Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ҚАзАҚСТАНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ДАМУ



Pdf көрінісі
бет306/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚСТАНДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕРДІҢ ДАМУ 
КЕзЕҢДЕРІ
ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


293
саласындағы мамандардың ғылы-
ми зерттеу жұмыстарына бағыт-бағ-
дар беріп, оларды үйлестіру, ғылы-
ми жиындар тақырыптарын белгі-
леп, оларға басшылық жасау, елде
жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыста-
рының басын біріктіріп, оларды үй-
лестіру. Сол кездері осындай Одақ-
тық ұйым КСРО Педагогикалық ғы-
лымдар Академиясының, кейіннен 
КСР Ғылым Академиясының жаны-
нан құрылған еді. Ол Бүкілодақтық 
психологтар қоғамы деп аталатын 
еді. Осы қоғамның бастамасымен 
7-ғылыми съезд ұйымдастырылып, 
1966 жылы Мәскеуде Дүниежүзі 
психологтарының ХVIII конгресі өт-
кізілді. Бұларға Қазақстан психо-
логтары да үнемі қатысып отырды. 
Қазақстанда республикалық психо-
логтар қоғамының басшылығымен 
бірнеше ғылыми форумдар өткізілді. 
(Алматы, Шымкент, Целиноград, 
Көкшетау т.б.). Бұлардың ішіндегі 
елеулісі – 1973 ж. Алматыда өткізіл-
ген «Ойлау және қарым-қатынас» ат-
ты Бүкілодақтық симпозиум болды. 
Оның 10-нан астам секцияларында 
одақтас республикалардың әр түк-
пірінен келген психологтардың 150-
ге жуық баяндамалары тыңдалды.
Осы жиынға ғалымдар «Одақ кө-
лемінде өтетін психологтар съезіне 
тең келетін жиын» деп баға берді. 
Қазақстан психологтары қоғамының 
Орталық кеңесі, президиумы екі қа-
лада (Шымкент, Целиноград) об-
лыстық бөлімшелері жұмыс істеді. 
Ғылыми жиындардың материалдары 
«Психология» атты 11 арнаулы томда 
және басқа да ғылыми жинақтарда 
жарияланды. 1991 жылы Қоғам өз 
жұмысын тоқтатты.
Кеңес одағы ыдырағаннан кейін 
егемендігі мен тәуелсіздігін жария-
лаған бұрынғы республикалар өз 
елдерінде дербес ұлттық психолог-
тар қоғамын құра бастады. Қазіргі 
кездегі олардың ең ірілері – Ресей, 
Украина, Грузия психологтар қоға-
мы. Қазақстанда мұндай қоғам әзір-
ше болмай келеді. Мұны ұйымдас-
тыруға бізде толық мүмкіншіліктер 
жеткілікті.
Алматы, Астана облыс орталықта-
рындағы психолог ғалымдардың қа-
тары қауырт өсуде, Абай атындағы 
Қазақ ұлттық педагогикалық универ-
ситетінде психология ғылыми-зерт-
теу институты, әл-Фараби атындағы 
Қазақ ұлттық университетінде акаде-
мик Т.Т.Тәжібаев ат. этнопсихология 
орталығы (1991) жұмыс істейді.
Психология саласында 30-дан астам 
ғылым докторлары мен профессор-
лары бар.
1990-
1991 
жж. 
бастап 
қазіргі 
уақытқа 
дейін.
Посткеңестік 
Қазақстандағы 
психологиялық 
ғылым.
Бұл кезеңде Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде өзінің дербес 
даму жолына түсті. Мұндағы басты ерекшелік ел экономикасының 
нарықтық қатынастарға өтуі болды. КСРО тарағаннан кейін марксизм 
идеясы өмір сахнасынан кете бастады. Бұл фактор республикадағы 
психология ғылымының жаңа бағытта дамуына басты түрткі болды. 
Этно-психологиялық зерттеулер өрістей бастады, университеттік 
білімі бар психологтарды дайындауды қайтадан қолға алды 
(бакалавриат, магистратура), бірқатар ЖОО-ларда психология 
кафедралары, диссертациялық кеңестер жұмыс істей бастады, пси-
хологияның жекелеген салаларының өзекті мәселелері бойынша 
аймақтық, мемлекетаралық, халықаралық ғылыми конференциялар 
жиі өткізіле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет