307
қанов т.б.). Соңғы 50
жыл ішінде
көптеген ғылыми еңбектер, оқулық-
тар мен оқу құралдары жарық көрді.
Солардың қатарына М.Мұқановтың
«Ақыл-ой өрісі», Қ.Жарықбаевтың
«Қазақ психологиясының тарихы»,
Т.Жүкештің «Ұлттық психология-
ның сипаты», Р.Илешованың «Ме-
дициналық психология», Ә.Алдамұ-
ратовтың «Қызықты психология»,
Ғ.Досболов-тың «Алдын ала тергеу-
дің психологиясы» т.б. толып жатқан
еңбектерді жатқызуға болады. Пси-
хология тақырыбына арналған бір-
неше ғылыми конференциялар (1962,
1973, 1990, 1994, 1996, 1998, 2000-
2005 жж.) өткізілді. 1988 жылдан
бастап елімізде психологтар даярлау
жаңа қарқынмен қолға алынды. Қа-
зіргі кезде әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінде, Абай атын-
дағы
Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінде, сондай-ақ Алматы,
Атырау, Тараз, Қостанай, Петропавл,
Семей, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан
университеттерінде психологиядан
бакалавр мен магистранттар даяр-
лануда, орта мектептерде «психолог»
мамандығының
штаты енгізілді,
ҚазҰУ-де академик Т.Т.Тәжібаев
атындағы этнопсихология орталығы,
Алматы облыстық «Ұлттық тәлім-
тәрбие» қауымдастығы (1991-2001)
ондаған психология кафедралары
жұмыс істейді.
Қазіргі кезде психологиялық зерт-
теулердің кешенді тақырыптары қол-
ға алынып,
оларды ұлт өміріне
орайластыра жүргізудің маңызы ар-
тып отыр. Осы тұрғыдан келгенде,
ауыл-село мектептерінің әлеуметтік
психологиялық
мәселелері, мал ша-
руашылығына қажетті мамандардың,
сондай-ақ, жаңа типтегі лицей,
гимназия, колледж, медресе шәкірт-
терін оқытып, тәрбиелеудің психо-
логиялық
проблемалары, талантты,
дарынды оқушылардың өзіндік
психологиясын, қостілдік пен көптіл-
діктің психологиялық астарларын
зерттеу, нарық экономикасына көшу-
ге байланысты туындайтын сан алуан
психологиялық жайттар алдағы жер-
де өз шешімін күтіп
тұрған өмір-
шең ғылыми мәселелер болып табы-
лады. Ортағасырлық қазақ ғалымы
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-
1483) жан туралы пайымдаулары
ерекше назар аудартады. Оның бас-
ты еңбегі «Шипагерлік баянда» көп-
теген психологиялық ұғымдар (түй-
сік, ойлау, сөйлеу, қиял, дағды т.б.)
туралы қызықты мағлұматтар бар.
Ол өзінен бұрын өмір сүрген ұлы
ғұламалардың (әл-Фараби, Жүсіп
Баласағұн т.б.) жан туралы түсінікте-
ріне сүйене келіп, бүткіл тіршіліктің
басқарушы, реттеушісі жүрек дейді.
Сөйте
тұра жан құбылыстарын бас-
қаруда мидың атқаратын рөлін де
жоққа шығармайды. Оның адам есіне,
ойлауына байланысты айтқандары
ғылыми тұрғыдан дәйекті де наным-
ды. Мәселен, оның пікірінше ес –
көрген, естіген нәрсені жадында сақ-
тау үшін аса қажет. Адам тез аңғар-
ғыш, байқағыш және есте қалдырғыш
болуы тиіс («... тез, шапшаң, жеткілік-
ті аңғарып, ойға қонымды,
көңілге
толымды, өте нанымды, бүге-шегесі-
не дейін ойда сақтау»).
Автор есті дамыту үшін көптеген
тау-тас, жер-су және жан-жануарлар-
дың аттарын жаттап алудың қажет-
тілігіне үлкен мән береді. Адамның
есте сақтау
қабілетінің ойдағыдай
Достарыңызбен бөлісу: