Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет316/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


303
дықпен жаңа қалыпқа ілесе алмай-
ды. Тұрғын үйдің микроклиматы 
өзгеріп, лас, сыз ауаның әсерінен 
туындайтын ауруларға таза ауада өмір
сүрген адамдардың иммунитеті бұ-
рыннан қалыптаспағандықтан қарсы 
тұра алмайды. Қазан төңкерісінен 
бұрын Ресейге, Мәскеу, Петербургке 
оқуға, қызметке барған қазақтардың 
көбі ел ішінде де, барған жерлерінде 
де материалдық жағдайы жақсы бол-
ғандарына қарамастан көбіне өкпе 
ауруына шалдығып, өліп кеткені 
белгілі.
Бұл қалыпты өмір сүріп жатқан жер-
де басқа елдердің басқыншылығы-
нан, отарлау әрекеттерінен, револю-
циялық сипаттағы әлеуметтік төңкеріс-
терден болған шаруашылық құрылым-
дағы шұғыл өзгерістерді этнос бірден 
қабылдай алмайды. Ж. Аймауытов 
пен М. Әуезов мақалаларында жиі 
айтылатын бұл жағдай қазақ этно-
сына өте ауыр тиді.
Сан ғасырлардан бері қалыптасқан 
көшпелі мал шаруашылығының дағ-
дылы барысына шұғыл өзгерістер 
келіп, мал жайылатын өрістердің ор-
ны өзгеріп, көшіп-қонудың қалып-
тасқан рулық, аталық, ауылдық жүйе-
сі бұзылып, зорлықпен атқарыла 
бастаған отырықшыландыру әрекеті 
қазақ халқының бүкіл тіршілігін ас-
таң-кестең етті. Үйірі, отары бөлек 
малды жөнсіз шоғырландыру, шаруа 
жүргізу жүйесінің ойсыз, дәлелсіз 
орталықтандырылуы қалыптасқан 
шаруашылық құрылымын бұзып, мал 
басының күрт азаюына әкелді. Малға 
жеке игілік ретінде қарап үйренген 
этнос бірден «ортақ» малға мүдделі 
қарайтын этносқа айнала алмады, 
берілген уақыт шегінде айналуы мүм-
кін емес еді.
Көшпелі қазақ халқы отырықшы эт-
ностаға үйреншікті үй-жайды, қора-
қопсыны да қажетті деңгейде сала 
алмады. Бақташылықпен айналысқан 
этнос егіншілікті бірден алып кете 
алмады. Бұл, қазіргіше айтқанда «шо-
ковая терапия» болатын. «Қанды 
терапия» деп айтса да тіпті дәл ке-
леді. Бұл «қанды терапия» ақыры 
1932 жылдың зұлматына, адамзат та-
рихындағы ең қырғын ашаршылық-
қа әкелді. Әрине Ф. Голощекинның 
«Кіші октябрь» саясаты мақсатты түр-
де іске асырған елді азықсыз қалды-
ру қылмысы үлкен әңгіме. Ж. Аймауы-
тов пен М. Әуезовтың этнопсихоло-
гиялық тұжырымдары ХХ ғасырдың 
алғашқы он жылдықтары үшін де, 
қазіргі кезең үшін де өте бағалы ой-
лар. Қоғамдағы революциялық сипат-
та болып жатқан өзгерістерді этнос 
теориясы, ұлттық психологияны 
ерекше әсерлермен бағалаған алғаш-
қы қазақ зерттеушілері ретінде осы 
авторларды атауға толық негіз бар.
Сонымен қатар қазақ этносының 
ұлттық ерекшеліктерін тарихи даму, 
тарихи өзгерістер аясында терең 
пайымдап берген. Қазіргі кездегі осы 
қазақтарға беретін бағаланымды да, 
жәйттерді де ескерген өте орынды.
(мақала «Қазақ әдебиеті» газетінің 
№34, 07.08.2009 жылғы санында 
жарияланған)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет