Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет314/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


301
рін атап көрсеткен жазушы өз кезін-
дегі туған халқына келгенде мүлде 
басқаша бағытқа түседі.
Халыққа кері әсер етуші сырт күш 
ретінде отарлаушы ел Ресейдің әкім-
шілік билеу жүйесін айыптайды. 
Автор «Қазақтың ұлттық қалпы 
өзгерді. Тірлігі, мақсаты басқа, ниеті
шалғай, суық бауыр жаттың қолына
тиді. «Қазаншының еркі бар, қайдан 
құлақ шығарса» деген халге ұшыра-
ды. Кемеңгер билердің заманы құ-
рып, адамды мал мен пұлға сатып 
алатын заманға килікті», – деп, Ре-
сей отарлап алғаннан кейін бағы-
нышты, «тыныш» күйдегі қазақ хал-
қының бірнеше ғасырлық еркін, жа-
уынгерлік сипаттағы өмірден қалып-
тасқан ірі мінездерден айырыла бас-
тауының себептерін талдаған. Әсі-
ресе, отарлаушы ел орнатқан әкім 
(болыс, аға сұлтан) сайлау жүйесі-
нің, «партияның» халықты аздырып 
бара жатқанына өкінеді. Өткен кезең-
дегі қазақтың ірі мінездерінің орны-
на енді «ұрлық, зорлық, қорлық, өті-
рік, өсек, алдау, қулық, сұмдық, ай-
дату, байлату, кісі өлу – рақымсыз-
дық, жалған мақтан, ынсапсыздық, 
тұрақсыздық, жалқаулық» сияқты 
қасиеттердің үдеп, өсіп бара жатқа-
нын, бұрынғы батырлардың ауыл-
үйдің арасындағы ұрлыққа былға-
нып жүргенін, бұрынғы бидің ұсақ-
танып сатыла бастағанын халықтың 
әлеуметтік өзгерістерге берген «жа-
уабы» ретінде көрсетеді.
«Қазақ ішіндегі партия неден?» атты 
мақаласында бұл ойларын әрі қа-
рай нақтылай, дамыта түседі. «Қазақ 
халқы қысымсыз, еркін өскен таби-
ғатына лайық өскен жауынгер мінез-
ді келіп, билеу тәртібінде қысым қа-
руы көп орыс қолына тиді... Халық-
тың бетіндегі бұрынғы келе жатқан 
жауынгерлік мінез қаққы көріп, өмір 
жолынан шығып қалды», – деп, ха-
лықты аздырушы күштің атын тіке-
лей атап, «ездікке мінген кең, салақ, 
сөзуар» мінездің шығу төркінін анық-
тай түскен. Мұнымен қатар, қазақ, 
халқының өміріне ене бастаған тұр-
мыстағы жаңалықтар, отырықшы 
тұрмыстың белгілеріне сын көзбен 
қарап, қысы-жазы ауасы таза киіз 
үйде ыстық-суыққа шынығып өскен 
қазақтардың қыста жер үйлерге кі-
ріп, ылас, сыз ауадан аурулы бола 
бастағанын, саушылығы аз денеде 
кеселді мінездің тез орнығатынын 
байыптайды. Авторлар мұндай ой-
ларын халқының болашағын ойла-
ғанның ұлтшылдық, ағартушылық 
мақсаттары тұрғысынан айтып отыр. 
Жазушының жоғарыда аталған 
мақалаларының астарында, кей жер-
лерінде ғасырлар бойғы еркін көш-
пелі өмір, кең дала, тұрмыс сипаты, 
ішкен асы қалыптастырған қазақ 
халқының жақсы қасиеттері – кең қол-
тық қонақжайлығы, жұмсақтығы, кең 
пейілі, ұшқыр ойлы дарындылығы
да көрсетіліп отырады.
Адамтану саласындағы ғылымдарда 
(анатомия, физиология, медицина
этнопсихология, т.б.) ішкен асы бе-
локқа (ет, сүт тағамдары) бай, бос 
уақыты мол адамдар тобының ой 
ұшқырлығы (реактивтік) ерекше бо-
латынын дене күші, ептілігі, жыл-
дамдығы жоғары деңгейде екенін 
дәлелдеген. Керісінше, еңбегі ауыр, 
уақыты аз, ішкен асы негізінде өсім-
діктен тұратын халықтардың шы-
дамды, табанды келетінін айтады. 
Осының бір қарапайым мысалы –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет