Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет308/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚСТАНДАҒЫ ПЕДОЛО-
 
ГИЯ
. Кеңес үкіметі жылдарында 
Қазақ республикасы КСРО-ның бір 
бөлшегі болғандықтан, мұндағы бар-
лық рухани өмір, ғылым мен білім, 
әдебиет пен мәдениет марксизмге 
негізделген бір орталықтан бастау 
алып отырды. Олай болса, сол кезде-
гі басқа одақтас республикалар сияқ-
ты, ұлттық идеология деген ұғым сөз 
болудан қалып, рухани тірліктің бәрі 
кеңестік идеологиямен суарылатын
еді. 1928 жылдың қарашасында Ал-
матыда алғашқы жоғарғы оқу орны 
ашылғаны белгілі. Ол кейіннен Абай 
атындағы Қазақ педагогикалық ин-
ституты деп тарихқа енді (қазірде ол 
Қазақ Ұлттық педагогикалық уни-
верситеті деп аталады). Осы оқу ор-
ны ашылған кезде мұнда бар-жо-
ғы үш кафедра бар еді. Олар: қазақ 
тілі мен әдебиеті, қоғамтану және 
педология. Педология кафедрасы-
ның басшылығына сол кездегі Қа-
зақстандағы ағарту саласына таны-
мал болып қалған, Санкт-Петербург-
тегі әскери медициналық академия-
ны 1909 жылы алтын медальмен бі-
тірген Х.Досмұхамедов тағайындал-
ған болатын. Ол проректор қызметін 
қоса атқарып жүрді.
Х.Досмұхамедов педологияның ке-
шендік ғылым екендігін ескере оты-
рып, студенттерге лекция оқуда оны
ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


295
физиология, психология, т.б. ғылым-
дарымен байланыстыра баяндаға-
нын байқаймыз. Халық ағарту ко-
миссариаты арқылы осы институтқа 
Ташкентте жүрген біраз қазақ зия-
лылары шақырылды деп жоғарыда 
айтып өттік. Солардың ішінде Х.Дос-
мұхамедовтың орны ерекше еді. Ол 
кісінің алдын көріп, шәкірті бол-
ған, кейіннен Қазақстан Ұлттық Ака-
демиясының академигі, белгілі түр-
колог Ісмет Кеңесбаев төмендегі 
жәйтті еске түсіреді.
«Институт орналасқан ғимараттың 
екі жақ қабырғасына керілген қызыл 
матаға ақ бояумен кішігірім бала-
ның үлкендігіндей «Қазақ, қырғыз 
тәлім-тәрбие үністеті» (институт сө-
зінің сол кездегі жазылуы) деген арап
қарпімен нақышталған сұлу жазу 
алыстан көзге шалынатыны әлі жа-
дымда. Институтта бізге қазақ тілі-
нен Елдос Омарұлы, әдебиеттен 
Смағұл Сәдуақасұлы, педология, фи-
зиология, анатомия пәндерінен Ха-
лел Досмұхамедов дәріс берді. Сол 
жоғарыда аты аталған жоғарғы оқу
орындарында оқу жоспарында пе-
дология деген пән болатын.
Бұл баланың дүниеге келген күнінен 
бастап есейіп, ержеткенге дейінгі 
дамуын зерттейтін кешенді ғылым 
еді». Жоғарыда келтірілген естелікте 
академик І.Кеңесбаев өз ойын былай-
ша жалғастырады: «Педология ілі-
мін Ресейде Блонский Павел Петро-
вич, Выготский Лев Семенович дей-
тін ғалымдар, ал Қазақстан мен Ор-
та Азияда Халел Досмұхамедов не-
гізін салып, іргесін қалады. Ғалым 
өте кішіпейіл, үлкенге де кішіге де 
ізетті, көп сыр шашып үндемейтін, 
тұйық адам болатын. Институтта 
жазатайым ауырған сырқағандар бола 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   304   305   306   307   308   309   310   311   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет