Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет317/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ МІНЕз 
БІТІСТЕРІ – 
бұл өте күрделі, әлде 
де толық зерттеліп, шешімін таппай 
келе жатқан мәселе. Осы жайтты жақ-
сы аңғарған Н.Назарбаев былай де-
ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


304
ді: «Менің ойымша, қазақтардың қай-
таланбас этикалық, психологиялық 
әлемі әлі жете зерттелмей, зерделен-
бей жатқан тылсым дүние». Ғасырлар 
бойы көшіп-қонып жүрген халық өзі
өмір сүрген ортаның әлеуметтік-эко-
номикалық жағдайларына, мәдение-
ті мен тарихына, табиғатына орайлас 
жас буынға тәлім-тәрбие берудің ай-
рықша талап-тілектерін дүниеге әкел-
ді. Мәселен, бұлар жас адамның жұрт-
қа танымал моральдық-психология-
лық нормасын «сегіз қырлы бір сыр-
лы» делінетін қанатты нақыл сөздер-
мен қисындады.
Осынау аталы сөздердің мән-мағы-
насы мыналар еді: көшпелі мал ша-
руашалығын жете игеру; еңбек сүй-
гіштілікпен қиыншылыққа төзе білу, 
ел намысын қорғау, жаудан беті қайт-
пау, ата-тегін жадында сақтау, сөз 
асылын қастерлеу, тапқырлық пен ал-
ғырлық, ат құлағында ойнау, ата сал-
тын бұзбау (жасы үлкенді сыйлау, 
құдайы қонақтың меселін қайтармау, 
көрші хақын жемеу, т.б.). Көшпелі 
өмір тіршілігі қара күшке мығым, 
қиыншылыққа төзімді, құбылмалы 
табиғат жағдайына тез икемделгіш 
болуымен бірге, жан-дүниесі жағы-
нан да жетілген, кемел адамдарды 
қалыптастырады. Үйде де, түзде де 
бала ес білгелі бастап із кесіп, жол 
қарап, жұлдыз санап өсті. Олардың 
көзі қырағы, құлағы сақ, қиялдағы-
ны шалатын болады. Аң аулап, мал 
бағып, күнделікті күйбең тіршілікпен 
жүрсе де, жас өскін ақынның сөзін, 
жыраудың жырын, әншінің әні мен
әуенін қалт жібермей тыңдап, ел ау-
зындағы ұтымды мақал мен мәтелді 
ертек пен жұмбақты, терме мен ше-
жірені жадында сақтап, халық да-
налығын өзіне рухани азық етіп 
отырады.
Әрдайым көшіп-қонуға дайын отыр-
ған қазақтар үшін аң-құс аулау, мал 
күзету, жау түсіру – тұрмыстың дағ-
дылы машығына айналады. Әрбір 
көшпенді әрі жауынгер, әрі малшы, 
әрі шаңырақ иесі болып саналады. 
Осы айтқанымыздың дәлелі болып 
табылатын кейіннен мақал болып 
кеткен «Өнерді үйрен де жирен», 
«Жігітке жетпіс өнер де аз», «Шебердің 
қолы ортақ», «Жауда жүрсе ат ойнат-
қан батырым, үйде жүрсе құрт қай-
натқан батырым» сияқты бес аспап 
адамның психологиясы жайлы қанат-
ты сөздер біздің заманымызға дейін 
жетті. Көшпелі қауым бірін-бірі жақ-
сы білді, әр адамның қадір-қасиеті, 
оның жасына, жол-жоралғысына, 
әлеуметтік ортадан алатын орнына 
қарай белгіленіп отырды.
Мұндай қауымдастық адамаралық қа-
тынасты қаршадайдан көріп өскен 
бала да өсе, ержете келе ортақ мүд-
делікті, көзқарас сәйкестілігін, кісілік 
белгісін түсініп, жеке бастың өзіне 
бұра тартуына мүмкіндік бермеді. 
Психологиялық тұрғыдан «бірауыз-
дан» болып қауымдасқан жандар үне-
мі өздерінің рулық одағына етене 
сіңіскен салттар мен дәстүрлерді ұс-
танды. Осыған орай көшпелі тұрмыс 
тәліміне лайықталған бата беру, ант
ішіп ақталу, айтысқа, дау-дамайға 
төрелік айту сияқты этностық тап-
таурындар (стереотип) кең өріс алды. 
Әрине осы топтық санамен бірге 
әркімнің жеке басының әлеуметтік 
және биосфералық факторларға орай-
лас жеке-дара, жас, жыныс ерекше-
ліктерінің де болатындығы еске алын-
ды. Мәселен, көшпелі халық қыз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет