Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев


ҚАзАҚТАНУ –  ҰЛТ ПСИХОЛО-



Pdf көрінісі
бет311/644
Дата01.03.2023
өлшемі11,21 Mb.
#170587
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   644
Байланысты:
b51b9b89e1b6b84ef8ef8f36547c93bb

ҚАзАҚТАНУ
– 
ҰЛТ ПСИХОЛО-
 
ГИЯСЫНЫҢ өзЕГІ
. Ғасырлар 
толқынында мың өліп, мың тірілген 
(Жоңғар шапқыншылығы, патшаның 
отарлау саясаты, кеңестік кезеңдегі 
қуғын-сүргін, сұрапыл соғыс, социа-
лизм тұсындағы озбырлық, т.б.) хал-
қымыз егемендігі мен тәуелсіздігіне
ие болған соң ғана өзін-өзі тани бас-
тады. Осындай жағдайда қазақтану 
атты жаңа ғылыми бағыт дүниеге кел-
ді. Қазіргі кезде қазақ халқының тари-
хы мен мәдениеті өзіндік қайталан-
бас ерекшелігімен әлемдік деңгейде 
танылуда. Ата-бабаларымыз өз тари-
хы мен мәдениетін жасады. Бұл бұ-
рынғы қазақы ерен тұлғалардың қа-
лыптасу, даму және жетілу жолдары. 
Қазіргі жас ұрпаққа қазақ халқы ту-
ралы не айтар едік?
Сіз бен біз қай бағытта түлеудеміз? 
Бүгінде әркім өзінің қазақтығын әр
деңгейде қабылдайды, біреулер жас-
қанып, енді біреулер мақтанып де-
ҚАзАҚ
ҚАзАҚ


298
гендей. Осы сұраққа жауапты бей-
жай, сондай-ақ сергек сезіммен ай-
татындар да баршылық. Енді бізге 
нық бағыт ұстайтын, өмірде біржақ-
ты болатын кез келді. Еліміздің та-
биғи байлығы, өлшеусіз молдығы 
арқылы тану бұдан бұлай жеткілік-
сіз. Таяу аралықта Қазақстанның ба-
қуатты елге, күшті державаға айна-
луына сеніміміз мол. Оған ұлт бірлі-
гі, ел тұтастығы, қажырлы еңбегі 
нәтижелі іс-әрекеттері керек.
Жас өскін, енді сен өзіңнің туған же-
ріңде, сол азаматтық кемелетке ену-
десің. Сен жаңа ортада нарықтық 
қоғамда жаңа талап пен сұранысқа 
лайықты қауымдаса біліп, өсіп-өр-
кендеуің қажет. Десек те, азаматтық 
сатыға, тұлға болуға әркім өзінше 
көтеріледі. Адами қасиеттерін өзінше 
дәйектеп, көрсетеді. Ұрпақтың ұла-
ғаттылығы мен үлгілері олардың са-
бақтастығында. Қазақ жері мен елі-
нің иесі болу үшін қазақ болу қажет 
десек, қателесе қоймаспыз. Кім осы-
лайша ойлайды, осы дәстүр-салтты 
қабылдайды, гәп осында. Бұл жерде 
алдымен өз елі мен жерін сүйетіндер 
соған қызмет ететіндер, Отанның
ұлы мұрат-мақсаттарын жоғары тұ-
татындар бірінші сапта тұратындары 
хақ. Ердің естілігі, елеулі ортаның 
берекесі, елдің бірлігі секілді құн-
дылықтар мен іс-әрекеттер арқылы
осы айтылғандар біртіндеп қалып-
тасады да кейіннен өз бағасын алады.
«Отан – елдің анасы, ел – ердің ана-
сы» деген қағидаға сүйенеді. Сол 
ережені орындайтын да, жүзеге асы-
ратын да – сіз бен біз. Осынау үрдіс-
тің ережесін батыр ағаларың Бауыр-
жан Момышұлы: «Ежелден ер тіле-
гі – ел тілегі. Адал ұл ер боп туса – ел 
тірегі», – деп түйіндеген. Қазақ бо-
лу – өзгеден жіктеліп, бөліну немесе 
оған қарсы болу емес. Керісінше, өз-
гемен, өнері, өнегесі басқа жанмен 
танысып, тіл табысуына жарасу. Бұл 
адамзаттың да, төл халқымыздың да 
үйреткені мен үйретері. Үйренеріміз –
Қазақстанның мемлекеттігін, ұлттың 
дербестігін және тұтастығын, халқы-
мыздың имандылығы, әділдігі мен 
инабаттылығын нығайтуға келіп ті-
реледі. Адамның жеке басының жеті-
луі, оның күш-қуатының әлеумет-
тенуіне жету үшін жеке болмыстың 
бейнесі мен белсенділігін қалыптас-
тыру керек. Үзеңгінің осындай екі
жағына табан тіреген адам азамат-
тығын арттырады, өмірге сеніммен 
қарайды, жақсылық пен жақындық-
қа жарайды. Қазақ өзін де, өзгені 
де ойлау адамдықтың белгісі дейді. 
Адамдықтың сырын ұғар, қырын 
қабылдар озық ой, тіпті ұлттық дәс-
түрді сараптайтын, ұлттық тәрбиені 
баптайтын білім керек.
Білім саласында озық ойға тоймай-
тын, одан ұлттық салт-дәстүріміз өр-
кендей берсін. Бұл орайда біреулер 
дүние жалған, құбылмалы деп, оның 
тұтастығын ескеруді мақсат тұтады, 
енді бірі – жеке қыры мен сырын 
қарастыруды жөн санайды. Тұтастық-
тұрақтылық, жеке қырға шығу – жақ-
сы қасиет. Жас ұрпақтың ел-жұрты,
ұлт намысы туралы түсінігі әрқалай 
болса да, осы жолдағы ізденіс пен 
бағытының тұрақты болуы шарт. 
Әлеуметтік және жеке бастық тұрақ-
тылықты бүгінде ұлттық болмыстан, 
ұлттық тәрбиеден, ұлттық тілден 
іздестірудеміз. Ол дегеніміз шәкірт 
атаулының көкірек көзін ашатын 
адамдық және ұлттық тәрбиені же-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   307   308   309   310   311   312   313   314   ...   644




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет