ О С Ы Н Ұ Л Ы



Pdf көрінісі
бет303/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

Қ А Д Ы Р Ғ А Л И Қ О С Ы Н Ұ Л Ы 
ЖАЛАЙЫР (1555-1607)
. Ол «Жами-
ат-Тауарих» («Шежірелер жинағы») 
дейтін еңбектің авторы. Ол қазақ 
тілінде 1997 жылы «Қазақстан» бас-
пасында жарияланды (көлемі 127 бет). 
Еңбекте ортағасырлық этностардың 
(қазақ, орыс, түркі) сана сезімі, дү-
ниеге көзқарасы, болмыс бітімі, тү-
ҚАДА
ҚАДЫ


290
сінік талғамы, ой өрісі, әдет -ғұрпы 
мен психологиясы мақал-мәтел, на-
қыл сөз түрінде көрініс береді.
Олардың кейбірі: Үй іші иесіне тар-
тады... Патшаның патшасы халықтың 
арқасында... Әр істе сақтық керек... 
Жақсы ат ашта да шабар, тоқта да 
шабады. Атағы шыққан өлмейді, ес-
те қалмаған өледі... Өз жүрегін тазар-
та білген бүкіл елді ұры-қарыдан 
қорғай біледі... Істі дер кезінде орын-
да, кешіккен іс оңбайды... Тозаққа 
жетектеп кіргізетін – тек қана на-
дандық... т.б.
Осынау түйіндердің психологиялық 
астарларын ашу, оны тәлім-тәрбие 
жұмысында тиісінше пайдалану-
дың қажеттігі дау тудырмайды.
ҚАЖЕТТІЛІК 
(қажеттік, қажет, ке-
ректік, мұқтаждық, әсіресе, табиғи 
қажеттер) – өмір сүрудің, тіршілік 
етудің арқауы. Өз тіршілігіне керекті 
нәрсеге ағзаның түрліше қажеттілігі 
болады. Мұқтаждық – адамға, бар-
ық тірі ағзаға тән. Адамның іс-әре-
кеті де қажетін қанағаттандыруға 
бағытталады. Ағзаның мұқтажды-
ғы өзіне әсер еткен нәрсеге артықша 
елеңдеу, тітіркену күйінде көрінеді. 
Елеңдеп тітіркенген ағза сол бағытта 
іс-әрекет жасап, қажеттілігін қана-
ғаттандыруы мүмкін. Ағзаның мұқ-
таждығын қанағаттандыратын қы-
лығы – іштен туылған – шартсыз 
болады. Ағза дамып күрделенген 
сайын, қажеті көбейе түседі.
Адамның қажеттенуі көп қырлы, 
жоғары сапалы, бай болады, ол – тір-
шілік жағдайының заңдарына ба-
ғынады. Адамның бір қажеттілігін 
қанағаттандырып, оның орнына бас-
қа қажеттіліктің пайда болуы оның 
өмір сүруіне, әрекет етуіне өте ке-
ректі шарт болып табылады. Егер 
адам өзінің мұқтаждықтарын қана-
ғаттандырумен ғана тынатын болса, 
онда өмір сүрудің, тіршілік етудің 
айрықша орын алуы мүмкін болмас еді.
Сыртқы ортамен байланыс жасауда 
адамның өмір сүруі үшін ең алдымен 
ерекше маңыз алған материалдық 
тілектер (тамақ, баспана, киім, іс-
әрекет құралдары т.б.) болады. Не-
гізгі материалдық қажеттері біртін-
деп дами келе, қажеттердің жаңа 
тобын – рухани қажеттерді (білім, 
шығармашылық өнер т.с.с.) туғы-
зады. Рухани қажеттердің дамуы –
материалдық қажеттіліктерінің қана-
ғаттандырылуына да байланысты 
болады. Негізінен адамның қажетті-
ліктері саналы әрекетінің нәтижесін-
де біртіндеп қанағаттандырылып, 
өтеліп отырады. Қ-тің өтелу, өтелме-
уі адам психологиясына, оның кү-
йініш-сүйінішіне әсер етеді. Қ-терді 
өтеу арқылы адам тиісті құралдарды 
іздестіріп, солардың көмегімен түрлі 
теориялық, практикалық сипаттағы 
мәселелерді шешуге мүмкіндік 
алады. Өйткені қажеттіліктер – адам-
ның шығармашылық қызметін ту-
дыратын негізгі себептердің бірі 
болып табылады, яғни, ол заттарды 
өз қажетіне байланысты өзгертуге, 
қайтадан жасауға әрекет етеді.
Сондықтан, адамдардың қажеттері –
іс-әрекетінің негізгі мотивтері, яғ-
ни оның психологиясының қайнар 
көзі, бастамасы болып табылады. 
Қ. – әсіресе табиғи қажеттері өмір 
сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, 
табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір 
сүру үшін тиісті жағдайлар болма-
са, адам да, жануарлар да тіршілік 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет