Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет319/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ 
ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ТАРИХЫ. 
Жан (психика) құбылыстары туралы 
әр кезде өмір сүрген қазақ ойшыл-
дары да сонау ерте кезден бастап-ақ 
аз айтпаған. Асанқайғы, Шалкиіз, 
Мұхаммед Хайдар Дулати, Өтебой-
дақ Тілеуқабылұлы, Ақтамберді, Бұ-
хар, Шал, Дулат, Махамбет, т.б. ақын-
жыраулар мен ғұлама-ойшылдар-
дың шығармаларында көшпенді ата-
бабаларымыздың жан дүниесі әр 
қырынан сөз болғаны байқалады. Қа-
зақ топырағында жан мәселелері жай-
лы XX ғасырдың басында өндірте 
жазған адамның бірі – Жүсіпбек 
ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


306
Аймауытұлы (1829-1931). Жүсіпбектің 
тәлім-тәрбие тақырыбында жазған 
еңбектерінің ішінде «Психология» 
деп аталатын көлемді еңбек айрық-
ша атауға тұрарлық. Өйткені бұл –
бүкіл кеңестік түркі тектес халықтар 
тіліндегі сол кездегі бірден-бір төл 
туынды.
Қырқыншы жылдарға дейін әзір-
байжан, өзбек, түрікпен, қырғыз, баш-
құрт, татар т.б. тілдерде мұндай ең-
бектердің болмағанын ескерсек, осы
басылымның бағасы ерекше арта тү-
седі. Петербургтегі әскери-медици-
налық академияның түлегі Халел 
Досмұхамедов (1883-1939) Алаш 
қозғалысының белсенді қайраткері 
болумен қатар, әртүрлі ғылым са-
ласында (медицина, физиология, та-
рих, әдебиет, психология, т.б.) өзін 
үлкен биіктен көрсеткен тұлға еді.
Ол қазақ этнопсихологиясының ірге-
тасын қалаушылардың бірі болды. 
Оның «тіл – жұрттың жаны. Тілінен 
айырылған жұрт – жойылған жұрт... 
Өз тілін білмей тұрып, жат тілге 
еліктей беру – зор қате» деуі қазіргі 
кездегі мемлекеттік тілді өркендету, 
дамыту мәселесімен ерекше үндесе-
тіні хақ.
Осы кезде ғұлама ақын М.Жұмабаев 
(1893-1937) «... қазақ баласының 
тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы 
мақұл» дейтін аталы сөзін өзінің «Пе-
дагогика» атты кітабындағы пси-
хологиялық түйіндердің негізгі арқа-
уы етті. 1923 жылы Орынборда В.Я.
Струминскийдің (1880-1967) «Пси-
хология» атты көлемді еңбегі жарық 
көрді. Сол жылы Ташкентте П.Н.Ар-
хангельскийдің «Мектептегі психо-
логиялық зерттеулер» деген еңбегі, 
Н.Құлжанованың «Мектепке дейін-
гі тәрбие», Ғ.Қарашевтің «Педаго-
гика» атты төл туындылары жарық 
көрді. 1935-1948 жылдар арасында 
Семейде қызмет еткен белгілі орыс 
психологі А.П.Нечаев (1870-1948) 
«Психофизиологиялық синдромдар 
жүйесі» (1940), «Психология» атты 
оқу құралын жазды. 30-40 жылдары 
психологияға қатысты зерттеулерді 
қазақ ғалымдары да (Ш.Әлжанов, 
С.Балаубаев, С.Қожахметов, Ә.Сы-
дықов, Т.Тәжібаев, А.Темірбеков, т.б.)
жүргізіп келді. Соғыс жылдары елі-
мізде қызмет еткен профессор Г.С.Кос-
тюк, профессор В.Я.Резник, профес-
сор П.М.Рубинштейн т.б. респуб-
ликадағы психология ғылымының
дами түсуіне жәрдем етті. Қазақстан-
дағы психология ғылымы, әсіресе,
Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар-
да елеулі қарқынмен дами бастады.
Мәселен, 1946 жылы Қазақ педаго-
гикалық институтында (қазіргі Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогика-
лық университеті) тұңғыш рет психо-
логия кафедрасы, 1947 жылы Қазақ 
университетінде логика және пси-
хология мұғалімдерін даярлайтын 
арнаулы бөлім ашылды. 1951-1953 
жылдары осы бөлімді жүзден астам 
түлектер бітіріп шықты. Бұлардың 
көпшілігі психология мамандығын 
иеленіп, еліміздің оқу орындарында, 
ғылыми мекемелерде қызмет ете 
бастады.
Осы жылдары республика үшін пси-
хологтар даярлауда профессор Т.Т.Тә-
жібаев (1910-1964) пен профессор 
И.Л.Стычинский (1896-1969) зор 
үлес қосты. Елуінші жылдары Қазақ-
станның өзінде психология ғылы-
мынан бірнеше диссертация қорғал-
ды (Е.Суфиев, АТемірбеков, М.Мұ-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   315   316   317   318   319   320   321   322   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет