294
ҚАзАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИзМ
–
тамыры
тереңде келе жатқан адам-
ның жан-дүниесінің әр түрлі жақ-
тарына, жықпыл-жықпылдарына (ой,
ақыл-парасат, сезім-эмоция, мінез-
темперамент т.б.) түгелдей әсер ете-
тін аса уытты психологиялық құбылыс.
Патриоттық
сезімнің мән-мәнісін
академик-психолог Т.Т.Тәжібаев ке-
зінде былай деп тұжырымдаған еді:
«...Өз Отанын, өз халқын, өз тілін,
халықтың тамаша ұлттық дәстүрле-
рін жалынды жүрекпен сүйген... өзі-
нің Отанға деген сүйіспеншілігін сөз
жүзінде емес, іс жүзінде
көрсеткен
адам ғана нағыз патриот саналады».
Қазіргі кезде патриотизм тәрбиесі аса
өзекті мәселе болып отыр. Бұл әсіре-
се қазақ халқына аса қажетті қасиет.
Патриот болу – ұлт үшін ел болу,
болмау мәселесіне барабар нәрсе.
Патриотизмнің қатыспайтын сала-
сы жоқ. Нақтылап айтсақ өз елімізді,
жерімізді қорғау үшін де патриотизм
қажет. Ұлан ғайыр кең даламызды
ақбілектің күшімен, найзаның Ұшы-
мен, жалаң кеудесімен қорғаған ата-
бабалар ерлігін еске алып, жас ұрпақ-
ты тәрбиелеп, бұған тәубе ету керек.
Ана тілді көздің қарашығындай сақ-
тау бұл да патриоттық сезім. Мем-
лекеттік тілді білмеуді –
азаматтық
сана-сезімінің төмендігіне балап, на-
мыс көру де патриоттық іс.
Еліміздің қорғаныс күшін арттыру
азаматтық жауапкершілікті қалып-
тастыру,
осы айтылғандардың бар-
лығы патриоттық, Қазақстандық пат-
риотизм деген сөз. Қ.п. еліміздегі
130-дан астам этностардың демо-
кратиялық дүниетанымға,
өнегелі-
лікке, адамгершілік пен иманды-
лыққа, бүкіләлемдік адамзат пайда-
ланатын
принциптерге, бөтенді жа-
тырқамайтын қазақы ұлттық мента-
литет пен дәстүрге негізделген. Қазақ
жерін барлық сан алуан этностардың
шынайы
Отанына айналдыру, тілін,
дінін, ділін дамытып, әлемдік өрке-
ниет жолына салатын күшті
құрал
идеология мен саясат.
Достарыңызбен бөлісу: